М. Р. Балтымова ілияс есенберлиннің тарихи романдары: шеберлік пен көркемдік монография


§3. Айтыс пен аралас жанрлар дәстүрі



Pdf көрінісі
бет14/18
Дата24.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#193335
түріМонография
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
treatise214183
Презентация 3
§3. Айтыс пен аралас жанрлар дәстүрі 
Қазақ халқында айтыс өнері – импровизаторлық үлгідегі жыр 
маржандарының тізбегі. Тумысынан дала романтикасына бойлап өскен 
халқымыз сөзге шешен, ойға жүйрік, сергек жаратылған. Айтыс өнері 
арқылы халықтың небір шешендері өздерін шаршы топта танытып, нағыз 
ділмарлары халық еркесіне айналған. Бұл ретте халық арасында кең таралған 
«Біржан – Сара» айтысы арқылы айтыскер ақындардың бірін-бірі іздеп жүріп 
те айтысқан мысалдарын білеміз. 
Айтыс өнері туралы құнды пікір айтқан белгілі ғалым Р.Бердібай: 
«Қазақтың ауыз әдебиетіндегі мейлінше шыншыл, жан-жақты жетілген 
жанрлардың бірі – айтыс болатын. Айтыс үлгілерінде драманың анық 
элементтері бар екендігін, зерттеушілер көптен бері байқаған. Ал айтыс 
формасын прозада, романда қолдану жөнінде Ілияс Есенберлин тапқырлық 
жасағанын көреміз» [31, 105-б.]. Мұның өзі іздей білсе, ауыз әдебиетіміздің 
түрлі жанрларының мүмкіндіктері жазба әдебиетіміздің бейнелеу 
құралдарын байыта алатындықты аңғартады. 
Ал айтыс өнерінің арғы тегі мен дамуын зерттеуші ғалым 
М.Жармұхамедұлы: «Айтыс – уәж, дәлелге құрылған екі қарсыластың 
ақындық сөз сайысы, өнер бәсекесі», – дей келіп, айтыс ақынды ақын деп 
танытатын өнер мектебі деп атайды [174, 5-б.]. Халқымыз ел есінде ерекше 
орын алған айтыстарды жүрегіне мәңгі ұялатып, ел аузынан тастамай 
жырлап жүрген.
«Алмас қылыш» романында айтыстың ерекше бір түрі туралы 
айтылады. Әбілқайыр хан сүйікті ұлы Маңғыт әйелінен туған тұңғышы Шах-
Будақтың өлгеніне бір жыл толғанда ас бермекші. Ас беру – жерлеу емес, 
Дәшті Қыпшақ елінің дәстүрі бойынша үлкен той. Асқа Дәшті қыпшақ пен 
Мауереннахрдың игі жақсылары қатысады, сайысқа атақты батырлары 
түспек. Бұл астың тағы бір ерекшелігі Қыпшақтың от ауызды, орақ тісті
қарға бойлы Қазтуған жырауы мен Арғынның ақсаңдақ жүйрігі, сексеннен 
асып кеткен Ақжол бидің әкесі Қотан жырау айтысады. Төрешіге Үйсін 
Майқы бидің алтыншы буыны ұлы сыншы, халық ардагері, жүзден асып 
кеткен Асан қайғының өзі келмекші. Осы кезеңді жазушы былай суреттейді. 


149 
«...бәрі аяқталып, бүгін астың ең қызығы, талай жан өкінер, талай 
бидің намысқа шауып қабырғасы сөгілер жыраулар айтысы басталған. 
Айтыс төрешісі жүзден асқан ұлы жырау Асан қайғы. Ол бұл жолы 
Желмаясымен Көкше теңіз тұсын шолып келген-ді.
– Асан ата, Көкше теңіз маңы қандай жер екен? Сайын ордасын 
көшіруге жарар ма? – деген Әбілқайыр ханның сөзіне Асан қайғы: 
– Қақ үстін жайлау етем десе ханның еркі ғой. Ал мен көрген Көкше 
теңіз маңы: 
Тас табаны төрт елі, 
Атан жүрер жер екен, 
Төсегінен түңілген 
Адам жүрер жер екен, – деп жауап берген. 
Осы Асан Қайғы айтыс төрешісі. Төреші боларында ол Әбілқайыр 
ханға:
– Атамыз Майқы биден бері бәйге хан ордасын кім асыра мақтай алса 
соған беріліп келетін-ді. Бұл жолы ата жолын бұзбақпын. Егер соған көнсең, 
төреші боламын, – деген. 
Бүкіл ел-жұрты ардақтаған Асан өтінішіне хан да қарсы келе алмаған.
– Құп, айтқаныңыз болсын, – деген Әбілқайыр. 
Асан айтыс тәртібін өзінше құрған. Бас бәйге кім де кім жауға қарсы 
елдің ерлігін дұрыс айтып бере алса, соған беріледі. Орта бәйге өз руының 
жер-суын қорғаудағы істерін дұрыс суреттеп берген адамға тапсырылады. 
Ал ақ бәйгеге Дәшті Қыпшақ елінің болашағын кім дұрыс болжай алса, сол 
ие... Және жеңіс тәртібі де өзгеше. Бір жырау өзінің ру ерлігін паш етсе, 
қарсы жырау сол рудың айтылған ерлігінің кемшілігін, қатесін дат етеді. 
Қайсысының жыры жұрт көкейіне қонар болса, сол жеңді деп саналмақ. 
Шыңғыс ұрпақтарын мадақтайтын айтысқа да осы шарт. Бұл шарт үшінші 
айтыста да қолданылмақ: бір жыраудың болжауын екінші жырау сынауы 
керек. Егер сынай алмаса, жеңілген болып саналады.
Бас бәйгеге Қыпшақтың ұлы жырауы Қазтуған мен Арғынның ақиығы 
Сыпыра жыраудың ұрапағы Қотан тайшы түспек болды.
Қазтуған тапал, тоқты жілігінің қорғасын құйған асығындай шымыр 
адам. Сондықтан да оны халық «қарға бойлы Қазтуған» деп атап кеткен. Бір 
тайпы елдің батыры және жырауы. Әбілқайыр тұсында қазақ, ноғай 
қауымдары аралас-құралас көшіп жүрген. Хандар тұтасқан өшпенділікке 
қарамастан, тұтас бір рудың, не бір тайпы елдің бүгін ноғай құрамында 
болып, ертеңіне қазақ жағына шығып кетуі әдеттегі жәйт саналған. 
Әйтсе де, екі ел арасындағы жанжал кейде үлкен ұрысқа айналып, бір 
жағы ата мекен қонысын тастап кететін кезеңдері де болған. Осындай бір 
айқаста Қыпшақ жағы жеңіліп, Ноғайлы дәуірінің жырауы атанған Қазтуған: 
Салп-салпыншақ анау үш өзен 
Салауалы менің ордам қонған жер, 
Жабағылы жас тайлақ 
Жардай атан болған жер,


150 
Жатып қалған бір тоқты 
Жайылып мың қол болған жер, – деп басталатын атақты Еділмен 
қоштасу толғауын айтқан. Осы Қазтуған Қыпшақ руының ерлігін мадақтап, 
байлығын мақтамақ. 
Бұнымен айтысатын ақын: «Ер Тарғын» қиссасында «бұл – өз өмірінде 
толғау айтып тоғыз ханды түзеткен кісі» деп келетін, бүкіл қазақтың қамын 
ойлап өткен Сыпыра жыраудың ұрпағы Арғынның ардагері сексеннен асқан 
қарт Қотан. 
Хан ордасының алдына кілең би, батырлар алқа-қотан отырғаннан 
кейін Асан Қайғы айтысты бастады. Ол алдымен өзі іштегі күйігін сыртқа 
шығара ел-жұртының қамын сөз етіп біраз толғау айтты. Халыққа тарап 
кеткен: 
Таза мінсіз асыл тас, 
Су түбінде жатады. 
Таза мінсіз асыл сөз, 
Ой түбінде жатады. 
Су түбінде жатқан тас, 
Жел толқытса шығады. 
Ой түбінде жатқан сөз 
Шер толқытса шығады», – деп басталатын ұлы толғауын да осы жолы 
айтқан-ды. Бір бунап, бір босатқан науқастай, бойын қысқан жырын бітіріп 
барып «уф» деп демін алды. Содан кейін барып жыраулардың мына отырған 
қауымға өз руларының қайдан шыққанын, аттары неден алынғанын 
таныстырып өтуін бұйырды.
Қазтуған жырау безілдеген домбырасымен, ал Қотан тайшы ботасы 
өлген інгендей боздаған кәрі қобызымен Қыпшақ руы мен Арғын руының 
жетістіктерін, жеңістерін, ерліктерін елге паш етті. 
...Ойға шомып кеткен Асан Қайғы енді басын көтерді: 
– Бейбітшілік әрқашан халықтың көкейтесті мұраты, сен сол халық 
мұратын көксеп отырсың, Қотан жырау, – деді. – Бас бәйге сенікі, – енді ол 
Қазтуғанға қарады, – елдің елдігін, ердің ерлігін мадақтау о да бір паш өнеге, 
бірақ ерлік ел шабуға бағышталса езгілікке айналады. Демек, Жейхұн 
өзеніндей тасыған жырың үшін ортан бәйгені саған ұсынар едім, от ауызды, 
орақ тілді Қазтуған жырау, бірақ ақылгөй Қотан қарт Қыпшақтың өзге елге 
еткен қиянатын бетіңе басып, тұсаған жылқыдай өрісіңді кеңіттірмеді. Сол 
себептен әлі де айтылмаған жырың қалған іспеттес. Қыпшақ құр ғана басқа 
елдерді шауып қойған жоқ қой, өз елін қорғағандағы ерлігін естісек дер 
едім...» [33, 38-48 бб.]. 
Жазушы қазақ халқына белгілі жыраулар айтысы арқылы қазақ 
халқының іргелі Қыпшақ, Арғын руларының да ерліктерін паш етеді. Бұл 
жазушының тарихи шындықты жеткізудегі шығармашылық әдісі. 
Ал халық мұрасын жеткізу арқылы жазушы қазақ тарихындағы от 
ауызды, орақ тілді, көмейі бүлкілдеген көмекей әулиелерді толық сипаттай 


151 
алған, сондықтан трилогияның мазмұны сол кезеңде өмір сүрген Асан 
Қайғы, Алдар көсе, Жиренше шешен төңірегінде топталған. 
Асан Қайғы, негізінде, қазақ хандығын құрысқан және туған елі үшін 
қолайлы қоныс іздеген халық қамқоры ретінде, жер, ел және қоғам туралы 
болжамдар айтқан сәуегей философ бейнесінде сипатталады. Асан 
Қайғының аса маңызды еңбегі – желмая мініп, жеті жыл жер дүниені кезіп, 
ел-жұртына жақсы қоныс іздепті. Халық арсында «Асанқайғы мен Әз 
Жәнібек» деген аңыз бар. Сол аңыздан алынған «Қырыңда киік жайлаған» 
деп басталатын үзіндіні жазушы «Алмас қылыш» романына енгізген. 
Мұның мазмұны бойынша халықты Оймауыт, Жем, Ойыл секілді шұрайлы 
жерлерге көшіруге кеңес берген Асан абыздың айтқанына қарамай, 
хандығының келешегін ойлаған Жәнібек бұл жолы да өз айтқанынан 
қайтпай, хандықты Асан Қайғы жайсыз деп сипаттаған Шу, Сарысу бойына 
қондырады. 
Қазақ әдебиетінде аңыз-роман, роман-хроника немесе көркемделген
тарих деп атарлық жанрдың пайда болуын кездейсоқ, таң қаларлық
құбылыс деп қарауға болмайды. Ауыз әдебиеті дәстүрі бүгінге дейін
қатарласа өмір сүріп келе жатқан қазақ әдебиетінде мұндай «аралас»
жанрлар орын тебуінде ерсілік жоқ. Себебі әдебиет зерттеушсі 
Ю.Н.Тыняновтың пікірінше: «Жанр – тұрақсыз, қозғалыста болатын жүйе... 
жанр жүйе ретінде тербеледі. Ол басқа жүйелердің әсерінен пайда болады 
және өзге жүйелердің ағынына түсіп, көрінбей қалады» [175, 256-257 бб.]. 
Қазақ ауыз әдебиеті өзінің бойына қаншама көркемдік құдірет дарытқан
өзгеше құбылыс екені белгілі. Мұнда көркемдеу мен типтендірудің
неше алуан кесек үлгілері, кейде бедерлі биіктері кездеседі. Қазақ
жырлары мен аңыздарының бірқатары халықтық романдар тәрізді.
Оларда әлеуметтік таптық сипат, адамдар ісіне дәл, нақты мінездеме
беру жиі ұшырайды. Соның жарқын мысалы – сөз болып отырған роман.
Оқиғаны тартымды, тығыз, әсерлі етіп баяндауда халық аңыздары мен
ертегілері дәстүрінен үйренетін тұстар бар екенін М.Әуезов және т.б. 
ғалымдар айтқан. Мұның терең мағынасы, ұлық ойы бар. Бүгінгі қазақ
прозасында ауыз әдебиетінен ауысқан белгілерді тек кемшілік белгісі деп
қарамай, солардың қандай идеяға, қалай қызмет етіп тұрғанына,
көркемдік кестелерге қаншалық жарастық тауып, кірігіп кеткендігіне
қарай сөз еткен жөн.
Аңыз бен шежірені, тарих тізбегін үлкен тарихтық идеялар мен
ірі қаһармандар мінезін мүсіндеу талабына жұмсай білуі тарих пен
көркемдікті айырғысыз тұтастыққа жеткізуі, өткен кездер хикаясынан
бүгінгі қауымға керектіні екшей алуы, тарихи тәжірибені, үлгілі
сабақты, өнегені алға тартуы жағынан Ілияс Есенберлиннің тарихи 
трилогиясы қазақ әдебиетінде оқшау орын алады. Тарихтың тереңінде
жатқан, тіпті тарихи зерттеулердің өзінде жүйелі баяндалып, толық
танылып болмаған заман, адам шежіресін екшеп, жаңа сапаға келтіріп


152 
айта білуі жазушының жаңалығы, қазақ әдебиетін байытатын,
танығыштық, тәрбиелік мәні зор туынды. 
«Жанталас» романында тарихи оқиғаларды бағалау, саралау
түсіндіру жөнінде авторлық тұрғы берік сезіледі. Халықтың тарихтағы
шешуші орнын көрсетуге, ел билеушілердің мүддесі бұқара мүддесінен
алшақ жататынын аңғартуға жазушы жеткілікті көңіл бөлген. Белгілі
тарихи қайраткерлерге шежіренің, аңыздың берген бағасымен шегеріліп
қалмай, сол бағаның дұрыс не бұрыстығын ғылыми болжамдар
тұрғысынан тексеріп шығуға автор жағдай жасаған. Бұл трилогия осы
күнге дейін көп ретте көмескі жатқан тарихымыздың бұралаң, шырғалаң
жолдарын айқынырақ түсінуге көмектеседі, өткен өмірдің даңқты да,
қасіретті де белестерімен таныстырады, оқушының өз елінің тарихы, оның 
белгілі қаһармандары туралы ұғымын ұлғайтады, тарихтың опық жегізген 
өкінішті құбылыстары мен қуанышты дәстүрлері туралы аса пайдалы 
сабақтар береді. Бұл сонымен қатар ауыз әдебиетінде, шежіреде қаламгер 
қаламын шақырып тұрған тақырыптар мен көркемдік мүмкіндіктері мол 
екенін де аңғартады.
Жалпы алғанда, «Көшпенділер» трилогиясы жазушы Ілияс 
Есенберлиннің тарихи роман жанрында өзіндік тың жолға түскенін, ауыз 
әдебиеті мен жазба әдебиеттің сәтті көркемдік қосындысы дерлік, 
оқушыны отаншылдық рухқа баулитын, дерегі мен керегі көп шығарма 
тудырғанын әдебиетіміздің ұнамды ізденістері қатарында қарап бағалау
парыз.
Қазақ халқының бай фольклорлық мұрасын өзінің тарихы туралы 
тарихи романдарға өзек етуі арқылы жазушы халқымыздың рухани 
байлығын жаңғыртты, бұл – трилогияның поэтикалық ерекшелігі. 
Фольклорда халықтың үш қасиеті – даналығы, ақындығы, батырлық сипаты 
көрініс табады. Фольклорлық жанрлар да өзге жанрлар секілді саф алтындай 
таза күйінде кездеспейді, олар көркем шығармада бір-бірімен өзара қабысып, 
жымдасып, тығыз байланыста болады.


153 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет