М. К. Ахметова Мәтін лингвистикасы



Pdf көрінісі
бет5/216
Дата07.02.2022
өлшемі4,98 Mb.
#89870
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   216
Байланысты:
Ахметова М.К Мәтін лингвистикасы

Қара сөзбен берілген ойымызда сөйлемдер өзара тыгыз
башанысып, күрделі синтаксистік дүниелер құрайтын болса, өлеңде
оның тармақталуына, тармақтардың ұйцасуына, әсіресе, өлецнің
шумақтарга бөлінуіне ңарай ондагы сөйлемдердің бір-бірімен
топтасуы тіпті күшті болады: өлеңдегі сөйлемдер өзіне тән эр
12


алуан тэсілдермен берік жымдасып, «цемеиттеліп» қалады. Демек,
өлеңді фразаны, не сөшемді немесе сөйлемдер тіркесін тапдаганда,
старды ңарстайым (цара сөздегі) синтаксис категорияпарына қарай
бұтарлай салуга болмайтындыгы былай түрсын, өлең синтаксисін
өзіне тзн тәсілдерді қоса цамтып зерттеуге мэжбүрміз.
Беріліп отырған күрделі фразалық тұтасымдағы мазмүн оқырман 
қауымға түсінікті. Мұнда өлең шумақтарының қарапайым сөйлем 
тізбегімен салыстырғаңда ерекше кұрылатындыктан, омьщ синшксисін 
жанряық сипатына (поэзия ерекшелігіне) сәйкес талдаудың кажеттілігі 
туралы айтылған. Демек, екі сөйлем арқылы ұйымдасқан бұл шағын 
мэтін қатысымдық қызметті аткарып, аякталған ойды білдіріп тұр. Бұл 
микромәтінде тұтас монографияда қамтылған көптеген сан салалы 
ойлардың бірі ғана апынғандықтан, мағына дербестігі шартты түрде 
алынады. Әйтсе де осы іспеттес күрделі фразалык түтасымдарды мэтін 
ретінде танып, талдауымызға болады. Өйткені бүтіннің сипаты 
белш ектердің ерекш еліктерін талдап, жинақтау нәтижесінде 
аныкталады.
Ал мэпгін лингвистикасында калыптасқан жоғарыдағы пікірлерге 
суйенетін болсақ, бір ғана сөйлемнен (айтылыстан) тұратын мәтінді 
мэтін ретіндетануға басты себеп - оньщ катысымдык қызметі. Сыртқы 
керінісі бір ғана сөйлемге сэйкес келетін мәтіннің беретін хабары 
анағұрлым ауқымды болуы мүмкін. Өйткені мэтін авторының 
ұстанымына сэйкес оның айтайын деген ойы бір сөйлем көлемінде 
аякталады. Мысалы: макал-мәтелдер, жарнама мәтіндері т.с.с. Мәтінді 
тудырушы қабьшдаушысьша ерекше эсер ету мақсатында айтайын 
деген ойьш тілдік қүралдар арқылы эксшіицитті түрде бермегендіктен, 
мәтін бір сөйлем түрінде қүрылады. Аз сөзге көп мағына сыйдыратын 
казак халқының философиялық ой қорьггындылары мақал-мәтелдерде 
бір-ақ сөйлеммен беріліп, бірнеше сөйлемдер тізбегін қамтитын ойды 
бойына жинактап тұрады. Мақал-мәтелдер - шындык болмыс туралы 
күрделі ойларды, хабарларды тілдік бірлік аркылы ықшамдап 
жеткізудің бірден-бір формасы. Бүдан макал-мәтелдердің ерекше 
қатысымдық-прагматикалық қызметке ие екендігін аңғарамыз. 
Академик Ә.Қайдар «Халық даналығы» еңбегінде бір-екі сөйлемнен 
тұратын мақал-мәтелдердің мэн-мағыиасын ашып түсіндірген. Ягни 
бір сөйлемнің мәнін тілдік бірліктер арқьшы эксплицитгі түрде мэтін 
арқылы берген: 
М ал арыстанның аузында, түркіменнің түбінде.
ауыс. Қазақтың өткен өмірінен қалган сөз: жогаман малды іздеп
табудан қиын, ал оны ізіне түсіп, тапқан күннің өзінде қайтарып
13


any одан да қиын болгандыгын аңгартады. Малды ұрлаган адамныц
қанары мен ңатаңдыгы арыстанның азулы аузына бапанып, одан
өз малый жанын аямайтын жансебіл адамның гана ажырата
алатынын аңгартса, көрші отырган ел үры-царыларының цолына
түскен малды өздерінің ішкері жагына апарып, «түркімен» деп
аталган (көне сөз) цалың жыныс, may шатқалдарының арасындагы
сай-шүцңырлардың, mac үңгірлердің ішіне сіңіріп, індетіп жіберетін
әдетінен малын таба алмай қалатын казак, жайын аңгартады
/17, 
428/. Демек, 
Мал арыстанның аузында, түркіменніц түбінде
деген 
сөйлем-мәтін ойдыңтолыкгығын эрі аякталгандығын білдіреді.
0.Москальскаяның еңбегінде бір сөйлемнен түзілген мэтінге 
«Өрт!» («Пожар!»)
деген мысалды берген. Шынында да, сондай 
қарбалас жағдай туындаған кезде, бірнеше ойлардың тізбегін бір сөзді 
мэтінді қолдану арқылы жеткізетін жағдайлар ұшырасады. Оны 
эксплицитті түрде былайша беруге болар еді: 
Өрт! Өрт! Тезірек
көмекке келіңдер. Іште кішкентай балалар бар. Тезірек! Өрт
сөндірушілерге хабарлаңдар. Су әкеліңдер. Жел күшті. Өрт жан-
жақты шарпып кетпесін. т.б.
Не болмаса Н.Құрманова, К.Мухлис 
бір сөйлемді мәтін түріне 
«Дат!»
дегенді мысал ретінде алады /18/.
Осы іспеттес мысалга қазақтың танымын бейнелейтін, оның 
тұрмыс-салтымен, әдет-ғұрпымен байланысты 
«Суйінші!»
деген 
сөйлемді мэтін түрінде алып қарауымызға болады (өзге ұлт өкілдері 
үшін бұл сөздің мән-мағынасы түсініксіз болуы мүмкін). Бұл сөздің 
астарында толып жатқан хабарлар тізбегі бар. Бұл мәтінде басы артык 
сөзді қолданбай-ақ екі түрлі мағынаны ұғынамыз: біріншіден, жақсы 
істің жүзеге асуы, жақсылық хабар; екіншіден, сүйіншіні жеткізіп 
отырған сол адамға берілетін сый-сыяпат. Алайда бүл жерде қандай 
куанышты хабар алынып отырғаны сол жағдаймен таныс адамдарға 
белгілі. Ол жаксылык алыстан күткен адамның келуімен байланысты 
ма, баланың дүниеге келуі ме, не басқапай қуаныш па. Қалай болғанда 
да, асыға хабар күтіп отырған адамға осы сөз-мәтін жағымды эсер 
туғызып, белгілі бір хабарды, жақсылық хабарды жеткізері сөзсіз.
Мэтін бірнеше сөйлемдерді ң тізбегінен кұральш, күрделі аяқгалған 
ойды білдіреді. Ал бір ғана айтылыстардан тұратын сөйлеу туындылары
- мәтіннің ерекше түрі ретінде танылады. Мәтін - аяқгалған толық 
мазмұнды білдіретін қарым-қатынастың, эсер еіудің ерекше бірлігі. 
Ол - хабарды сақгаушы және жеткізуші болып саналады. Мэтін 
мынадай бірнеше белгілерден қүралады:
1. Өзара үйымдасқан тілдік бірліктердің жиынтығынан тұрады;
14


2. Қоршаған бсшмыс туралы аяқталған хабарды бідціреді;
3. Мәтін адресант пен адресаттың арасындағы қатысымды жүзеге 
асырады;
4. Байласым және тұтасым сипатын иеленеді;
5. Тақырыбы жэне аяқталу шегі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет