М. Н. Будыко күн тұрақтысының мәнін 8,2 Дж/ см



бет10/14
Дата05.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#151776
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
гидрология

Жер беті өзен алабы дегеніміз жер бетінің осы өзен желісіне немесе жеке өзенге су жиналатын кеңістігі.
Жер асты жинау алабы — осы өзен желісіне су жиналатын топырақ қабаты.
Әрбір өзеннің жер беті су жинау алабы басқа өзеннен суайрық арқылы бөлінеді. Суайрық көрші өзендердің ортасында орналасқан жер бедерінің биік нүктелері арқылы өтеді.
Суайрықтар жеке өзендердің алаптарын ғана емес, сонымен бірге ағындылары жеке теңіздер мен мұхиттарға құятын өзге де ірі, аумақтарды шектейді. Жер шарының басты суайрығы ағындыларды негізгі Атлант, Тынық мұхит аймақтарына бөледі.
Арал-Каспий теңіздері секілді ірі тұйық аймақтар да өзара суайрықтармен бөлінеді.
Жер беті және жер асты су жинау кеңістіктері өзара сәйкес келмеуі мүмкін, мұндай жағдайлар әдетте тау жыныстарының орналасуына байланысты таулы аймақтарда жиі кезедеседі.
2.2.1. Алаптың морфологиялық сипаттамалары. Өзен алаптары әдетте бір-бірінен мөлшерімен және сұлбасымен ерекшеленеді. Өзен алабының морфометриялық сипаттамалары топографиялық карталардан анықталады.
Өзен алабының негізгі сипатына, оның жер беті су жинау кеңістігінің ауданы жатады. Өзен алабының ауданы Ға (км2) болып осы жердің шектеуші жақтауға (створға) дейінгі, суайрықпен шектелген көлбеу проекциясының ауданы есептеледі. Ол планиметрдің немесе палетканың көмегімен ірі масштабы картадан, алдын-ала суайрық шекарасын жүргізген соң анықталады.
Алабының ауданының мөлшеріне байланысты өзендер шартты түрде ірі, орташа және кіші болып бөлінеді. Ірі өзендердің қатарына ауданы 50000 км2-ден үлкен жазықтық өзендері жатады.
Орташа өзендердің қатарына ауданы 2000-нан 50000 км2 дейінгі өзендер жатады. Кіші өзендерге ауданы 2000 км2-ден кем өзендер жатады.
Өзен алабының ұзындығы Lа (км) — өзеннің сағасынан алаптың ең шалғай нүктесіне дейінгі түзу қашықтық алынады.
Алаптың орта ені Во (км) — алаптың ауданын оның ұзындығына бөлу арқылы анықталады:
Воа / Lа (2.5)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет