Мұхит бетіне түсетін жауын-шашын
Құрлықтан түсетін ағынды
Мұхит бетінен буланатын ылғал
458
46,8
504,8
1270
130
1400
90,7
9,3
100
Құрлық, Fқ = 149 ∙ 106 км2
Құрлыққа түсетін жауын шашын
Шетке кететін ағынды
Құрлық бетінен буланатын ылғал
164
46,8
117,2
1100
314
786
100
28,5
71,5
Жер шары, Fж = 510 ∙ 106 км2
Жауын – шашын
Булану
622
622
1220
1220
100
100
ТМД - ның жері үшін су теңдестігінің көп жылдық орташа көрсеткіші мынадай:
Х = 11694 км3 (530 мм); У = 4358 км3 (200 мм), Е = 7336 км3 (330 мм).
Ең ығалдылығы жоғары аймақтарға. Ақ, Баренцев және Балтық теңізіне құятын өзен алаптары жатады (5- кесте).
Бұл аймақтарда жыл сайын орташа есеппен 756....710 мм жауын-шашын жауады. Ағындының мөлшері – 259....341 мм, булану қабаты - 369...506 мм. Қиыр шығыс өзендерінің алаптары да айтарлықтай ылғалданады. Бұл аудандарда жылына орта есеппен 652 мм жауын-шашын жауады, оның 273 мм-і ағындымен кетсе, 379 мм-і буланады. Ылғалдылығы аз аудандарға Лаптев, Шығыс Сібір және Чукот теңізінің алаптары, сонымен қоса Қазақстан мен Орта Азияның тұйық аймақтары жатады. Бұл жерлерде жылына 423 және 299 мм ылғал түссе, оның 206 мм-і ағындымен кетеді, ал тұйық ағысты аудандарда тек 52 мм (17%)-ғана ағындыға айналады: жауын-шашынның өзге бөлігі булануға жұмсалады. Қиыр шығыс аймақтары үшін булану көрсеткіші - 217 мм (51%) ал Қазақстан мен Орта Азияның тұйық ағыс аймақтары үшін - 247 мм (83%).
Ең көп мөлшердегі жауын-шашын Қавказдың Қара теңіз жағалауында жауады (2000...3000 мм-ден астам), оның шамамен 700...750 мм-і булануға жұмсалса, ал ағынды 2000...2500 мм-ге жетеді. Шөлдерде 130...180 мм жауын-шашын жауып, әдетте түгелімен, булануға жұмсалады, орташа ағынды шамамен 3 мм-ден аз, ол да тек лай топырақты жерлерде кездеседі.