Ғарыштық тәрбие — бұл М. Монтессоридің термині. Мұнда география, биология, физика, химия негіздері кіреді. Мүмкіндігі бойынша және ата-аналардың қалауы бойынша Монтессоридің философиясына негізделген топтық сурет салу, музыка, шетел тілі, денешынықтыру ұйымдастырады.
Жұмыс үшін материалды таңдау баланың қалауына байланысты болады. Бірақ барлық балаларға ортақ даму кезеңдерін біле отырып, педагогтар үрдісті ынталандыратын болады. Балалар 2,5-3,5 жасында Монтессори тобына түседі.
Басында олар сенсорикамен (бұл өте маңызды, барлық салаларда даму үшін база береді), практикалық өмірдегі жаттығулармен айналысады: суды құю, құмды салу, қол жуу, ыдыс жуу, кір жуу, үтіктеу, түйме салу, әлеуметтік дағдылар мен дене жаттығулары және т.б.
Бұл практикалық жаттығулардың негізгі мақсаты ірі және ұсақ моториканы, қозғалыс координациясын дамыту, көптеген ұсақ операцияларды бірізді орындауға дағдылану болып табылады
4 жасқа жакындағанда математикаға, орыс тіліне деген кызығушылығы оянады, тіл дамыту мен фонетикалық ойындармен 2,5-3 жасынан айналыса бастайды. Тағы бір маңызды сәт! Бұл тәртіпті сақтау….М. Монтессори балаларды сыныптағы бірінші күннен бастап койылған тәртіпті сақтауға үйретуді ұсынды. Оны ересектердің қалауы бойынша емес, балаларға ыңғайлы болғандықтан ұсынған. Ол тәртіп бала үшін шектеулі, баланың өзі тәртіпті ұйымдастыра алмайды деп есептейді. Жұмыс пайда әкелуі үшін мұғалім балаға қысқа (2-3 минут) сабақ жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |