М. Монтессори технологиясын пайдалану негізінде мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту



бет5/8
Дата20.12.2021
өлшемі52,8 Kb.
#104016
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
М.Монтессори технологиясын пайдалану негізінде мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту.

Монтессори-мүғалімнің міндеті — балаға өз қызметін ұйымдастыруға көмектесу, өзінің соны жолымен баруға көмектесу, өз әлеуетін кең шамада жүзеге асыруға ықпал ету

 

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау — кезек күттірмейтін іс. Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл–ойын дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.



Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасында басталатыны сөзсіз.

Бала табиғатында білуге құмар, тумысынан-ақ өсуге, жетілуге  ұмтылыс басым. Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың  ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай отырып, бала тәрбиесінің әдістерін тынбай ізденіп, жиі жаңартып отыруы заңдылық. Қазіргі кезде Монтессори жүйесін 146 мемлекет қолданады. Бұл жүйе бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін, шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидаты «оқы, оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Мұнда бала дидактикалық материалдар мен сабақ уақытының ұзақтығын өзі таңдайтын болғандықтан оқытуда ерекшеліктер бар.

М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдау жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады.Осы себепті мен баланың танымдық қабілетін дамытуда Монтессори әдісіне негізделген ойындарды, ойындық жағдаяттарды қолданамын. Топта ойыншықтарды қолдана отырып, түрлі ойындар барысында балалар заттарды топтастыруды, заттар мен құбылыстардың әр түрлі қасиеттері, түсі, пішіні, кеңістікте орналасуы туралы түсініктерді меңгереді.

Топта сенсорлық дамытушы орта М.Монтессори  жүйесі негізінде құрылды: сенсорлы үстел, тактилді сезуге арналған табиғи материалдар, қол массажының ванналары, ойындар.

Сенсомоторлық бұрыш:


  • сенсорлық міндеттерді шешуге (көру, есту, иіс, сезу);

  • ұсақ қол моториканы дамыту, қимыл белсенділігін арттыруға;

  • бұлшық ет пен және психикалық көңіл-күйге күш салынғанды жоюға;

  • жағымды көңіл-күй ортасын құру, баланың еңбекке қабілетін көтеруге;

  • ойлау есте сақтау, қабылдау қабілеттерін белсендіруге;

  • өздігінен әрекет ете білуге және тәжірибе әрекетіне қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Сенсорлық бұрышта дидактикалық ойындар орналасқан: «Өрнекті құрастыр», «Машиналар», «Ойыншықтарды үлестір», «Аюды жасыр» және т.б.

Өз жұмысымда М.Монтессори технологиясы бойынша мына төмендегідей ойындарды дайындап, оны оқу іс-әрекеттерде, ойын кезінде қолданамын.



Дәндермен ойын:

— әр түрлі ыдыстағы араласып кеткен бұршақ пен асбұршақты бөліп, тер;

— дәндерді салу және араластыру, қолға ұстап уқалау;

— ыдысқа дәндерді төгіп, әр түрлі өрнектер құрастыру.

Тапсырмалардың баланың кеңістікті бағдарлауына, сезімдік қабылдауына, шығармашылық қиялын дамытуға және ұсақ қол моторикасын дамытуға септігі мол.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет