М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан



бет31/89
Дата11.09.2024
өлшемі309,14 Kb.
#204184
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89
Байланысты:
Жас ерекш.психологиясы.

«педология» ұғымын еңгізді. Дж. Болдуин онтогенетикалық даму адамзат тарихын толықтай қайталай алмайды деп, сыртқы факторларды есепке алу керек екенін анықтады.. Ол психикалық даму факторы мен В.Штерннің оларды конвергенциялау теориясы бойынша түсіндіріледі. В.Штерн
бойынша бала дүниеге келген ағза, ол органикалық мүмкіндіктерге, түйсіктерге , туа біткен бейімділіктерге ие болады.Ол оларды рухани дамуды анықтайтын ішкі ерекшеліктер, немесе ішкі фактролар деп атады. Екінші факторға ортаның ықпалы, табиғи жəне қоғамдық факторлар жатады деп атап көрсеткен.

    1. Даму теориясындағы психодинамикалық бағыттың негізгі -өкілі-З.Фрейд.З.Фрейдтің зерттеуінің қорытындысы бойынша үлкен адамдардың аурулық себептері бала кезіндегі үрейлену салдарынан.Ол жеке тұлға дамуын мынадай стадияларға бөлді:

Оральды стадия (0-1ж) Бұл кезеңде баланың дамуы тамақтануға байланысты. Бұл кезеңдегі ауыз тамақтану құралы болып табылады.Бала барлық жағынан анасына тəуелді болады. Баланың тісі шыға бастағанда ашушаң мінезі де пайда болады. Фрейдтің айтуы бойынша осы кезеңнің өзінде балада ; тойымсыз, сараң, талапқойғыш,қанағаттанбау сияқты қасиеттері дамиды.
Анальды стадия (1-3ж) Бұл стадияда «мен» концепциясы дами бастайды жəне «ол» концепциясына бақылау жасап отырады. Бала өзінің қызығушылығымен шынайы өмір арасында келіспеушіліктерді мойындап оларды дұрыс шешуге үйренеді. Əлеуметтік ақыл- кеңес, ата- аналардың жазасы жəне олардың сүйіспеншілігін жоғалту үрейі кейбір тыйым салулармен келісуге əкеледі. Психоаналитиктердің тұжырымдамасы бойынша осы кезеңде;ұқыптылық, пунктуальдылық, тұйықтық, ашушаңдық, экономдылық, бірбеткейлік қабілеттері пайда болады.
Фаликалық стадия (3-5ж) Фрейд баланың ең негізгі даму кезеңін 5 жасқа дейін деп белгіледі. Осы кезеңде оның маңызды жекелік құрылымы пайда болады. Осы стадияда; өзін-өзі байқау, ақыл, рациональды ойлау қабілеттері пайда болады.
Латентті стадия (5-12ж) Бұл кезеңде жыныстық қызығушылық төмендейді. Бала жалпы адамдық тəжірибені жетік меңгеріп, өз құрдастарымен, үлкендермен, отбасымен қарым-қатынасын жақсартуға тырысады.
Генетальды стадия (12-18ж) Бұл кезеңде жыныстық қызығушылық жоғарылайды. Бала үлкен болады. Оның негізгі мінез-құлқы оның дамуы «ол», «мен» жəне «меннің жоғарылауы» қарым- қатынасы арқылы пайда болады
. 4. Психоəлеуметтік теорияның негізгі өкілі-Э.Эриксон. Оның теориясы бейсаналылыққа қарағанда саналы іс-əрекетке көп мəн береді. Э.Эриксон адамның қалыптасуындағы əлеуметтік қарым-қатынас роліне аса назар аударды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет