М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет2/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).



Оқытушы туралы мəлімет
Оқытушының аты–жөні: Жароллаева Жамиля Жароллаевна
Офис: жалпы педагогика, психология жəне өзін-өзі тану кафедрасы Жұмыс мекен-жайы: Орал қаласы, Студенттер көшесі 4, корп.7,103 каб. Жұмыс телефоны: 50-53-46


ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ.


Пəн туралы мəлімет.Семестр 15 оқу аптадан жəне 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 1 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі жəне жұмыс оқу жоспарына сəйкес жүргізіледі), əр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дəріс ) жəне бір сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.


Кредиттің аптаға бөліну кестесі:





Сабақтар

Өткізу уақыты

Сабақтар

Өткізу уақыты

Байланыс сағаты 1
(1 дəріс)

50 мин.

ОЖСӨЖ, СӨЖ

50 мин.

Кредит саны –1


Өту орны: мысалы №7 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша

Оқу жоспарынан көшірме:





Курс

Семес- тр

Кре- дит саны

Дəріс- тер

Семинар- лар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

2

4

1

15

-

15

15

45

емтихан

Кіріспе.
ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ ПƏНІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Психология ғылымы адам тану ғылымдары арасында жетекші орынға ие.Бұл ерекшелік қазіргі кзеңде қарқынды дамып отырған ғылыми пəннің алдына қойған мақсат-мүддесімен байланысты.
Жалпы психология курсы бойынша адамның жалпы психологиялық заңдылықтарын танып білген болсақ,енді осы заңдылықтардың жас ерекшелігіне қарай дамып қалыптасуын жас ерекшелігі психологиясы пəні бойынша оқып білеміз.
Жас ерекшелігі психологиясы психология ғылымының ХІХ ғасырда қалыптасқан салаларының бірі.Бір жағынан бөлек дифференцияланған сала болғанымен екінші жағынан басқа салаларымен байланысты интеграциясынан (бірігуінен) аралас ғылымдар шеңберінде көрнеді Жас ерекшелігі психологиясы- адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы,даму барысындағы адамның психика-лық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезі.Балалар психологиясы,бастауыш сынып оқушылары психологиясы,жеткіншектер психологиясы,жас өспірімдер психологиясы,жастық шақ кезеңі психологиясы,ересек адамдар жəне қарт адамдар(геронтопсихология) психологияс бөлімдері бойынша қарастырылады.Жас ерекшелігі психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін,жеке адамның дамуының негізгі факторларын негізгі іс-əрекет ерекшеліктерін,жас кезеңіне қарай тұлғалық қасиеттерін т.б. зерттейді.
Жас ерекшелігі психологиясы жас ерекшелігі физиологиясымен,жалпы психологиямен,педагоги- камен, философиямен,мектеп гигенасымен,тарихпен,эстетика,этика,саясат тануменмен жəне басқа да ғылымдардың теориялық жəне практикалық міндеттерімен байланысты.
Бұл курсты оқи отырып студент əрбір жас кезеңіне қарай психикалық даму заңдылықтарын жəне соған байланысты əрбір жас ерекшелігінің білімді игеруін,іс-əрекетін,қабілетін,қарым қатынасы мінез-құлқын,іскерлік-дағдысын,танымдық іс-əрекетін,қызығуын т.б. ерекшеліктерін танып біледі. Жас ерекшелігі психологиясы курсының мақсаты:
Студенттерді қазіргі жас ерекшелігі психологиясының құрылымымен,əдіснамалық негіздерімен,жас құрылымының аспектілерімен,жеке адамның психикалық сфераларының дамуымен,даму диагностикасымен таныстыру.
Студенттерді онтогенездің əр түрлі сатыларындағы психикалық даму заңдылықтары бойынша негізгі теорияларын жəне тұжырымдамаларын, практикалық білімдерімен қаруландыру, олардың кəсіби психологиялық дайындықтарын күшейту, студенттерге жүйелі түсініктерді қалыптастыру, жас ерекшелігі психологиясы психологиялық бөлімінің бір бөлігі ретінде: онтогенездегі адамның тұлғалық психологиялық ерекшеліктерін тереңдетіп меңгерулеріне мүмкіндіктер береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет