М. К. Ахметова Мәтін лингвистикасы



Pdf көрінісі
бет17/216
Дата07.02.2022
өлшемі4,98 Mb.
#89870
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   216
Байланысты:
Ахметова М.К Мәтін лингвистикасы

«Халык; басына қайгылы күндер
туган заманда қайрат көрсетпеген азамат
-
азамсап емес»
деген 
пікірді көп сөйлеммен ұлғайтуға болады деп, жай сөйлемді өрнекті 
сөйлемге айналдырады: 
«Қаптаган цара бұлттай торпап, түрлі пәле
халық басына орнап, не ңыларын біле алмай, ақылынан адасып,
жүрт алаңтап азаматын іздеген шацта, бар ииырагын жақпай,
бар қайратын сарып қылмай, өз басының амандыгымен болып,
үранга иіаппаган азамат — ол халың апдында жоқ азамат, не ол
жаны бар болганмен, жануарлыцтан шықпаган азамат. Не
қызатын қанын, ашитын жанын басының пайдасына, бастықтық
орынга, патшаныц аңгарына сатқан азамат болады»
/1, 373/.
Жалпы мәтіннің алғашқы бөлігівде белгілі бір ой қамтылып, ал 
кейінгі бөліктерінде осы хабар айқындалып, толықтырылып, 
нақтыланып ашыла түседі, А.Байтұрсынұлы осы орайда өрнекті 
сөйлемдердің екі мүшелі болатынын көрсетеді, яғни бастапқысын -
тақырыпшы мүше, екіншісін - баяншы мүше деп атайды. Ғалым 
баяншы мүше тақырыпшы мүшенің мән-магьгнасын онан сайын өрбітіп 
дамытады деп санайды жэне баяншы мүшедегі берілген пікірдің 
мазмұнына байланысты екі мүшенің арасында орнайтын логика- 
семантикалық қатынастардың негізінде оралым түрдерін аныктайды. 
Мәселен, 
себепті оралым, мацсатты оралым, ұқсатпалы орапым,
ңайшы оралым, ишртты оралым, жалгасыщы оралым, серіппелі
оралым, айырыңты оралым, қорытпалы оралым.
Айта кететін бір 
нәрсе, берілген мысалдардың ішінде дербес сөйлемдерден тұратын 
мэтіндермен қатар көп компонентгі құрмалас сөйлемдер де кездеседі. 
Сондықтан ғалымның өрнекті сейлемді жэне оралым түрлерін, 
тақырыпшы жэне баянш ы мүш елердің арасындағы логика- 
семантикалық қатынастарды тануда ұстанып отырған көзқарасын әлі 
де айқындай түсу кажет. Ал А. Байтұрсынүл ының оралымға қатысты 
айтқан ой-пікірін кейінгі зерттеушілер еңбектеріндегі көзкарастармен 
салыстыратын болсақ, сыртқы кұрылысы жағынан көп компонентті 
кұрмаласқа сәйкес келетін сөйлемдерді бір күрделі фразалық тұгасым 
түрівде алып талдауьаіызға болады. Осы орайда мәтіннің кэтысымдық 
қүрылымын зертгеген ғалым Е.А.Реферовскаяның мьша пікірі ойға 
оралады: «Задача построений через точку, через точку с запятой и 
через запятую аналогична. Это создание, постепенное складывание 
общей картины из отдельных деталей, объединенных более или менее 
тесно...» /2, 46/. Формадан гөрі айтылған ой пікірге назар аударсақ 
жэне мысалдардың көпшілігінің жекелеген дербес сөйлемдерден
29


кұралған мэтіндер екенін ескерсек, А.Байтұрсыщшының бір пікірдің 
өзара байланысқан бірнеше сөйлем тізбегі арқылы беріліп, өз алдына 
мағыналык-кұрылымдьгқ түлға-бірлікті (күрделі фразалық тұгасымды) 
кұрайтьшьш аныкгауын мэтін мэселесімен байланыстырып кзрауымыз 
қажет.
Ғалым Қ.Жұбанов мэтінді 
сөз бүйымы (сөз)
деп атайды. Мэтінді 
қарым-қатынасты жүзеге асырудың бірден-бір құралы деп түсініп, 
ғалым оның ауызша жэне жазбаша түрлерін бөліп көрсетеді және 
олардың айырмашылыктарына да ден кояды. Сондай-ақ эр мәтіннің 
өзіндік жасалу жолдарының болатындығын тілге тиек етеді. 
Қ.Жұбанов: «Сөз бұйымын дұрыс жасап шығу үшін де оның жасалу 
жолын, материалының сыр-сыпатын білу керек. ...Сөзді дұрыс 
қүраудың жолын білу - жазылатын сөзге ала-бөле қарау. Өйткені 
ауызекі сейленетін сөздің андай-мұндай қисығын елетпейтін баска 
жағдайлар бар, - деп, паралингвистиканың зерттеу нысаны ым-ишара 
секідді кинесикалық амал-тэсілдерді атап көрсетеді де, ойын былайша 
сабақгайды: - Жазулы сөзде бұл кеңшіліктердің бірі де жоқ. Кіталтың 
сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай 
окылады; қалай оқылса, солай түсініледі немесе түсініксіз күйімен 
қалып қояды. Мүнда жазған кісіден қайта сүрап алуға болмайды. 
Жазылған сөздің бөлшек-бөлшегін жэне тыныс белгілерін өте 
сақтықпен өз орнына қоймасаң, мұнда оның олқысын толтыратын ым 
да, дыбыс эні де жоқ. Сондыктан, эсіресе, жазьшатын сөздің қалай 
құру тетігін білу өте қажет. Сөзді калай құрудың тетігін білу ауызекі 
сөз үшін де аса керекті. Өйткені топка сөйленетін сөз де жазу тілі 
сияқгы. Мұнда да екі кісі отырып сөйлескендегі кеңшілік жок» /3, 
148/. Бұдан біздер ғалымның мәтінді тұтасым, байласым еипаты бар 
жүйелі кұбылыс деп танығанын көреміз.
Қ.Жұбановтың келтірілген пікірі арқылы ауызша жэне жазбаша 
құрылатын мәтіндердің арасындағы айырмашылық та сөз етіліп отыр. 
Өйткені бүл мәтіндер сөйлеудің екі түрлі формасы арқылы 
жасалатындықган, олардың ұксас тұстарымен қатар айырым белгілері 
де болады. Ауызша мәтіндерді ұйымдасгыруда тілдік бірліктермен 
қатар сөйлеудің бейвербалды амал-тэсілдері де кдтысады. Сондыктан 
ауызша мэтіндерді күрастыру жазбаша мэтіндермен салыстырғанда 
белгілі бір дәрежеде жеңілірек болады. Ж азбаша мәтіндерде 
свйлеушінің айтылған хабарға байланысты көзқарасы, сезімін 
жеткізуде әр түрлі морфологиялык тұлғалар, лексикалық бірліктер, 
сөйлемнің қүрылысы, сөйлемнің айтылу мақсаты, мәтінде қолданылып
зо


отырған графикалык белгілер т.б. қызмет еггсе, ауызша мэтіндерде ым- 
ишарамен катар, дауыс ырғағы, кідіріс, интонация т.б. түрлі мағыналық 
реңктерді, хабарды жеткізуге ат салысады. Сондықган жазбаша мәтін 
құрылымындағы сөйлемдердің мағыналык та, тұлғалық та жақтан 
езара байланысып жатуына ерекше мэн беру керек. Осы мәселе мэтін 
лингвистикасындағы мэтіннің дұрыс құрылуы деген түсінікпен 
ұштасады. Егер мэтін құрамындағы сөйлемдердің арасындағы 
мағыналык, тұлғалық байланыс элсіз болса, онда берілетін хабар да 
қабылдаушысьша түсініксіз кұйінде қалады. Мэтіннің дұрыс кабьшдану 
эрекетін қамтамасыз ететін - ең әуелі, ұйымдастырушы автор. Ал оның 
қабылдану деңгейі адресаттың «білімдік аясымен» де байланысты. 
Демек, Қ.Жұбановтың атап өткеніндей, мэтін - автордан оқушыға не 
тыңдаушыға бағытталған, құрамындагы бірліктері мағыналық та, 
тұлгалык та байланыстарға ие ауызша немесе жазбаша сөйлеудің 
бұйымы, яғни сөйлеу туьшдысы.
Ғалым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет