Жыныстықхромосомныңгендерінебайланысты ақаулық Х хромосомы өте қысқа болып , Ү хромосомымен жұп құра алмай , сəйкестік болмайтын кездері болады . Сондықтан бұл гендер жынысқатіркелгенгендер деп аталады . Бұл аурудың бір түрі гемофилия ауруы , яғни қанның дұрыс ұйымауы . Бұл аурумен ауырғандардың қан құрамында ұюға қажетті плазма болмайды . Сондықтан аз ғана жарақат алса да , көп мөлшерде қан жоғалтады .
Болашақ сəбидің қандай ақаулықпен дүниеге келетінін айту үшін ата-ананың екеуіде медициналық тексеруден өткізіледі.Егер гендік анамалия белгілері байқалса оның қашалықты əсер ететінін анықтап, ата-анаға хабарлайды.
Төменде алдын-ала кеңес алуға тиісті адамдар тізімі берілген;
ата-бабасында немесе өзінде гендік ақаулығы бар адамдар,
-туғаннан ақаулығы бар немесе анамалиясы бар баланың ата-анасы,
-хромосомды анамалия эмбрионда байқалған, 3рет түсік тастаған ана,
-35 жастан асқан жүкті əйел адам не күйеуі 44-тен асқан,
-тұқымқуалаушылық ауруы бар болашақ ата-ана,
-түрлі радиациялық əсерлерге көп мөлшерде дəрі ішкен, т.б сыртқы орта əсеріне ұшыраған жұптар. 4.Қоршаған орта деңгейі; жанұя жəне əлеуметтену. Қоршаған орта деңгейлерінің құрамына
мыналар жатады;
Микрожүйе-адамдар жəне жанұядағы мектептегі жəне баламен тікелей байланыста болатын қоғамдық институттар.
Мезожүйе-микрожүйенің бірнеше элементтерінің қарым-қатынасы.
Экзожүйе-баламен тікелей байланыспайтын, бірақ аз ғана болса даоған əсерін тигізетін қоғамдық құрылымдар.
Макрожүйе- жалпы мəдениет.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар?
1 .Тұқымқуалаушылық дегеніміз не?
Тұқымқуалаушылық арқылы қандай аурулар беріледі?
Хромосома қандай қызмет атқарады? 4 . Генотип дегеніміз не?
5. Гемофилия ауруның белгісі ата?
6 .Тернер аурунының қандай белгілері бар?
Макро жүйеге нелер жатады?