1.8. Әлемдік су теңдестігі Қазіргі геологиялық дәуірдің шегінде жер бетіндгі судың көлемін тұрақты және оның жылма-жыл айналымға түсетін мөлшерін өзгермейді деп есептеуімізге болады.
Су айналымының математикалық үлгісі су тендестігінің теңдеуі болып табылады, яғни:
1) әлемдік мұхит үшін: Ем = Хм + У; (1.1)
2) құлықтың шеткі аймақтары үшін: Еқ = Хқ – У; (1.2)
3) тұйық ағыс аймақтары үшін: Ет = Хт ; (1.3)
4) жер шары үшін: Ем+ Еқ + Ет = Хм + Хқ + Хт немесе Еж = Хж (1.4)
Мұндағы Е - булану; X-жауын-шашын; У-өзен суларының ағындысы. Әріптік өрнектердің индекстері: м -мұхит; қ- құрлық; т - тұйық ағыс аймақтары; ж -жалпы жер шары.
Су теңдестігі теңдеуінің құрамына кіретін элементтер әдетте мм суқабатымен немесе судың көлемдік бірлігімен есептеледі.
Әлемдік ғылым жетістіктерінің негізінде бүкіл әлемдік су теңдестігі есептеліп шығарылады (4-кесте). Бұл есептеуге сүйеніп айтатын болсақ, онда бүкіл жер шарында жылына 1220 мм немесе 622 мың км3жауын-шашын болса, соншама ылғал буланып отырады екен. Ал құрлықтарға жауатын жауын-шашынның көлемі - жылына 164 мың км3 немесе 1100 мм, мұхит бетіне түсетін ылғалдың жылдық көлемі - 458 мың км3 немесе 1270 мм. Бұдан көрінетіні — құрлыққа түсетін ылғалдың көлемі мұхитқа қарағанда 3 есе аз екендігі. Жыл бойына құрлықтар бетіне түсетін жауын-шашынның 70%-тен көбірек бөлігі буланса, қалған бөлігі мұхитқа ағып түседі.