дана
|
%
|
км
|
%
|
Ең кіші
Кіші
Орташа
Үлкен
Барлығы
|
<25
26—100
101—500
<500
|
2926561
32733
3844
280
2963418
|
98.8
1,1
0,1
0
100
|
7322820
1426288
669861
228895
9647814
|
75,9
14,8
6,9
2,4
100
|
Қазақстан жерінде 85 мыңға жуық өзен бар. Олардың 95 процентінің ұзындығы 10 км-ге жетпейтін кішігірім өзендер мен сайжылғалар. Небары 228 өзеннің ұзындығы 300 км-ден асса, ал тек 6 өзеннің ғана ұзындығы 1000 км-ден асады.
Кез келген жердің өзендерге қанығу дәрежесі өзен желісінің жиілік коэффициентімен (D) сипатталады. Ол келесі өрнекпен анықталады:
D=∑l / Ғ, км/км2 (2.3)
мұнда ∑l — барлық өзендердің ұзындықтарының қосындысы, км;
Ғ — аймақ ауданы, км2.
ТМД -да өзен желісінің жиілік коэффициенті нөлден (Орта Азия шөлдері) 2 км/км2-ге дейін (Кавказ және Карпат) өзгереді, ал орташа көрсеткіші 0,42 км/км2-ге тең.
Қазақстандағы өзен желісінің жиілік көрсеткіші 0... 0,05 км/км2-ден (шөлейт және тегіс аймақтарда) 0,45 км/ км2-ге дейін өзгереді, ал республика үшін оның орташа көрсеткіші 0,08 км/км2-ге тең.
Өзен желісінің жиілік коэффициентімен судың беткейлік ағындысы деген көрсеткіш тығыз байланысты. Беткейдің орташа ұзындығы (lбет) өзен желісінің жиілік коэффициентімен (D) төмендегідей қатынасқа ие:
lбет =1/2D = Ғ/2∑l (2.4)
Тегістіктегі су ағу жолының ұлғаюына қарай, беткейлік ағындының шығыны көбейеді, яғни оның эрозиялық қабілеті өседі. Сондықтан lбет көрсеткіші эрозиялық процестерді зерттеу кезінде үлкен мәнге ие.
2.2. Өзен алабы
Жер бетімен әрі жер асты (топырақ және тау жыныстары қабаттары арқылы) өзенге су жиналатын аймақты өзен алабы деп атайды. Әрбір өзен алабына жер беті және жер асты су жиналу алаптары тән.
500>25>
Достарыңызбен бөлісу: |