Түймелер мен моншақтармен ойындарда балалар жіпке өткізеді, түймелер мен моншақтарды тереді. Бала қолын жаттықтырады, алғырлығы дамиды, үлкен-кіші түсінігі қалыптасады. Моншақ ретінде шаршыларды, дөңгелектерді, ағаш жапырақтарын, құрғақ дәндерді пайдалануға болады.
Құрғақ бассейн – жасырынған әр түрлі ойыншықтарды табуға арналған.
Баланы іздестіруге бағыттай отырып, көп ойыншықтың ішінен қолдың саусақтарымен іздей отырып, тек қана қоянды табуды сұраймын.
“Міне қандай таяқшалар”.
Мақсаты: таяқшаларды түсіне қарай ажыратуды үйрету, оларды сәйкес келетін тесікке салу. Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |