Тақырыбы:Жасерекшелігіпсихологиясындажаскезеңдерінетоптастырумəселелері. Дəрістің мазмұны
Жас шағы кезеңдері жəне психикалық дамуды кезеңдерге бөлу.
Ғылыми тұрғыдан жас кезеңдерге бөлу.
Адам өміріндегі дағдарыс кезеңдері.
Психикалық дамудың негізгі заңдылықтары (биол.,əлеумет. Факторлар т.б.)..
Балалардың психикалық дамуының даралық ерекшеліктері.
Мақсаты: Жас ерекшелігіне қарай жас кезеңдеріне топтастырудың ерекшеліктерімен, заңдылықтарымен таныстыру жəне психика-
лық даму кезеңдерін түсіндіру.
Балалардың жасын кезеңдерге бөлу мəселесі
Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тəрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі.Оқыту мен тəрбие беру ісінде бұл принципті мұғалім əр уақытта басшылыққа алады.Балалардың жас ерекшеліктеріне сай мектептің ішкі тəртіп ережелері, сабақ жəне тəрбте жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары жəне тəрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады.Оқу мен тəрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін есепке алу қажетті шарттардың бірі.
Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі мəселесіне аса көңіл бөлуде.Бұл мəселе жөніндегі зерттеу мəліметтері əлі де болса бірыңғай көзқарастардың жоқтығын көрсетеді.Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату əліде толық зерттелмеген мəселелердің бірі.Бұл мəселе жөнінде əдебиет беттерінде көптеген талас пікірлер айтылып жүр.Мəселен, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізі жыныс бездерінің жетілуіне, дене қарқынының өсуіне байланысты десе, кейбір ғалымдар адам жасын тіс аттарына қарап топтастыруды ұсынады.
Біздің еліміздің ғалым педагогтары балаларды білім жəне тəрбие беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мəселен, балабақша жасындағы балалар, мектеп жасындағы балалар т.б.Балаларды жас кезеңдеріне осындай сатыда бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған.Бірақ бұл ұғым əліде болса ғылыми негізде толық дəлелденбеген.