Бағдарлама жетекшіснің аты- жөні, ғылыми атағы мен дәрежесі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1
А)Кәсіби педагогика
KP 2201
БП ТК
3
5
2
3
Емтихан
Тест
1.Пререквизиті: Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Психология және адам дамуы.
2.Постреквизиті: Кәсіптік оқыту әдістемесі. Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру.
3.Пәннің мақсаты: Болашақ технология пәні мұғалімдерін оқушыларды еңбек пен кәсіпке дайындау бойынша оқыту мен тәрбиелеуді тиімді ұйымдастыруға қажетті теориялық негіздермен және практикалық ептіліктермен қаруландыру.
4.Қысқаша мазмұны: Кәсіби педагогика пәніне кіріспе, оның міндеттері. Кәсіптік педагогикалық білім берудің философиялық-әдістемелік негіздері. Кәсіби педагогикалық ғылыми-теориялық негіздері. Кәсіптік педагогиканың ғылым ретіндегі статусы. Кәсіпке баулу формалары мен әдістері. Кәсіпке педагогика саласындағы зерттеу тәсілдері. Ғылыми зерттеулері басқару. Оқушылардың білімін, ептілігі мен дағдысын қалыптастыруғда оқыту формалары мен әдістерін таңдау. Кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары. Шет елдердегі кәсіптік білім
беру. Кәсіпке баулу мазмұны. Кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарты. Кәсіпке баулу бағдарламаның түзудің ғылыми теориялық негіздері. Педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы. Оқыту технологиясы ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер. Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологиялары және олардың сипаттамасы. Кәсіптік білім берудегі педагогикалық менеджмент. Кәсіптік білім беру оқу орындарындағы тәрбие жұмыстарының теориясы мен практикасы. Еңбек технологиясы және кәсіпке баулу мұғалімдерін даярлау және қайта даярлау.
5.Құзіреттілігі: Техникалық шығармашылық және тәжірибе жұмыстары бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық ерекшелігің, жастарды кәсіпке дайындаудың материалдық базасын даярлаудың және пайдаланудың педагогикалық негіздерін, еңбек технологиясы және мектеп оқушыларын кәсіпке дайындау дидактикасының теориялық негіздерін, мектеп оқушыларын еңбекке және кәсіпке дайындаудың политехникалық білім берудің теориясы мен практикасын, кәсіптік білім берудегі инновациялық технологияларды білуі қажет және қоғамға пайдалы еңбекті ұйымдастырудың, техникалық шығармашылық жұмыстарды, кәсіпке дайындаудың материалдық базасын даярлау негіздерін игеруі керек.
6.Күтілетін нәтиже: Еңбек технологиясына және кәсіпке баулудың кәзіргі заманғы педагогикалық технологияларын студенттерде гуманистік көзқарас, психологиялық-педагогикалық шығармашылық ойлау, коммуникативті хабардарлықтың дамуы арқылы тұлғалық потенциалын өздігінше жетілдіруге басымдылығын қалыптастырады.
Парменова Г.Е. п.ғ.м., аға оқытушы
Б)Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару
OOIB 2201
БП ТК
1.Пререквизиті: Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Психология және адам дамуы.
2.Постреквизиті: Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі.
3.Пәннің мақсаты: Болашақ кәсіби оқыту мамандарына оқушылардің оқу-танымдық іс-әрекетті басқару принциптерінің теориялық білімдері қаруландыру.
4.Қысқаша мазмұны: Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті. Оқу танымдық іс-әрекет түрлері. Оқу танымдық іс-әрекетті басқару принциптері. Оқушылардің оқу-танымдық іс-әрекетінің ұйымдастыру әдістері, бағалаудың әдістемесі. Кәсіптік және әлеуметтік маңызы.
5. Құзіреттілігі:Оқушылардың іс-әрекеті кезінде психологиялық міндеттерді жетілдірудің психологиялық заңдылықтарын, оқушылардың еңбегін басқаруды ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеуге қызығушылығы.
6.Күтілетін нәтиже: Психологиялық-педагогикалық шығармашылық ойлау, коммуникативті хабардарлықтың дамуы арқылы тұлғалық потенциалын өздігінше жетілдіруге және басқаруға басымдылығын қалыптастырады.
Айтбаева М.А.,
п.ғ.к., қауым.проф.м.а.
В)Оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастыру
OOEY2201
БП ТК
1.Пререквизиті: Педагогикалық мамандыққа кіріспе. Материал өңдеу технологиясы. Психология және адам дамуы.
2.Постреквизиті: Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру. Кәсіпкерлік қызмет негіздерін оқыту.
3. Пәннің мақсаты: Болашақ кәсіптік білім мамандарына оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастыру жөнінде теориялық білімдерді зерделеп, шеберханада қолдануды үйрету.
4. Қысқаша мазмұны: Мектеп жағдайына оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың, оқуды өнімді еңбекпен байланыстырудың негізгі қағидаларын, оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастыруды үйретуге бағытталған
5.Құзіреттілігі: Оқушылардың өнімді еңбегін ұйымдастыру жолдарын білуі, шыққан өнімнің тиімділігін есептей бәлуі, нарықтық экономика жағдайында дамыту жолдарын айқындай білуі.
6.Күтілетін нәтиже: Шеберханада оқушылардың жасайтын еңбек объектісін таңдай алады, оның технологиясын жасайды, дайын бұйымды жылжыта біледі.
Смайылова Ж.Ж.,
т.ғ.к., қауым.проф.м.а.
2
А)Кәсіби психология
KPs 2202
БП ТК
3
5
2
3
Емтихан
Тест
1.Пререквизиті: Педагогика, Психология және адам дамуы.
2.Постреквизиті: Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру. Кәсіптік оқыту әдістемесі.
3.Пәннің мақсаты: Кәсіби психология пәнін оқыту процесінде болашақ мамандардың кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырып, психологиялық теориялық білім негіздерімен қаруландыру.
4.Қысқаша мазмұны: Кәсіби психологияның әдіснамалық негіздері. Кәсіби психологияға кіріспе. Кәсіптік әрекет процесі. Кәсіби қызмет процесінде адамды кешенді зерттеу. Кәсіби білім беру психологиясының әдістері. Жеке тұлғаның дамуындағы жас ерекшеліктер. Жастардың кәсіби дайындығын ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары. Еңбек іс әрекетінің құрылымдық –психологиялық заңдылықтары. Оқушылардың еңбек қызметін ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктері. Кәсіптік қызметке даярлауды жоспардлаудың психологиялық-педагогикалық жүйесі. Еңбек қызметін әлеуметтік-психологиялық басқарудың педагогикалық негіздері. Оқушылардың еңбек және кәсіптік іс-әрекетін басқарудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері және психологиялық сипаттамасы. Оқушыларды еңбеке тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктері. Кәсіптік оқыту оқытушысын даярлау ерекшеліктері. Әрекет табыстылығын жобалау және кәсіптік кеңес беру
5.Құзіреттілігі: Студенттердің қазіргі өмірдегі психологиялық білімдерін, осылардың таңдаған мамандық шеңберінде кәсіби қалыптасу процесіндегі рөлі мен оның мәнін анықтау, еңбек процесінде психологиялық міндеттерді жетілдірудің психологиялық заңдылықтарын, оқушылардың еңбегін басқаруды ұйымдастырудың психологиялық ерекшеліктерін терең зерттеуге қызығушылығын тудыру.
6.Күтілетін нәтиже: Студенттерде гуманистік көзқарас, психологиялық-педагогикалық шығармашылық ойлау, коммуникативті хабардарлықтың дамуы арқылы тұлғалық потенциалын өздігінше жетілдіреді
Парменова Г.Е. п.ғ.м., аға оқытушы
Б)Ұжым саясаты және мәдениеті
YSM 2202
БП ТК
1.Пререквизиті: Инженерлік педагогикалық қызметке кіріспе. Психология және адам дамуы.
2.Постреквизиті: Жобаны басқару және ұйымдастыру, Өндірістік оқытуі.
3.Пәннің мақсаты: Бұл пән сала бойынша кәсіби мамандардың кәсіби міндеттеріне қатынасып, ұжымдастармен, басшылармен және тапсырыс берушілермен адамгершілік кәсіби қатынастарын реттеуге үйретеді.
4.Қысқаша мазмұны: Әділдік, кәсіби-педагогикалық борыш, ар-намыс. Мұғалімнің педагогикалық беделі, педагогикалық тәртіп. Мұғалімнің кәсіби әдеп сипаты. Ұжым мәдениетіндегі этикет. Этика - философиялық категория ретінде. Кәсіби этиканың қалыптасу заңдылықтары. Әлеуметтік қызметкердің кәсіби этикасы. Адамгершілік ұстанымдар. Бизнес этикасының қазіргі заман концепциялары. Кәсіпкердің этикалық заңдар жинағы. Кәсіпкерлік қоғамдық санасы. Этиканың заңдар жинағы мен сапалы іскерліктердің концепциясы. Іскерлік қатынастардың этикасы. Корпоративтік этика. Әкімшілік (басқармалы) этика. Кәсіби этика. Микро және макроэтика. Қазақ және шетелдегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын талаптар.
5.Құзіреттілігі: Болашақ кәсіби маманның мәдениеті, өмір сүру тәсілі, адам дамуындағы кәсіби қызметтің этикасы, кәсіби дағдылар, білік, қабілеттердің қоғамдық орындарға сәйкестігі жайлы білімдерді қалыптастырады.
6.Күтілетін нәтиже: Маманның кәсіби сапасы мен кәсіби бағдары, мамандық және адам мәдениеті, өмір сүру тәсілі, адам дамуындағы мамандықтың қызметі жайлы сұрақтар арқылы болашақта білімді, мәдениетті, комуникативті маман болады.
Тажиева З.Д.
э.ғ.к,
қауым.проф.м.а.
В)Еңбек білігі мен дағдысын қалыптастыру психологиясы
EBDKPs 2202
БП ТК
1.Пререквизиті: Инженерлік педагогикалық қызметке кіріспе. Психология және адам дамуы.
2.Постреквизиті: Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру. Кәсіптік оқыту әдістемесі. Өндірістік оқыту.
3.Пәннің мақсаты: Жалпы және кәсіби мектептің оқыту және тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында болашақ кәсіби оқыту мұғалімдерін еңбек және кәсіби дайындықтың теориялық негіздерімен қаруландыру.
4.Қысқаша мазмұны: Оқушылардың еңбек және кәсіби дайындығының мақсаты, міндеті және политехникалық негіздері. Еңбек технологиясы мұғалімі, өндірістік оқыту шеберінің жұмысы. Оқушылардың еңбек және кәсіби дайындығының жүйесін талдау. Оқушылардың еңбек және кәсіби дайындығындағы дидактикалық қағидалары және оларды қолдану. Оқушыларды еңбек және кәсіби дайындығындағы материалдық техникалық база. Оқушылардың кәсіби бағдары және кәсіби кеңес мәселелері. Сыныптан тыс жұмыс.
5.Құзіреттілігі: Жалпы және кәсіби мектептің оқыту және тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында болашақ кәсіби оқыту мұғалімдерінің еңбек және кәсіби дайындықтың теориялық негіздерін, жастарды кәсіпке дайындаудың материалдық базасын даярлаудың және пайдаланудың педагогикалық негіздерін, мектеп оқушыларын еңбекке және кәсіпке дайындаудың политехникалық білім берудің теориясы мен практикасын; кәсіптік білім берудегі инновациялық технологияларды білуі қажет және қоғамға пайдалы еңбекті ұйымдастырудың, техникалық шығармашылық жұмыстар жайында білімді игеруі керек.
6.Күтілетін нәтиже: Болашақ кәсіби оқыту мұғалімдері өздерінің мамандықтары бойынша теориялық және практикалық сабақтарды ұйымдастыру ерекшеліктерін біледі, психологиялық-педагогикалық шығармашылық ойлау, коммуникативті хабардарлықтың дамуы арқылы тұлғалық потенциалын өздігінше жетілдіреді.
Парменова Г.Е., п.ғ.м., аға оқытушы
3
А)АвтоКад және кредо
AJK 2203
БП ТК
3
5
2
3
Емтихан
Тест
1.Пререквизиті : Информатика.
2.Постреквизиті: Киім жобалауда «САПР Грация» қолдану, Моделдеу және макеттеу
3.Пәннің мақсаты: Компьютерлік бағдарламаларды қолданып әртүрлі жобалау жұмыстарын орындай білу.
4.Қысқаша мазмұны: Автокад негіздері пәніндеорта мектептегікомпьютерлік графика, техникалық құрастыру, модельдеу мәселелері қарастырылады.
5.Құзіреттілігі: Бұл курсты оқыту барысында, студенттердің кәсіби дайындығында, техникалық модельдеу сұрақтарын, құрастыру дағдыларын толық игеруден тұрады
6.Күтілетін нәтиже: Компьютерлік қолданбалы бағдарламаларды игеріп, жобалау жұмысына қолдана білуі
Ермахан Б. оқытушы
Б)Компьютерлік жобалау
KJ 2203
БП ТК
1.Пререквизиті Информатика.
2.Постреквизиті: Киім жобалауда «САПР Грация» қолдану, Моделдеу және макеттеу
3.Пәннің мақсаты: Компьютерлік бағдарламаларды қолданып әртүрлі жұмыстар жасай білу.
4.Қысқаша мазмұны: Компьютерлік жобалау пәніндекомпьютерлік графика, техникалық құрастыру, модельдеу мәселелері қарастырылады.
5.Құзіреттілігі: Бұл курсты оқыту барысында, студенттердің кәсіби дайындығында, техникалық модельдеу сұрақтарын, құрастыру дағдыларын толық игеруден тұрады
6.Күтілетін нәтиже: Компьютерлік қолданбалы бағдарламаларды игеріп, жобалау жұмысына қолдана білуі
Ермахан Б. оқытушы
В)Компьютерлік графика
KG 2203
БП ТК
1.Пререквизиті:Информатика.
2.Постреквизиті: Моделдеу және макеттеу
3.Пәннің мақсаты: Компьютердің көмегімен әртүрлі баспа және анимациялық бұйымдар құрастыру, терең білім мен кәсіби дағдылардың негізінде шығармашылық тұлғаны қалыптастыру.
4.Қысқаша мазмұны: COREL DRAW бағдарламасымен жұмыс жасау, геометриялық фигуралардан бастап әртүрлі заттардың кескінін салуда компьютерлік графикалық жолмен орындау.
5.Құзіреттілігі: Студенттер компьютердің көмегімен әртүрлі графикалық жұмыстарды орындай алады.
6.Күтілетін нәтиже: Компьютерлік қолданбалы бағдарламаларды игеріп, жобалау жұмысына қолдана білуі
Утегенов Ж.К. п.ғ.м., оқытушы
4
А)Тігін бұйымдарын дайындау технологиясы (қ)
TBDT 2304
КП ТК
4
6
2
4
Емтихан
Ауызша
1.Пререквизиті: Материал өңдеу технологиясы. Техника тарихы
2.Постреквизиті, Костюм композициясы, сән және стиль
3.Пәннің мақсаты: Киім түрлерінің бөлшектерін түйінді өңдеу, киім түрлерін өңдеу технологиясының әдіс –тәсілдерін үйрету.
4.Қысқаша мазмұны: Машина және қол тігістері, белдік бұйымдар мен иықты киімдер түрлерінің түйіндерін (жаға, жең, қалта, манжет,т.б.) өңдеу, киім түрлерін өңдегенде сақталынатын ережелер. Киім түрлерін өңдегенде сақталынатын ЫЖЖ. Киім түрлерін өңдедің бірізділігі.
5. Құзіреттілігі:Болашақ мамандар күнделікті тұрмыс-тұтыну бұйымдарын, киім топтарын дайындау және оларды көркемдеу барысында қолданылатын тігістерді орынды қолданып, жаға, жең, қалта, манжет сияқты түйіндерді және бұйым түрлерін өңдеудің әдіс-тәсілдерін меңгереді.
6.Күтілетін нәтиже: Студенттер киім түрлерін өңдеу барысында қолданылатын тігіс түрлеріне және түйін мен киімді өңдеу әдістеріне технологиялық талдау жасай алады
Шильдебаева Л.К. т.ғ.к., акад. доцент
Б)Сый-сияпат бұйымдарын дайындау технологиясы (қ)
SBDT2304
КП ТК
1.Пререквизиті: Материалдар өңдеу технологиясы,
2.Постреквизиті: Оқушылардың көркем шығармашылығы, Ағаштан кәде-сый жасау
3.Пәннің мақсаты: Сый-сияпат бұйымдарын жасау технологиясын үйрету.
4.Қысқаша мазмұны: Бұл пәнін оқыту барысында студенттер сый-сияпат бұйымдарын: коллаж, аппликация, үйтұмар, қолсөмкелер, жасау технологияларын және сый-сияпат бұйымдарын жасаудың әдіс-тәсілдерін үйрену болып табылады
5.Құзіреттілігі: Студенттер сый-сияпат бұйымдарын: коллаж, аппликация, үйтұмар, қолсөмкелер, жасау технологияларын және сый-сияпат бұйымдарын жасаудың әдіс-тәсілдерін меңгереді.
6.Күтілетін нәтиже: Студенттер сый-сияпат бұйымдарын: коллаж, аппликация, үйтұмар, қолсөмкелер, жасау технологияларын және сый-сияпат бұйымдарын жасаудың әдіс-тәсілдеріне технологиялық талдау жасай алады.