Бейімделу- Пиаже теориясындағы процесс, осы процесс негізінде нəрестедегі схемалар түрі өзгереді, нақтыланады, дамиды.
Альтруизм – адамгершіліктік бағалаудың орталық мотиві мен критериийі болып басқа адамның жəне əлеуметтік қоғамның қызығушылықтары мен құндылықтары табылатын жеке тұлғаның құндылықтық бағдарлану жүйесі.
Жүйкелік анорексия– адам өзінің толықтығын көп ойлап, тамақтан бас тартады. Өлімге дейін əкелуі мүмкін.
Биологиялық жас - өмір сүру барысында адамның қарым-қатынастар жүйесінде өзінің орнын білуі.
Бластула– ұрықтанудан кейін пайда болатын жасуша ішін толтырып тұратын сұйықтық. Булимия – тамаққа байланысты мінез-құлықтың бұзылуы, адам бұл бұзылыс кезінде тамақты шектен тыс ішіп, бірақ өз денесінің толықтығына көңілі толмайды.
Жастық сағат– ересек адамның өзіндік даму критерийі ретінде пайдаланатын өмірлік ішкі уақыттық графигінің түрі.
Қиялдағы көрермендер- жасөспірімдердің өзіне басқа адамдар көңіл аударып тұрғандай сезінуі. Жұмыстың сыртқы факторлары– жұмыстан қанағат алушылық, ақшалай, мəртебесін көтеру, ынталандыру түрінде болуы мүмкін.
Генотип- белгілі бір индивидтің гендерінің жиынтығы.
Генетикалық кеңес беру- болашақ ата-аналарға балаларының қандай болып туылатындығы жөнінде кеңес беру жұмысы.
Деменция- танымдық ауытқушылықтармен, амнезиямен, тұлғалық өзгерістермен сипатталатын бұзылыстар жиынтығы, қарттық жастың келуімен байланысты.
Лонгитюдтікəдіс- ұзақ уақыт бойына бір ғана объектіге көптеген зерттеулер жүргізу.
Тест – белгілі мəндік шкаласы бар стандартталған сұрақтармен тапсырмаларды қолданатын диагностикалық əдісі.
Проективті əдіс –адамның ішкі дүниесін символикалық алмастырулар арқылы сыртқы заттар көмегімен зерттейді.
Индивид- биологиялық түрдің тұқым қуалайтын жалпы гендердің иесі.
Тұлға - адамның қоғамдық мінез-құлық жəне сана формаларынигеру нəтижесінде қалыптасатын адамның əлеуметтік –психологиялық мəні.