М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы



бет2/2
Дата04.11.2016
өлшемі200,27 Kb.
#187
1   2

Түрлері:

Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді: жануарлар туралы ертегілер; қиял­ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер; хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер.




Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетикалық, яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықаралық та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген [2]. Міне, осындай ертегі түрлерімен таныстырып, белгілі бір тақырыпта жазылған ертегімен таныс болады. Шетелдік аудиторияда қандай да бір жаңа тақырыпты бастар алдында мәтінде кездесетін жаңа сөздермен, етістіктер тобымен, олардың басқа сөздермен байланысына назар аударып, танысққан соң ғана мәтінді оқуға көшеміз. Мәтінді оқуда орындалатын қазіргі уақытта тіл үйретуде қолданылып жүрген тапсырмалар түрлерін қолданамыз. Олар: мәтінге дейінгі, мәтін бойынша, мәтіннен кейінгі тапсырмалар т.б.



Шешендік сөздер – қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі шебер тілмен айтылған халық шығармасы, тапқырлық сөздер мен тұжырымдар қазақ ауыз әдебиетіндегі шағын көлемдегі дидактикалық жанр. Жанр мазмұнына қарай шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау болып үш салаға бөлінеді [2]. Шешендік сөздердің анықтамасымен таныстырғаннан кейін қазақ тарихында, әдебиетінде өмір сүрген атақты шешендермен, олардың айтқан ұлы, дана сөздерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік туады. Олар: Майқы би, Жиренше шешен, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би. Олар туралы қазіргі әдебиетте кездесетін, ауызша тараған әңгімелер, аңыздар туралы мысалдар келтіріп, шешендердің аузынан шыққан дана сөздерді ұғынып, оның мағынасына терең үңілуге ұмтылдырамыз. Әрбір тақырыпты өтуде көрнекілік құралдар қолдану тиімді әдістердің бірінен саналады. Сабақ шетелдік аудиторияда жүретіндіктен оларға көзбен көріп, құлақпен тыңдап, ұстап сезінетін материалдар молынан болғаны жөн. Сол арқылы шетелдік студент тақырыпты нақтылы түсіне алады. Мұндай көрнекіліктердің, слайд-шоулардың тағы бір пайдасы – алған білімді бекіту болып табылады.

Ауыз әдебиетінің келесі бір түрі – айтыс. Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс – синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады [1].



Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Сонымен бірге аудиторияда айтыстың түрлерін топтастырып, слайд түрінде көрсетіп таныстырамыз. Және де қазіргі заманғы айтыстың түрлерімен салыстырып көрсетіп, аудио-визуалды материалдар қолданамыз.

Айтыс туралы тақырыпты бекіткен соң, тіл үйренушілерді өз ойын ортаға салу, пікірін білдіру сынды монологтық тапсырмалар орындауды ұсынамыз. Яғни тыңдаушы өз елінде осы айтыс өнеріне ұқсас келетін ауыз әдебиетінің түрімен таныстырып, оның қазіргі уақытта халық арасында кең тараған немесе тарамағандығын, сонымен қоса бұл өнер түрінің жойылған жойылмағандығын айтып өтеді. Осындай тапсырма түрлері оның жаңа тықырып бойынша алған білімін шыңдап, есінде мықтап сақталуына ықпалын тигізеді.

Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар – лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салт, әдет­ғұрпы, наным­сенімі, көңіл­күйі көбірек суреттеледі. Лиро-эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір-біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе – ата-аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы, не болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі [1].

Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді. Оның себебі көп замандар бұл жырлар ауыздан-ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен.

Қазақ халқының лиро-эпостық жырлары: «Қозы Көрпеш­Баян сұлу», «Қыз Жібек», Айман­Шолпан», «Күлше қыз», «Құл мен қыз», «Мақпал қыз», «Есім­Зылиқа».

Бұл бөлімде де техниканың көмегіне жүгініп, көрнекілік материалдар әзірленіп қолданылады. Сонымен бірге мәтін бойынша жұмыс кеңінен жүргізіледі. Тіл үйренушілерге қиындық тудыратын сөздер мен сөз тіркестерінің мәні ашылып, контексте беретін мағынасына тереңірек үңіліп, қарапайым мысалдар келтіріледі.

Мұндай тапсырмалар тіл үйренушінің ойын еркін, нақты жеткізуіне, пәнді оқуда алған білімін пайдалануға, мәтінді қандай дәрежеде түсінгендігін тексеруге үйретеді. Осындай жүйеде құрастырылған мәтіндер мен берілген тапсырмаларды қазақ тілін үйренуші шетел азаматтарымен бірге, қазақ тілін үйреніп жатқан барлық саладағы оқырмандарға ұсынуға болады.

Кез келген шығарманы оқыту барысында мәтінді дұрыс талдай және мәтінмен дұрыс жұмыс жүргізе алу сауаттылық пен шеберлікті талап етеді. Осы қасиеттер болғанда ғана сабақтың алдына қойған мақсаттарына оңай әрі дұрыс жетуге болады.
Қолданылған әдебиеттер:


  1. Жұмалиев Қ. Қазақ әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 201. – 230 б.

  2. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы,1974. – 201 б.

Koldanylgan adebietter:

1. Zhұmaliev Қ. Қazaқ әdebietі. – Almaty: Mektep, 201. – 230 b.

2. Ғabdullin M. Қazaқ khalқynyң auyz әdebietі. – Almaty,1974. – 201 б.


М.п. Ешимов, Р.С. Нұртілеуова

Шетелдік аудиторияда қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту тәжірибесінен

Мақалада қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту тәжірибесі, оны оңтайлы әдіс арқылы үйрету жолдары ұсынылып қарастырылады. Ауыз әдебиеті – әрбір халықтың рухани мұрасы, сарқылмас қазынасы, байлығы. Осы ауыз әдебиетін оқытудағы тиімді әдістер қатарымен қоса, мәтінді оқудағы жаттығу түрлері, оларды тыңдаушыға жеткізу жолдары, заманауи техникалық құралдарды мүмкіндігінше кеңінен қолдану, сөйленіс дағдысына шығаратын амал-тәсілдері т.б. осылардың барлығы студенттің тақырыпты тереңірек әрі нақты түсінуіне ықпал етеді. Сонымен қоса шетелдік аудиторияда қазақ әдебиеті аспектілік пәнін оқытуда салыстырмалы, салғастырмалы әдіс түрлерін кеңінен қолдануға кеңес беріледі. Себебі бұл әдіс-тәсіл түрі тыңдаушының оқып отырған тақырыбын дәл және түсінікті деңгейде ұғынуына әкеледі. Және де аталмыш ғылыми мақалада халық ауыз әдебиеті үлгілерін слайд-шоу әдісімен таныстыру мәселелері де айтылады.

  

Тірек сөздер: халық ауыз әдебиеті, жанр, әдіс-тәсіл, көркем мәтін.
Ешимов М.П., Нуртилеуова С.Р.

Знакомство с текстами устного народного творчества в методике преподавания казахской литературы

В статье рассматриваются современные методы преподавания казахской литературы, а именно устного народного творчества. Устное народное творчество – это духовное наследие, бесценный источник и богатство каждого народа. Наряду с указанными эффективными методами обучения анализируются некоторые виды упражнений при работе с текстами, рассматривается использование широкого спектра современных технических средств. Все эти действия способствуют формированию у обучаемых коммуникативных и аналитических навыков для полноценного и глубокого понимания студентами представленных текстов. Вместе с этим, широко рассматривается сравнительный метод обучения в аспектном преподавании казахской литературы в иностранной аудитории, так как этот подход способствует правильному и точному пониманию прочитанного текста. А также в данной статье на примере слайд-шоу презентации рассматриваются трудности восприятия устного народного творчества.


Ключевые слова: устное народное творчество, жанр, метод, художественная литература.


Yeshimov M.P., NURTILEUOVA S.R.

  Familiarity with the texts of folklore in the methods of teaching Kazakh literature

In the article modern methods of teaching Kazakh literature namely folklore are considered. Folklore is a spiritual heritage, an invaluable source and wealth of each people. Along with the specified effective methods of training some types of exercises during the work with texts are analyzed, use of a wide range of modern technical means is considered. All these actions promote formation at the trainee communicative and analytical skills for full-fledged and deep understanding of the presented texts by students. Together with it, the comparative method of training in aspect teaching Kazakh literature in the foreign audience as this approach promotes the correct and exact understanding of the reading texts widely is considered. And also in this article on the example of slideshow presentation difficulties of folklore perception are considered.


Keywords: folklore, genre, method, fiction, art literature.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет