М. Р. Балтымова ілияс есенберлиннің тарихи романдары: шеберлік пен көркемдік монография



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата24.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#193335
түріМонография
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
Байланысты:
treatise214183
Презентация 3
§3. Батырлар тұлғасы 
 
Тарихи романдарда қаламгерлер халықтың бұрынғы тұрмыс-тіршілігін 
тарихи деректер негізінде бүгінгі жағдаймен байланыстыратын көркемдік 
бейнелер арқылы аша түседі. Яғни тарихи романның оқиғасы өткеннің қай 
кезеңін көрсетуге арналса да, онда ерлікті, елдікті, ұлттық құндылықтарды 
насихаттау идеясы маңызды орын алады. Атап айтарлық мәселе, тарихи 
романдарда халықтың көне дәуірдегі қаһармандық күресі мен тарихы, ұлы 
тұлғалардың іс-әрекеті нақты қырынан суреттеледі. Бұл ретте тарихи роман 
эпостық дәстүрді жаңа сапаға көтерді. 
Бүгінгі қазақ әдебиетінің алтын қорын құрайтын көлемді, құнды 
туындылардың бірі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында 
тарихтағы қазақ халқының ХҮ-ХІХ ғасырлардағы азаттық күресінің шешуші 
кезеңдері, қазақ елінің әлеуметтік жағдайы, ерлік пен батырлық, т.б. 
кескілескен оқиғалардағы тұтас ерлік, батырлықты рухтандыратын ірі 
шешуші айқастарды сипатталады. Трилогия желісінде батырлар образы кең 
және ауқымды көрініс тапқан. Солардың негізгі сюжеттік тұрғыдан 
көрінетіні санаулы ғана болып табылады. Ал, басқалары түрлі оқиғалық 
баяндаулар тұсында қатарға қосылып, кейбір жерлерінде аталмай қалып 
отырады. Әдеттегі әлеуметтік-психологиялық роман шартымен өлшесек, 
мұнда көркем тұлғаның тарихы, қалыптасу жолы туралы суреттеулер 
көрінісі тарихи оқиғасына байланысты өзгеріп отырады.
Шығармадағы батырлар бейнесіне ғылыми тұрғыда түсінік беретін 
болсақ, «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясында: «Батыр (парсы т. ﺭﺩﺎﻬﺑ – 
бахадур – ержүрек, батыл, батыр) – әскери өнерді жақсы меңгерген, жау 


99 
түсірер ерлігімен аты шыққан, қаһарман адамға берілетін атақ. Батырлық 
мирасқорлық жолмен берілмейді, оған әрбір адам жеке басының ерлігімен ие 
болады», – делінген [137, 184-б.]. 
Қазақтың дастан жанрын зерттеуші Б.У.Әзібаева «Қазақтың дастандық 
эпосы» деп аталатын диссертациясында дастан жанрын тыңғылықты зерттей 
келе, батырлық туралы: «Ең бастысы батырдың тұлғалылығы мен ерлігіне 
көп көңіл бөлінеді, әдетте оның халқы үшін жанын пида қылуға дайын 
екендігі және де еліне адалдығы суреттеледі», – дейді [138, 3-б.]. Яғни қазақ 
халқының дастандарын нақты зерделеп, олардағы ерліктің маңызына түсінік 
беруге тырысады.
«Көшпенділер» трилогиясындағы батырлардың көпшілігі тарихи 
тұлғалар. Олардың тарихтағы бейнесі де біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр. 
Соның бір айғағы Қарақыпшақ Қобыланды батырдың Ақтөбе жерінде 
мәңгілікке тыныстаған орнында ескерткіш орнатылып, кесен тұрғызылып, 
оны ұлықтау рәсімінің кең көлемде аталып өтуі. Жырды зерттеушілердің 
пікірінше, «Қобыланды батыр» жыры – қазақ эпостарының ішінде ең көп 
зерттелгендерінің бірі. Түркітанушы ғалым В.В.Радлов Қобыланды батыр 
туралы аңыз-әңгімені алғаш рет баспа бетінде жариялады, ал «Қобыланды 
батыр» жырының алғашқы жарық көруі ХІХ ғасырдан басталады. Марабай 
нұсқасын жазып алған Ы.Алтынсарин оның «Тайбурылдың шабысы» деген 
тармағын «Қырғыз хрестоматиясына» (1879) енгізген. Ал «Қобыланды 
батыр» жыры туралы алғаш рет «Женщины по киргизской былине 
Кобыланды» деген көлемді мақаласын Ә.Бөкейханов «Туркестанские 
ведомости» газетінде жариялады, содан кейін 1925 жылы «Таң» журналында 
М.Әуезовтің «Қобыланды батыр» атты зерттеу еңбегі жарық көрді, кейін 
ғалым М.Ғабдуллин «Қобыланды батыр» жырын егжей-тегжейлі зерттеп, 
1947 жылы «Қобыланды батыр жырын ғылыми зерттеудің проблемалары» 
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, жырдың 15 түрлі нұсқасын 
жариялады. Ал Қобыланды батырдың эпостық қаһарманнан тарихи тұлғаға 
айналуы, оның жерленген жерінің анықталып, Ақтөбе облысы Қобда ауданы 
Жиренқопа жерінде басына кесене тұрғызылып, мемориалды кешен 
салынуы, Ақтөбе қаласында 2007 жылы «Қобыланды батыр: аңыздар мен 
шындықтар 
тоғысында» 
атты 
республикалық 
ғылыми-тәжірибелік 
конференцияның өткізілуі «Қобыланды батыр» жырының зерттелуінің тағы 
бір жаңа белесі болды. 
Сонымен қатар «Қобыланды батыр» жырын қазақ жерінде жырлаған 
Марабай жырау, Мергенбай жырау, Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, 
Нұрпейіс Байғанин, Қарақалпақстанда жырлаған қазақ жыршылары 
Қуанышбай Досымбаев, Тәжік жырау және т.т. қай-қайсысы да қазақ 
батырының ерлігін өзінше сипаттаған. Осылардың ішінде академиялық 
оқулықтарға енгені – Марабай нұсқасы болып табылады.
Бүгінге дейінгі бізге жеткен деректерге және ғылыми ұстанымдарға 
сүйенсек, Қобыланды батыр, Қарақыпшақ Қобыланды – шамамен ХҮ 
ғасырда өмір сүрген адам, тарихи қайраткер. Көшпелі өзбек мемлекетінің 


100 
негізін қалаушы Әбілқайыр ханның бас батыры болған. Қазақ хандығының 
бөлінуіне де осы Қобыланды батыр себеп болған делінеді.
Қобыланды батыр жайында екінші бір дерек көзі – қазақ халқының 
қаһармандық жырларының бірі «Қобыланды батыр» жыры. Жырдың 29 
нұсқасы белгілі. Оның жиырма алтысында Қобыланды батырдың ерліктері 
жырланса, үшеуі ұрпақтарының іс-әрекеттерін баяндауға арналған. Бұл 
жырлардың оқиғаларына қарағанда, Қобыландының ерлік жолы қазақ елінің 
сол кездегі сыртқы жауы – қызылбастар (парсылар) мен олардың 
шапқыншылық жасаған ханы Ғазанға қарсы күресінен басталады. Оның 
бұдан кейінгі шайқасқан батырларының атына қарап, олардың атақты Едіге 
батырдың тұқымдары екенін аңғаруға болады. Қобыланды батырдың Орақ 
батырмен дос болып, Алшағырмен жауығуы – Қазақ хандығының өзара 
іштей екіге бөлінген Ноғай ордасының бірін қолдап, екіншісімен соғысып 
жатқан тарихи кезеңін алға тартады. Қобыланды батырдың бір ерекшелігі – 
ол тарихта болған адам.
Қара Қыпшақ Қобыланды бейнесі қазақ халқының белгілі жазушысы, 
қазақ тарихын көркем әдебиетте бедерлеуге еңбек сіңірген Ілияс 
Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясының бірінші кітабы 
«Алмас қылыш» романында сипатталған. Бұл шығарма жазушының қазақ 
халқының жеке хандық құру жолындағы және қазақ хандығының толық 
тарихын бейнелеуге арналған, тарихтың бес ғасырлық кезеңін қамтитын
«Көшпенділер» трилогиясының бірінші кітабы. Романдағы негізгі оқиғалар 
Әбілқайыр хан мен Керей, Жәнібек хандар арасындағы тартысқа 
құрылғанымен, негізгі кейіпкері халық болып қалады. Ілияс Есенберлиннің 
«Алмас қылыш» романының оқиғалық негізіне сонау ХҮ ғасырдағы біртұтас 
Қазақ хандығын құру жолындағы әрекет, күрестер, кейіпкерлер ретінде аты 
тарихқа белгілі хандар, ақын, жыраулар, қарапайым халық өкілдері алынған.
Мұнда халықтың жақсы қасиеттерін бойына дарытқан Қобыланды, Қазтуған,
Қотан, Саян, Орақ, секілді ұнамды бейнелер қатары бар. 
«Көшпенділер» трилогиясында бірінші орынға адамзат тағдыры, 
халық тағдыры қойылады. Халықтың күші мен ұлылығы, оның ұлттық 
характері ұлттың сынға түскен алашапқын шағында терең танылмақ. Сол 
биіктен шығу үшін Ілияс Есенберлин кең ауқымды композиция құрып, 
дәуірлік ірі оқиғаларды еркін баяндап, көркем образдар жасайды, дәуір 
картинасын сөз бояуымен келістіре кескіндеп, халық образын сомдап, 
тарихты тірілткен, көркем бейнелеуге мүмкіндік жетіспеген шақта, тарихи 
комментарийларға орын беріп, олқының орнын толтырған. Образбен ойлау 
да, ойдан шығару, фактыларды балын тамыза шебер баяндау алмасып келіп 
отырады 
«Көшпенділер» 
трилогиясында 
жазушы 
макрокеңістік 
пен 
микрокеңістікті қатар бейнелеу тәсілін шебер қолданады. Ілияс 
Есенберлиннің кейіпкерлерінің көпшілігі тарихта болған тұлғалар, немесе 
солардың прототиптері болғандықтан, тарихи оқиғаларды бейнелеу арқылы 
жазушы әр кейіпкердің микроәлеміне үңіле кетуді жөн санайды. Бұл ретте 


101 
терең психологиялық суреттеулер, керемет портреттер көп болмағанымен, 
оқырман өзіне қажетті кейіпкердің бейнесін толық көзіне елестете алады. 
Себебі жазушы кейіпкерді суреттеуде оның бейнесін ашуға қажетті 
детальдарға мән береді, мысалы оның ата-бабасын, қоғамдағы алатын орнын, 
атақ-дәрежесін, тұрмыс-тіршілігін, киім киісін немесе сөз саптауын 
шығарманың қажетті жеріне арқау етеді. Бұл ретте автордың ата дәстүрі мен 
салттарын суреттеуде шеберлік танытатынын баса айтуымыз қажет. 
Сонымен қатар жазушының өз кейіпкерлерінің әрқайсысының бейнесін тым 
әсірелемей, төмен құлдилатпай, шынайы жасауға тырысқандығын 
аңғарамыз. Ол Қобыланды батырдың пендешілігін жасырмай көрсете 
отырып, оның батырлық аңғалдығы екенін айта кетуді ұмытпайды. 
Бұлай дейтін себебіміз Қобыланды батырдың бейнесі романның 
алғашқы беттерінде көрінеді. Жазушы Арғын Ақжол би мен Қыпшақтан 
шыққан Майсара Қобыланды батырдың арасындағы таласты шеше алмай 
Әбілқайыр ханның қиналған сәтін суреттейді. Екеуі де белгілі адамдар, 
екеуінің де соңынан ерген қалың ел бар. Бұл талас Қара Қыпшақ Қобыланды 
батыр мен Арғын руының абызы Қотан қарттың жиені жас Саян батырдың 
арасындағы түсініспеушіліктен туындаған еді. Әбілқайыр хан өзімен 
жауласып жүрген Қазан ханының жеріндегі Орманбет бидің ұрпақтарының 
ауылын шабуға «үш түмен қосын мен бақан бойлы, шоқпар қолды» Қыпшақ 
Қобыландыны аттандырады. Жазушы осы жерде Қобыландыны: «Бұл атақты 
Қажымұқан балуанның он екінші атасы. Қазақ пен Ноғай бөлінгенде 
айтылған «жылау, жылау, жылау күй» жырындағы «қара орманынан 
айрылған», Торғай мен Ор бойына Қаратау маңынан, Арыс пен Бадам 
өзендерінің тоғысқан жеріндегі Қараспан тауынан көшіп келген, қазақтың 
атан жілік, арқар мүйіз батырларының бірі», – деп сипаттайды [103, 26-б.]. 
Қобыланды осы жорықта Саян батырға Орманбет бидің ұрпағы Әділгерейдің 
қызы есірей (ескі қыпшақ тілінде «қолға түскен тұтқын» деген мағынаны 
білдіреді) Қарашашты олжа етемін деп таласты деген айып тағады. Бұл 
Арғын биі Ақжолдың шамына тиеді. Себебі, біріншіден, батырлық заңы 
бойынша олжаға таласу – қатындық болса, екіншіден, сол кездегі Шыңғыс 
ханның заң жинағы – Ясысында олжаға таласқанға өлім жазасы берілетін 
болған. Әбілқайыр хан өзі тұтатқан осы таласты өз пайдасына шешуді 
мақсат тұтып, Саян батырды өлтіртуге Арғын руының ызғарынан тайсалып, 
өлтіртпесе өз сөзінің құны болмайтынын ойланып жүргенде, Ақжол бидің 
көмегімен жас батыр қашып кетеді. Енді хан Ақжол биге деген өшпенділігін 
аңғал батыр Қобыландының қолымен қайтаруды көздеп, мәрт батырды 
Ақжол биге айдап салады. Қобыланды батыр сала құлаш кеуделі 
Көксеңгірімен аңшылықта жүрген Ақжол бидің тобының үстінен шығады да, 
биді жекпе-жекке шақырады, бірақ қарусыз, дайындықсыз Ақжол би 
батырдың тегеурінді күшіне төтеп бере алмай, қаза табады. Қобыланды 
батыр мен бидің таласының тағы бір себебі – Әбілқайыр ханның Маңғыт 
руынан алған бәйбішесінен туған Гүлбаһрам-Патшайым сұлу еді. Шешесі 
Ақжол биге тоқалдыққа бермекші болып жүрген бұл сұлуға Қобыланды 


102 
батыр да ғашық еді. Ал жас сұлудың көңілі мүлдем басқа жанға – жас батыр 
Саянға ауған еді. Осы жағдайлар қас батыр Қобыланды – Ақжол би – жас 
батыр Саян арасындағы сюжеттік тізбекке негіз болған.
Мақсатына жеткен Әбілқайыр хан нөкерлерімен Ақжол бидің қазасына 
көңіл айтуға аттанады. Жазушы өзінің суреткерлік шеберлігін осы жерде 
жақсы көрсетеді: «Орда-Базарды қоршай қонған қазақ ауылдарын аралай, 
Қаракеңгірдің етек жағына қаза болған Ақжол биге арнап тігілген үйлерге 
беттеп келе жатты. Хан атының басын тежей тартып, әлсін-әлсін өзен, көл 
бойларын жағалай жайлаған қалың елге қарап қояды. Қараған сайын сұрлана 
түседі. Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ ауылдарының 
маңайында өреде ерттеулі ат, белдікте шошайған найза, сойыл. 
Жайшылықтағы тыныш жататын бейбіт елде жауға шығар, не жау күтер 
алдында осындай бір сұсты түр пайда болатын. Мынау жорыққа 
дайындалған, дүрліккен ауылдар. Әбілқайыр қазақ руларының түрін көріп 
сескенейін деді. Қобыландыға Ақжолды өлтір деп бекер ақыл бердім бе, 
қалай деп ойлайды ол бір мезет. Жаздың жарқыраған әдемі күнінде жауар 
бұлттай қаһарлана қалған, мынау, қалың елдің осыншама қыр көрсетуіне 
себеп болғанына, Әбілқайыр енді өкінді. Ақжолдың құнын жоқтап Жәнібек 
пен Керей құр қол келе қалады екен деген жорамалының да бұрысқа 
шыққанын ұқты... Бұлар Ақжол бидің қазасына арнап тіккен ауылға таяп 
қалды. Кеңгірдің жазғытұрым тасығанынан пайда болатын қара қамысты 
Қарасуды жағалай, қарабастырық пен ат құйрығын найзаға байлап босағаға 
іліп қойған бұл ауылдың қаралы жағдайын көрсеткен жүзге таяу ақбоз үй 
тұр. Сол ақ боз үйлердің төрінде, топ аққудың ортасына ұшып келген қара 
бүркіттей он алты қанат, шымқай қара қой жүнінен бастырған сұсты қара 
орда ерекше көзге түседі. Шаңырағына байланған Арғын руының көз 
таңбасы салынған сала құлаш құйрықты қара жалау... Қара орданың түрі тым 
сұсты, бүкіл Арғын руының айбары тәрізді... Өліктің бас жағында баласы 
қаза болғаннан бері шабылған қурай тәрізді кеуіп, қаусап қалған Қотан 
жырау, қобызын күңіренте көзінен жасы парлап, даусы шығар-шықпас 
болып сарнайды... Орданың сырты қандай болса, іші де сондай қан жылаған 
екен. Алтын, күміспен зерлеген қара сырлы уық, кереге, бақан. Абажадай 
қара шаңырақтан жерге салбыраған қара шуда жіптен өрген шашақты 
тұжырма. Үй іші адамның зәресін алып, құтын қашырғандай…Жырау 
сыбырлай зарлайды: 
«Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!
Сексен асып таяғанда тоқсанға 
Тұра алмастай үзілді ме жұлыным! 
Адасқанын жолға салдың бұл ноғайлы ұлының! 
Аққан бұлақ, жанған шырақ жалғыз күнде құрыдың 
Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!» 
Жалғыз ұлынан айрылған қарт жырау ұзақ сарнады. Біресе өзі тоқтап, 
кәрі қобызын аңыратты. Әлден уақытта қарт жырау «Аһ» ұрып әзер
тоқтады», – деп жазушы аяулы арысынан айрылған елдің, белгілі биінен 


103 
айрылған қазақтың игі жақсыларының, көкірегі қайғыдан қарс айрылған 
жыраудың бейнесін, осы арқылы жалпы қазақ халқының өлікті құрметтеу 
дәстүрін сөзбен, іс-қимылмен, психологиялық толғаныспен шебер 
бейнелейді [103, 84-87 бб.].
Мұндай оқиғадан кейін Арғын руы Әбілқайыр ханның Ақжол бидің 
құнына Қыпшақтан үш жігіттің басын ал дегеніне көнбей, Қобыландының
өзін сұрады. Хан Қобыландыны бере алмады. Бұған келіспеген Жәнібек пен 
Керей Арғын, Тарақты, Керей, Найман, Қоңырат, Уақ руларының біраз 
ауылын ертіп, Моғолстанға қарай көшті. Көшпестен үш күн бұрын қазақтың 
сол кездегі ардақты батырлары мен билері Қобыланды батырға келіп, оның 
да ата қонысы Торғайға көшуін талап еткен еді. Қайсар батыр Әбілқайыр 
ханның сөзіне еріп, ашу сезімін билей алмай, халқына қарабет болғанын кеш 
аңғарып, енді ел-жұртынан алыс кетпекке бел буады. Қазақ руларының үдере 
көшкенін естіп, хан Ордасына қарай шапқан батыр өз ісінің кесірінен қазақ 
ауылдарының іргесі сөгілгенін көріп, құлазып тұрғанда төбе басынан 
Гүлбаһрам-Патшайым сұлуды көреді де оған Ақжол биді де өлтірген, Саян 
батырды да өлтіртпек болған себебі өзіне ғашықтығы екенін жеткізеді, 
дегенмен жас сұлу оның бұл тілегіне келіспейтінін айтады. Бұл оқиғаны 
естіген Әбілқайыр хан Қара Қыпшақ Қобыландыға Гүлбаһрам-Патшайымды 
қоспақ болғанда, батырдың көшіп бара жатқанын, ал қызының қашып 
кеткенін естиді.
Қазақ руларының арасына үлкен іріткі салған бұл оқиғаның соңы 
Әбілқайыр хан әскерінің қолына түскен Қобыланды батырды Саян батыр 
мен Гүлбаһрам-Патшайымның құтқарып, екі батырдың бір-бірін кешіруімен 
аяқталады.
Қобыланды батыр мен әйгілі би Ақжолдың (Дайырқожа) арасындағы
қанды оқиғаға себепші болған қақтығысты зерттеуші Қ.Салғараұлы былай 
суреттейді: «Тоқсандағы Қотанның (Құтан, Қыдан, Қодан) таным зердесі 
жоғары тұр. Үміт еткен ұлына сыбырлап, қайғы жұтып, қан жылаған қарт 
баласының өлі денесін айнала жүріп, күйіне зарлайды, бірақ баласын мерт 
қылған 
Қобыландыны 
қарғамайды. 
Себебі, 
заманының 
ахуалын 
тамыршыдай тап басып, танып отырған дана қарт анық айыптының кім 
екенін біледі. Ел жақсысын бір-біріне айдап салып, атыстырып-шабыстырып 
отырған аяр саясаттың залалын өз ғұмырында талай көрген зерделі ақын 
ұлының соның қармағына ілігіп, Қобыландыға жауыққанына қазалана аһ 
ұрады. «Қара Қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным», – деп қайталай 
қақсап, қамыға зарлаған Қотан қарттың көмейіндегі жауығар дұшпаның, 
ұстасар жауың Қара Қыпшақ Қобыланды ма еді ғой қайтейін» деген 
өкінішті, өксікті сезесің. Соңынан жыраудың парасат-пайымына тәнті 
боласың. Кәрі тарихқа қайта үңілесің. Сонда Керей мен Жәнібектің Ақжол 
бидің жыртысын жыртып, Әбілқайырмен сол үшін келіспегенін, мұның жәй 
сыныққа сылтау екенін аңғарасың». Бұл оқиға тарих сахнасында ұдайы 
болып тұратын келіспеушіліктердің кесірі абзал азаматтарды да құрбандыққа 
шалатынын көрсетеді. Себебі фольклортанушы-ғалым Ә.Қоңыратбаевтың 


104 
пікірінше, Қобыланды Әбілқайыр ханның екі төбе биінің бірі болған, ал 
философия ғылымдарының докторы А.Тайжанов Қобыланды батырды «Ұлы 
Батыр, Жеке батыр» деп атайды. Тарихшы Қ.Салғараұлы өзінің «Қазақтар» 
атты роман-эссесінде Қобыланды батырға қатысты ойын әрі қарай 
тарқатады: «...Қобыландының Дайырқожаны өлтіруі – елдің екіге 
айрылуының себебі емес, тек желеуі, ал елдің екіге айрылуының тарихи 
шындығы басқада. Есен Бұғының Керей мен Жәнібек сұлтандарға Шу 
өңірінен шұрайлы жерді сайлап беруінде терістік шығыстан еміне енген 
ойраттар мен оңтүстік-батыстан көзінің сұғын қадаған Ақсақ Темірдің 
шөбересі Әбу Саид мырзаға арқа сүйеген өз ағасы Жүніске қарсы күресте 
өзбек жауынгер жігіттерін қалқан етемін деген мақсаты, ізгі үміті жатыр», – 
деп жазады [139].
Жазушы халық арасына кеңінен мәлім батырлық эпосқа өзек болған 
Қобыланды батыр бейнесін шығармасында да өз деңгейінде сипаттап 
шығады. Батыр бейнесі қашан да халық жүрегінде сақталатын тұлға. Оның 
ерлігі – халық ерлігі. Оның ісі қашан да халқынан қолдау тауып отырған. 
Қазақ халқына аңыз болып тараған Қара Қыпшақ Қобыланды батырдың 
бейнесі көркем шығармаға осылай өзек болған. Жазушы Ілияс Есенберлин 
өзінің жазушылық шеберлігі мен образ жасау тәсілін шебер қолдана отырып, 
халық батырының бейнесін толық жасап шыққан. 
Халық басындағы қиын-қыстау кезеңде қол қусырып отырмай, ел 
басына төніп келе жатқан осы бір алапатта билікті өз қолына алып, 
«ұлтарақтай жер» үшін, ұлдары құл, қыздары күң болмас үшін батыр бәріне 
барады. «Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен» заманда халқы 
батырларын қолпаштап, соңынан ерген. «Жанталас» романындағы Қабанбай 
батырдың осындай бір іс-әрекеті былайша беріледі: «…Қаншелек адам 
қорқау қасқыр тәрізді, өз бойына шындап қауіп төнсе, су жүрек келеді. 
Қарасұр бетінің сұп-сұр боп қуарып кеткеніне қарап, бұның қорқып 
отырғанын Қабанбай енді білді… «Ел билеген төрелердің бәрі осындай 
болса, жетіскен екенбіз. Жоқ, төрелерге сенуге болмайды. Жауға қарсы 
халықты көтеріп, қазір дабыл қағу керек. Болат, Әбілқайыр, Сәмеке 
қарамағындағы руларға тезірек ат шаптырып хабар берейін», – деді ішінен 
Қабанбай. Қабанбай атына мініп, қала халқы жиналатын, кісі асатын дарғасы 
мен жұртқа хабар жаятын жаршысы бар, Қожа Ахмет Яссауи мешітінің 
алдындағы алаңға қарай шапты. Бағзы заманнан «үлкенге – құрмет, кішіге – 
ізет» деп, бірінің алдын бірі кеспеген қазақ халқында әр нәрсенің өз орны, өз 
жолы, өз реті бар. Ханға, сұлтанға, төреге қара қол көтермеген. Ызалы болса 
да, ашуын ақылға жеңдірген Қабанбай батыр жайы романда былайша 
келтірілген. «Кенет Қабанбай қолындағы найзасымен оны отырған жерінде 
жайратып тастағысы келіп кетті. Бірақ, ел басына күн туғалы жатқанда төре 
тұқымын өлтіріп, тағы у-шу шығару…». Не нәрсенің де байыбына барып, 
ақылмен ойлар батыр керек кезінде шешен, қажет болса, басшы болған. «… 
Ол мінбеге шығысыменен Қабанбай батыр: 


105 
– Ал, халайық! Келе жатқан осал жау емес, – деді. – Елімізді, жерімізді 
сақтап қалу үшін бізден жүректілік табылар, тек бірлік керек. Түркістанды 
жауға берсеңдер, қазақ елінің шаңырағы құлап түскені. Жас деп қырын 
қарамаңдар, еріңіздер мына Елшібек ердің соңынан! Талаптының алдынан 
нұр жауар. Ел бастаймын деген батырдан қашанда батылдық табылады!». 
Осы жолдардан қашанда сөзі мен ісінде алшақтық табылмаған Қабанбай 
сынды батырымыздың қиын жерде қисынын таба білгенін көреміз. «Ақ 
найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» жерін, елін қорғаған, атамекенінің 
талан-таражға түскенін қаламас батыр жауға қаймықпастан қарсы шапқан. 
Елі үшін қызмет еткен ұлын халқы да еш уақытта ұмытпаған. Оның ізгі 
істерін ілтипатпен еске алған. 
Біз романдағы Қабанбай батыр мен тарихтағы Қабанбайдың арасында 
алшақтық жоқ екенін мына мәліметтен байқауымызға болады. «Қожағұлұлы 
Қабанбай (1703-1781) – жоңғар басқыншыларына қарсы күресті 
ұйымдастырушылардың бірі, қазақтың біріккен қолының Бас қолбасшысы, 
жекпе-жекте жеңіліп көрмеген халық қаһарманы. Шыққан тегі – Орта жүздің 
найман тайпасының Қаракерей руынан, ел азаттығы жолында күрескен киелі 
батырлар әулетінен. Оның атасы Мәмбет те, әкесі Қожағұл да, Қожағұлдың 
әкесі Күшік те өз аты шыққан батырлары болған. Ел аузындағы әңгімелер 
дерегіне қарағанда, Күшік батыр Еңсегей бойлы Ер Есімнің Ташкентті 
алатын соғысына қатысып, сол Тұрсын хан өлген жылы жамбасына улы 
найзаның ұшы тиіп, 25 жасында қайтыс болады [105, 153-154 бб.].
Қабанбай батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейінгі айтулы ірі 
шайқастардың бәріне қатысқан. «Хан батыры», «Дарабоз» деген атақтарға ие 
болған. Сан рет шайқас алдындағы жекпе-жекке шығып, бәрінде жаудың 
үміткер 
батырларын 
жер 
жастандырып, 
жауынгерлерін 
жеңіске 
рухтандырып отырған. Халқы оны «Қаракерей Қабанбай» деп аруақ тұтып
есімін жырға бөлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген. Абылай хан дәуіріндегі 
қазақтың ең соңғы әскери қақтығысы – 1770 жылғы қазақ-қырғыз соғысы. 
Бұл – осы соғысқа қатысқан Қабанбай батырдың да ерлік жолының соңғы 
белесі. 
Қазақтай айбынды елдің қыздары да ерлерінен кем болмаған. Ел 
басына күн туғанда тас түйіндей дайын болған. Ерлерін қолтықтан демеп, 
жылы сөзбен жебеген. Романдағы Гауһар қыз бейнесі ерлерден кем 
соқпайды. Ол сын сағаты туғанда ерлерше қимылдап, жоңғар қолына түскен 
сәтінде жақ ашпауынан көреміз. Әуелі Гауһар қызды Қабанбай батыр 
айналасынан көреміз. Алып денелі Қабанбай атына қарай аяңдады. Қабанбай 
атына мінген соң ғана қыздың жүзіне дұрыстап қарады. Қыз екі көзі 
жаудырап, Қабанбайды қимаған адамдай мөлдіреп тұр.
– Рахмет, құрбым, – деді Қабанбай, жүрегі кенет дүрсілдеп, – айдын 
көлдің аққуы аттандырды ғой, жолым болады екен! 
Қыз әлі жаудырай қарап тұр. 
– Айтқаныңыз келсін! 


106 
– Қош бол, қарындасым!.. – Қабанбай атының басын тежей қалды, – 
кездесе алмай қалсам, ең болмаса біліп кетейін, атың кім, қарындасым? 
– Атым Гәуһар… Бәсентин Малайсары батырдың қарындасымын, – 
қыз бұл жолы сүйріктей әппақ саусақтарын ұсынды. – Алла сау-сәламат 
көрісуге жазсын! 
– Айтқаның келсін, қарындасым! Қош бол! 
– Қош болыңыз! 
Қабанбай Көкдауылын тебініп қап, «Гәуһар… Гәуһар!..» деп күбірлей 
солтүстікке қарай жөнеп берді. Ұзап бара жатып, артына бұрылып қарады. 
Қыз әлі орнында тұр екен. Ол ақ орамалын алып, жігітке «сау қайтыңыз» деп 
екі-үш рет бұлғады. 
– Гәуһар десе Гәуһар-ақ екен! – деді Қабанбай, атының борбайына 
қамшыны басып жіберіп» [33]. 
Халық арасында Қаракерей Қабанбай батыр жөнінде аңыз-әңгімелер, 
жыр-дастандар өте көп. Солардың ең көрнектісі және көп тарағаны 
«Қаракерей Қабанбай батыр жыры. Бұл жырдың негізгі оқиғалары 
Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» романына негіз болған, жазушы Қабанбайдың 
батырлық ғұмырындағы тарихи мәні жоғары оқиғаларды, Арқауылмен, 
Әтеке жырықпен, Қарабекпен жекпе-жектерін суреттейтін тұстарына ерекше 
көрік береді. Сонымен қатар Қабанбай батыр туралы тарихи жырлар мен 
тарихи аңыздардың желісіне сүйенсек, батырдың есімі Ерасыл – Ізбасар – 
Қабан – Қабанбай – Дарабоз болып өзгерген және әрқайсысының шығу тегі 
әр түрлі тарихи оқиғамен байланысты болып отырған. Ал Қ.Жұмаділов 
өзінің тарихи шығармасын Қабанбай батырдың Абылай хан берген 
«Дарабоз» есімімен атаған. Бұған керісінше тарихи құжаттарда Қабанбай 
батырдың 1740-1762 жылдардағы өмірі ғана көрінеді. Бұл кезде оның есімі 
ел арасының бітімгершілігінде жүрген дана, би ретінде айтылады. «Дарабоз» 
романында Қабанбай батыр бейнесі асқақ шыққан. Жоңғарларға қарсы 
азаттық соғысынан батырдың жеңіспен қазақ жеріне оралған кездегі 
батырдың жан толқынысы мен көңіл қуанышын жазушы: «Қабанбай бір топ 
батырлар қоршауында, басқалардан оқ бойы алда келе жатқан-ды. Мерейі 
үстем, көңілі көтеріңкі. ...Өмірінде талай жорықтардан олжалы оралып жүрсе 
де, өзін дәл осы жолғыдай бақытты сезініп көрген емес... оның көз алдында 
ұрыстан қалжыраған қазақ даласы да дәл қазір төрт құбыласы түгенделіп, 
төрт пұшпағын төрт тарапқа жіберіп, еркін тыныстап жатқан батыр 
сияқтанды», - деп бейнелейді. Бұл жерде жазушы елі, жері үшін жанын 
аямаған қазақ батыры мен дархан қазақ даласының арасына теңдік белгісін 
қойып, батырын қару қылса, даласын дана етіп әсірелейді [109, 415-б.]. 
Батыр бейнесін жасауға автор әр қырынан келеді, Қабанбай ауырып, 
бәбішесімен қоштасқандай болғанда бәйбішесі Майсары батырдың 
қарындасы Ханбибі: «Тағдыр бізге Қабанбайдай батырдың қосағы болуды 
жазса, одан артық құдайдан тілейтініміз не? Қол бастап жауға аттанғаның – 
қуаныш болмап па еді біз үшін?! Сен – отбасына ғана пана емес, иісі қазаққа 
қорған болған адамсың... Бізге сенің алыстағы айбының, басымызға 


107 
қондырған бағың да жетеді!» – деп батырын ұлықтаса (383-бет), өз батыры 
Әтекенің кегін алу үшін Қабанбайды ауырып жатқан жерінде мұқалтуға 
келген қырғыздардың арасындағы егде адамының Қабанбайдың ат үстінде 
тұрғанын көргенде: 
– Мәссаған, мынау Қабанбай батыр ғой! Енді соғысуда мән жоқ. 
Батырдың аяғына жығылып кешірім сұрайық! – деген сөзі батырдың аруақты 
айбынын, қажырлы қайратын, қаһарын көрсетеді [140, 401-б.]. 
Ал қазақтың қас батырларының бірі Бөгенбай бейнесі «Жанталас» 
романында кездеседі: «… Сол дүрліккеннің бірі Арқадан бес жүз сарбазбен 
келген Бөгенбай батыр еді. …Әбілқайырдың бұл кезде сонау Жайық 
бойында жорықта жүргенінен хабардар Бөгенбай ғана қызуын баса алмаған. 
«Әбілқайыр үлгере алмайды, Хиуа жолына біз жақынбыз!» деп Бөгенбай 
ханға келіп жорыққа шығуын өтінген. Бірақ Әбілқайырға өкпелі хан 
көнбеген. Ашуға мінген Бөгенбай өзінің бес жүз жігітіне атқа қонуға 
бұйырған. …Ұрыс біткеннен кейін, Бөгенбай жігіттерімен Кіші жүз еліне 
қонаққа барған, Бөгенбайдың батырлығына риза болған Әбілқайыр және бұл 
секілді батырды өз жағында ұстауды жөн көріп, Сақыпжамалды Бөгенбайға 
қосты». Біз осы жолдардан қорқу білмес қазақ батыры Бөгенбайдың көзсіз 
ерлігіне куә боламыз. Қызын қараға бермес хан тұқымының қарындасын 
батырға қосуы бұл да ел айбаты ерлеріміздің абыройын көрсетеді. Ел 
тағдыры сынға түскен сол заманда ісімен ғана емес сөзімен де қалың қазақты 
мойындата білген батырдың бейнесі былайша көрінеді:
«…Жылан мен мысық арбасуындай, Ақ Орда ішін бір суық ызғар 
биледі. Ашулы Барақ тағы сөйлемек болып келе жатыр еді, бағанадан бері 
жұмған аузын ашпай отырған Бөгенбай жартас үстіне қонған бүркіттей 
қомданып саңқ ете қалды…
…Бөгенбай ат арқасына ерте қонған батыр еді. Осыдан он бес жыл 
бұрын өзі Үргеніш жақта жорықта жүргенде, жоңғардың бір аламан жасағы 
ауылын шауып, қатын-баласын найзалап өлтіріп кеткен. Содан бері Бөгенбай 
ер үстінен түскен емес. Еліміздің жат жауларыменен сан айқасты. Және 
үнемі жеңіп жүрді. Бұл күнде атағы алты алашқа аян болып, даңқының 
көтерілгені соншалық, тіпті бұл істемеген ерлікті де қазақ бұған таңды. 
Бөгенбай аңызға айналды. Халқының осыншама құрметі мен өзінің жеке 
басының батырлығы арқасында, ол жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ 
елінің жауына қарсы жалау етіп көтерген көсемдерінің бірі болды, қандай 
хан болсын, сұлтан болсын Бөгенбаймен ақылдаспай майданға шықпайтын 
күйге жеткен.
– Сөйле десеңдер сөйлелік, – деді Бөгенбай ішке тұнған ызасы мен 
уайымын әзер басып, – Біз хан емеспіз халықты билейтін. Ал халықтың қаны 
төгілетін жерде жалғыз ғана хандар сөйлеп қоймаса керек-ті. Маған 
салсаңдар, орыс бекіністерінің маңында жұртқа қауіпсіздеу екені рас. Сол 
себептен де жоңғар сойылынан пана іздеген көп ауыл, орыс шекарасына таяу 
көшіп барды емес пе? Әрине, ол арада қара халықтың басына бәлендей 
жақсылық орнап жатқан жоқ. Сөйтсе де халық деген Сейхұндариядағы 


108 
балық тәрізді. Қаупі аздау тереңдікті іздейді. Орыс шекарасына да сол үшін 
таяу қонып жатыр. Ол енді Бараққа қарады. – Ел мына сенің жақындарыңнан 
алыстау жерде түтінін түтетіп, малын бағып, асын тыныш ішкісі келеді» 
[103]. 
Қазақтың қай батыры, жырауы, шешені болсын ел басына күн туғанда 
бес қаруын асынып тірек болса, шешімі жоқ таласы көп дауда би де бола 
алады. Олардың дәлелді сөзіне хан да, сұлтан да құлақ асқан. Біз де Бөгенбай 
батырдың парасаттылығын, терең ойлылығын, жарғақ құлағы жастыққа 
тимей, ер үстінен түспей елінің жай-күйін ойлағанын көреміз. Халқы өз 
ұлдарын ұмытқан емес. Бойындағы үрейін қуар, қажыр-қайрат, батылдық 
шақырар тұстарда ұранға айналдырған, асылына теңеп мадақтаған.
«…Енді көп арасынан:
– Уа пәле, жігіт болсаң Малайсарыдай бол! 
– Япырмай, Қаракесек Қапан қандай мерген еді! 
– Уа, Бөгенбай батырға кім жетсін! Алты алаштың айдары ғой».
Алашының айдарына теңеген батырының жан қиярлық ерлігін елі де 
жадында сақтаған. Сонау заманнан көмескіленбей, бүгінгі күнге де жеткен. 
Біз халық аузындағы Бөгенбай батыр мен тарихтағы Бөгенбайдың арасында 
алшақтық жоқ екенін мына мәліметтен байқаймыз. 
Бөгенбай Қожекеұлы – батыр қолбасы. Орта жүздегі арғынның 
Қараман атасынан. Бөгенбай арғын-қыпшақ қолын, кейін Кіші жүз қазақтары 
мен ноғай әскерін басқарған. Маңғыстау аймағы, Жайықтың шығыс 
жағалауы, Ойыл, Жем, Сағыз өзендері бойы мен Түркістан, Шу, Жетісу, 
Аягөз өңіріндегі т.б. шайқастарға қатысып, қазақ, ноғай, қарақалпақ 
халықтарын, Алатау қырғыздарын жоңғар, қалмақ шабуылынан қорғауда 
ерлігімен танылған. Архив құжаттарында Бөгенбайдың әлеуметтік-
экономикалық мәселелерге де араласқаны туралы дерек келтіріледі. 1748 
жылы 20 маусымда Ор қамалында А.Тевкелевпен бірге қазақтардан Жәнібек 
тархан, оның баласы Жауқашар, Бөгенбай батыр және тағы алты адам 
арасында қазақ-орыс өзара қарым-қатынасы жөнінде құжат қабылданды. Бұл 
құжатта Бөгенбай батыр Жәнібек тарханның сенімді адамы әрі орынбасары 
ретінде «бригадир Тевкелевпен бірге тең дәрежеде» болғаны көрсетіледі. 
Бөгенбай 1759 жылы жазда Маңғыстау аймағын түркімен басқыншыларынан 
тазартып, жеңіске жеткен соғыста ауыр жараланып, сарбаздары найзаға 
салып әкеле жатқан жолында қаза табады [103, 238-б.].
«Жанталас» романында жас та болса, бас бола білген Елшібек батыр 
қажырлы қайратымен, табандылығымен, қайсарлығымен Қабанбай 
батырдың күллі халықты, қаланы сеніп тапсыру ісінде, сол жолдағы 
жанталаста көрінеді. «Жұртты қақ жарып, жолбарыс мүшелі, нар кеуделі, 
жиырма бестер шамасындағы ақсары жігіт алға қарай ұмтылды. Бұл 
Шыршық өзені бойынан Түркістандағы нағашысының үйіне келіп жатқан 
Сіргелі руының «бала балуан» атанған Елшібек атты батыр жігіті еді. 
…Елшібек батыр басқарған қала халқы нар тәуекелге бел буып қаланы 
қорғап бақты. Күн ауа бие сауымындай ғана мезгіл көзінің шырымын алуға 


109 
мұршасы жеткен Елшібек ат үстінен түсуге де уақыты болған жоқ. Бүкіл 
құдық біткеннің бәрін құм басты. Енді тұрғын жұрт пен әскер шөлден 
қырылуға айналды. Сонда ғана барып Елшібек батыр қаланы беруге мәжбүр 
болды». Осылайша бар мүмкіндігінше Елшібек батыр бел шешпей, 
қырағылықпен қаланы қорғайды. Оны халқы да қолдап, бір жағадан бас, бір 
жеңнен қол шығарады. Ол қай жерде де «жеңілдім» деп жасымай, жеңіске 
ұмтылады. «Түркістанды тастап кеткен Елшібек батыр, түнде қамыс 
арасында тығылып жатып, күндіз жүріп, үш күн дегенде серіктерімен осы 
Сауран бекінісіне әзер жеткен. …Бұл маңайға әйгілі Елшібек батырдың 
келгеніне олар қуанып қалды. Бір дауыстан бәрі шаһарды қорғау жұмысын 
Елшібекке тапсырды. Батыр бірден жауға тойтарыс беру жабдығына кірісті». 
Елшібек батыр халықты алдағы жайларға дайындап, тас түйін болып, өте 
ақылды басшы бола біледі. Басшысынан баласына дейін батыр қазақ халқы 
қашанда кеудесін жауға бастырмаған, намысын таптатпаған. Бабасының ақ 
жолын ұстанған ұлдары ел үшін жанқиярлық ерлікке барып, бастарын 
бәйгеге тіккен, ата жолын жалғастырған. «Жанталас» романында бұл 
сөзімізге мына жолдар дәлел бола алғандай. 
«… Бір кезде осы бекініс үстінде тас мүсін тәрізді күзетте Орақ батыр 
тұрған. Содан жүз елу жыл кейін, құл мен күңнен туған, жалаңтөс батырлар 
Қияқ пен Тұяққа кезек келген. Қазір қорған үстінде осы қос батырдың 
ұрпағы, алпамсадай алып денелі, құрыштай берік Науан ұста тұр. 
…Күзетте тұрған Науан ұстаның қасына Елшібек батыр мен Бұқар 
жырау келді. 
– Барсыңдар ма, өрендерім! – Бұқар сүйсінгендей барлық жұртты 
көзімен бір шолып өтті де Науанға бұрылды. – Арғы аталарың Қияқ пен Тұяқ 
батырлардың ерлігіне қанық едім, өз ерлігіңді көзіммен көргелі, шыбын 
жанымды шүберекке байлап, әдейі іздеп келдім, арысым…». Осылайша 
халқы да жауға қасқая қараған батырларының жанына жалау болған, 
қолынан келген көмегін аямай, қасынан табылған. Ерлікке шақырар, көңілін 
марқайтар жырларымен рухтандырған. «Ал кеше жырау, Науан ұстаның 
тілегі бойынша, Сауран бекінісін өткен заманда қалай қорғағанын жыр 
еткенде, жұрт халықтан шыққан Қияқ пен Тұяқ батырлардың қимылын 
құныға тыңдаған». Сөздің қасиетін ұғар халқын жырау осылайша 
жігерлендіреді, қайраттандырады. Бұқар жырау елі үшін көпе-көрнеу өлімге 
басын байлаған ер ұлдарының сол бір хикаясын майын тамыза әңгімелейді. 
«…Тәуекел Қияқ батырға өмір бойы борышты да еді. Сөйткен қос батыр енді 
хан алдында айыпты боп, кісендеулі тұр. … Осындай ұлы жорықтың 
алдында Қияқ пен Тұяқ секілді халықтың сүйікті батырларын біржола 
құртып жіберуге Тәуекелдің де көңілі дауаламаған. …Ханның Бұқарға 
аттанбауына себеп болған Қияқ пен Тұяқ батырлардың және олардың 
соңынан ерген жұрттың қылығы еді» [103, 136-б.].
Романды оқи отырып, елі үшін отқа да, суға түсуге даяр ұлдарының 
жеке басының жайын ойламай, жанынан безгенін көресің. Бар ғұмыры ат 
үстінде өткен, сол бір жаугершілік замандағы халық ұлдарының өз пайдасы 


110 
үшін бақай есепке бармаған халқына деген адалдығына тәнті боласың. Қияқ 
батыр жайындағы мына бір оқиға осыған мысал бола алғандай. 
«… Орнынан сүйретіле тұрып, Тәуекел жігіттің бетіндегі шынжыр 
торды ашты. Қияқ батыр екен. 
– Сені алып кетуге келдік, – деді ол кезеріп кеткен ернін әзер 
қимылдатып, – жат жерден тезірек кетуің керек… 
– Басқа елге тиме, өз басыңа өзің жетесің деп едің, Қияқ батыр, 
айтқаның келді», - деді Тәуекел. Сосын ол да Қияқ батырдың үстіне құлап 
түсті. Дәл сол сәтте Қияқ батыр да ақырғы рет ышқынып, демін бір алды да, 
о дүниеге жүре берді. Сөйтіп бір күнде, бір мезетте туған екі батыр бір 
күнде, бір мезетте о дүниеге сапар шекті. … Ал сол ханмен бірге өмір 
сүрген, құлдан шыққан Қияқ батыр, елі-жері үшін үнемі жорықта жүріп, 
елуден асқанша бұл дүниенің рахатын көре алмай кетті». 
Романдағы келесі бір күрделі тұлға – Батыр Баян. «Жанталаста» 
Бұқардың тарихи тақырыптағы әңгіме-дүкенінен басқа кірме новеллалардың 
ең көріктісі Батыр Баянға қатысты. Хикаяның басты идеясы бұл жолы 
Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баяндай» інжу-маржан поэмасымен 
сабақтасады. «...Ал бұл жеткен – бар болғаны үш мың жауынгері бар Батыр 
Баян еді. Ол Іле бойында бұрын да қалмақпен сан айқасқан, сан жеңген, жау 
жағына бұрыннан белгілі батыр. Ақбоз атын қол алдында көсілдіре салып 
келе жатқан жігітті көргенде жоңғарлар «Батыр Баян» деп шу ете түсті» [103, 
10-б.]. Жоңғарларға үрей тудырған аты алты алашқа аян батыр атына заты 
сай ер болған. Қазақ жерінің қай шетін жау шалса, сонда табылар ол 
халқының бағына туған ер. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерін, 
атамекенін сақтаған сол бір арпалыста өзінің жанкешті әрекетімен көрінер 
Батыр Баян романның үшінші бөлімінде екі-үш эпизод үстінде көрінсе де, 
жарқын бейнесі есте қаларлық. Біз Баянның көзсіз ерлігінен оның үлкен 
отаншылдық және намысшылдық сезімінің куәсі боламыз. Батыр Баян 
хикаясы ел намысын жібермеу ердің бас борышы дегізетін әруақты 
пафосынан нәр алады. Батыр Баян қалмаққа қашқан інісі мен ғашығына 
садақ тартады. Бірге туған інісі мен ғашығын қиып түсіреді. Осы ісі жүрегіне 
күйік болып қадалады. Қан майданнан ажал іздеп, ақыры оған кезігеді. 
Трагедия Батыр Баян бейнесін асқақтата түседі. Ел мүддесін бәрінен жоғары 
қоятын Баян ұлт тілегін жеке басының құлқынына айырбастайтын уақ кісі 
емес. Баян оғы – намыссыздыққа, ел мүддесін аяққа басқандыққа төзбейтін 
ыза-назаның оғы еді. 
«Жанталас» романында жазушы батырлар бейнесін барлық жағынан 
сипаттап көрсете отырып, олардың мінез-құлқын, батырлық характерлерін 
ашуға мән берген. Романда Қияқ батыр қасынан Тұяқ батырдың да 
жанкештілігімен, ел тәуелсіздігі, тыныштығы жолындағы ерлік істерімен 
көреміз. «Есім Әбдірахманға жәрдем ретінде бес мың қазақ әскерін жіберуді 
ұйғарды. Ол бұл әскерді Тұяқ батырға басқартпақ болды». Осыншама әскер 
сеніп тапсырылған Тұяқ батыр әр кез халықтың жоқшысы бола білді, 
жанынан баз кешіп осы жолда өмірін өткерді. 


111 
Жер, халық тағдыры сынға түскен сол бір жанталаста ел намысын 
жібермеген қазақтың нар тұлғалы ұлдарының іс-әрекеті, ерлік істері романда 
айшықты, әсерлі суреттеледі. Сол уақыттағы беделі ханнан асып түсер, бір 
сөзді, ер жүректі Кенесары, Ағыбай, Сейтен, Байтабын, Наурызбай, 
Жанайдар батырлардың Отан, атамекен үшін жанқиярлық ерлікке барғаны 
жан-жақты, жазушы тілімен түсінікті жеткізілген. «Ер етігімен су кешкен, ат 
ауыздығымен су ішкен» заманда халқы қолпаштап, соңынан ерген 
батырлардың «Қаһар» романындағы көркем бейнелеріне назар аударайық. 
Романдағы Кенесарыдан кейінгі басты рольді Наурызбай иеленеді. 
«Дәл осы кезде бұлардың жанына Наурызбай келді. Бұл жиырма екіге жаңа 
шыққан келбетті жігіт. Бір әке, бір шешеден туса да, бітімі Кенесарыға 
мүлдем ұқсамайды. Сұңғақ бойлы, екі иығына екі кісі мінгендей құлаш 
жауырын, тіп-тік келген, ат жақты, екі бетінен қаны тамған аққұба түсті... 
Басында қызыл барқытпен тыстаған құндыз бөркі, үстінде құйыршықтары 
мен тырнақты аяқтары салбыраған қара қасқа күзен ішік. Ішігінің жағасына, 
жеңіне, шетіне қара қоңыр құндыз ұстаған. Беліндегі күміс белбеуіне 
былғары қынды селебе таққан. Наурызбай ұрысқа да осы киімімен шығатын. 
Білегіне дейін сыбанып түріп алған оң қолында бауыры қорғасын, бесбатпан 
зілдей ауыр қара найзасын тудай көтере ұстап, астындағы сарғылт 
қылшықты ақ боз атын ойнақтата «Абылайлап!» шапқанда, жан қарсы келе 
алмайтын. Және зілдей қара найзамен ешкімді қос қолдап шаншып көрген 
емес. Оң қолында төрт жігіттің күші бар дейтін жұрт. Наурызбай асқан 
найзагер, заманында бұл соғыс қаруынан өзіне парапар келетін жан 
кездестірмеген. Және жауға шапқанда қабағы қарс жабылып, жүзінде ерекше 
қаһар пайда болатын. Ал жайшылықта Наурызбайдан ақ жарқын жан жоқ. 
Ол мұндайда әрі әнші, әрі әзілқой. Ал қазір Наурызбайдың қалың қабағынан 
қынжылған рең байқалады. Көзі тереңдей, қас-қабағы кіртие қалған», – деп 
жазушы суреттеген Наурызбай романда ел бірлігі, дұшпандармен ұрыс 
жолындағы Кенесары сұлтанның, кейінгі ханның көмекшісі, сүйеніші бола 
білген. «Наурызбай Кенесарының оң қолы, оң көзі – онсыз ол жарты жан 
емес пе?». Шығармадағы осы бір ғана сөйлемнен-ақ Наурызбайдың қадір-
қасиетінің қаншалықты биік дәрежеде екенін көре аламыз [103]. 
«Қаһар» романында суреттелген батырлардың бірі Құттымбет 
(Құтпанбет) ұлы Наурызбай (1706-1781) – жоңғар басқыншыларына қарсы 
күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасы. Шыққан тегі 
– Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы 
қаласы маңындағы Жалпақтас, Серіктас деген жерлер. Оның нар тұлғалы 
алып денесіне қарап халық жадында «торы ала тұлпарлы, түйе тұрпатты» 
батыр бейнесінде есінде қалған. Наурызбай өмірі жоңғарларға қарсы күресте 
өтеді. Ол атақты Аңырақай шайқасына қатысып, жиырма үш жасында 
қалмақ батырлары Шамалхан мен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтіріп, батыр 
атанады. Қол бастап талай шайқасқа қатысқан Наурызбай батыр 1750-52 
жылдары Бәсентиін Малайсары, Қыстық Малай, Шапырашты Қасқары 
батырлармен бірге тізе қоса қимылдап, қазақ қолының жеңісті жолын 


112 
жалғастырып, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуып тастайды [105, 161-162 
бб.]. 
Романдағы көркем бейнеленген батырлардың бірі де бірегейі – 
Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885) – Кенесары Қасымовтың Ресей 
отаршылығына көтеріліс басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы 
болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. «Қаһар» романында Ағыбай 
батыр жөнінде мол дерек келтіріледі. «Шұбыртпалы Ағыбай Қасым төре 
балаларының соңынан ерген, кедейден шыққан батыр. Биыл отыз төртте, зор 
денелі, түкті қабақ қара сұр, шүңірек көз кісі. Қолдары бақандай ұзын, 
саусақтары анау-мынау адамды маңдайынан бір шерткенде үнсіз 
қатыратындай салалы, жұп-жуан. Сақал-мұрттан ада дерлік, тек иек астында 
селдір ғана сақалсымақ бірдеңе бар. Құрдасы Кенесарыдан бастап үзеңгілес 
серіктерінің бәрі оны «көсе» деп атайды. Сырт бейнесі ызбарлы, бір 
көрінгеннен-ақ күш иесі екені танылады. ...Белінде тізесіне тиетін қайқы 
қара қылыш пен қап-қара болат семсер. Тек арқасына үнемі таңулы жүретін 
болат қалқаны ғана бозғылт... Үсті-басы қара қоңыр, темір тор сауытты 
Ағыбайдың түсі орасан суық, сонау шүңет көздер қайтпас қайсарлық, 
таусылмас қайрат отындай жанады. Қандай жүректі жан болса да, Ағыбайды 
алғаш көргенінде алпамсадай ызбарлы түрінен сескенбей қалған емес. Ал 
әлдеқалай түнде кездескен адам, ертегінің дәуін көргендей жүрегі жарылып 
кете жаздайтын. Оның есінде батыр түн ұйқысынан шошытып оятар бір 
құбыжық секілді өмірбақи қалатын... Жастайынан жетімдік пен 
жоқшылықты көп көрген Ағыбай уақыт өте келе жауларын да, жақындарын 
да өз ерлігіне тәнті етеді. Бизанов полкіне қарсы жасаққа мыңбасы сайланған 
Наурызбай батырға ақылшы болуы соның дәлелі. 
Шығармада тартымды да нанымды суреттелген образдардың бірі – 
Жоламан батыр бейнесі. ...Ана төбе үстіне жиналған қарттардың ішіндегі 
қапсағай денелі, қара сақалды, орта жасқа келіп қалған тұлғалы кісі дегбірсіз 
отыр. Құбыла жаққа қадалып қалған. Оның үстінде темір торлы шолақ 
сауыт. Басында темір тор далбағай. Сауытының жеңі шынтағына ғана 
жетеді. Білегін ішіне киген көк барқыт кең балақ шалбар. Аяғында өкшесі 
мен балағын күмістеген кең қонышты саптама етік. Сауытын ышқырланып 
алған. Күміс белбеуінде жез сағалы, қынына алтын жалатқан көк семсер. Сол 
қолының шынтағына ілген болат қалқан: Қазір қауыпсыз бір тыныштық шақ 
болғандықтан шетіне зер ұстаған көк барқыт шапанын иығына жамыла 
салған... Осы бір сұсты адамның айбынды түрінде қазір бір үлкен қобалжу 
бар. Әлсіз арман көңілін ұйтқытып күңгірт жүзіне тап-тап бергендей.
Бұл – осы көптің қолбасшысы, Табын руының биі, мың жылқы айдаған 
сұлтан Тіленші ұлы Жоламан батыр еді. Тіленші ұлы Жоламанның қазақ 
халқының ХІХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы Ресей империясының 
отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, халық 
батыры, Кіші жүз құрамындағы Табын руынан шыққандығы, Кенесары 
жасағымен бірігіп, отаршыл саясатқа қарсы күрес жүргізгені, «халық кегіне 


113 
суарылған ақ семсер жүзі мұқалмайынша бетімнен қайтпаспын» дейтін сөзге 
беріктігі туралы жазушы «Қаһар» романында шынайы суреттеген.
«Қаһар» романында жас батыр Байтабын туралы Жоламан батырдың 
«үлкен апасынан туған Кіші жүздің Есентемір руындағы жалғыз жиені еді. 
Жанындай жақсы көретін, әйтсе де ел қамын ойлаған Жоламан, қиян-қыстау 
қатерлі нартәуекел іске көбінесе Байтабынды жұмсайтын. Өйткені Байтабын 
шексіз батыр, епті, айлакер» деген дерек берілген. Сондай-ақ романда 
Байтабын – Ақбөкен оқиғасы да бейнелі суреттеледі. Ақбөкен де Табын 
руының бір момын адамының қызы. Жастайынан атқа шауып, атын бәйгеге 
қосқан еркек-шора қыз кейін аққудың көгілдіріндей әдемі болып өседі. Оның 
сұлулығын жазушы: «Ақбөкен десе ақбөкендей әдемі екен! Ат жақтылау 
келген ақшыл жүзінде ай сәулесі ойнап, тостағандай мөлдіреген бота көздері 
түпсіз тұңғиық қара судай тұна қалған. Көтеріңкі қос алмалы кеудесі сұңғақ 
келген, аппақ жұмыр мойнымен тұтаса көз тартады. Ақ маңдайына үкілі 
кәмшат бөркі, қыпша беліне мықынын оя тіккен қызыл барқыт оқа пешпенті 
жарасып-ақ тұр. Әсіресе көзге түсері, белдігіне байлаған жібек жібі шешіліп 
кетіп, арқасынан төмен қарай жерге төгілген қою қара шашы. Мұндай да 
ұзын шаш болады екен-ау! Тоқпақтай болып өріліп, үзеңгіден төмен ат 
тірсегіне дейін төңкеріле түсіп тұр... нағыз қара толқын тәрізді төгіліп жерге 
тиіп жатыр», - деп суреттейді. Ол өз бақыты үшін күресіп, Серғазы ханға 
тоқалдыққа тимес үшін ұрын келген оған қымызға күшәла қосып беріп, 
қашып кетеді. Жауыз хан болса, Ақбөкенді қолға түсіру үшін әкесі 
Жантемірді өзіне төлеңгіт етіп, ауылын көшіріп алған болатын. Ақбөкеннің 
сұлулығын суреттеген жазушы оның тілге шешендігін де байқатады: 
– Қарағым, жол болсын, – деді Жоламан. 
– Қол бастаған кемеңгер аға, – деді Ақбөкен тағы да басын иіп, – біз 
бір қара құзғыннан шошып ұясын тастап ұшқан әлсіз көгершін... [33, 520-
527 бб.]. Жазушы Ілияс Есенберлин өзінің шығармасында адам өмірінің 
қилы кезеңдерін сұлу суреттей дәл бере білетін шеберлігін танытқан.
Зерттеуші С.Салқынов ««Асау–Барақ» немесе Табын тарихына 
кіріспе» атты еңбегінде Жоламан батырдың аталары да ел қорғаған батырлар 
болғандығын дәлелдейді: «Бөкенбай батыр Қарабатырұлының бел баласы 
Тіленші де, немересі Жоламан да қазақ халқының азаттығы жолындағы сан 
ғасырлық айқаста аты шыққан батырлар болған. Ал Бөкенбайдың өзі қазақ 
тарихында жаудан қайтпаған батыр, әрі дарынды қолбасшы, шебер 
мәмілегер, қараша тұрмақ хан баласына жөн сілтеп, жоба белгілеген 
қайраткер». Бұл Кіші жүздің табын руынан шыққан Жоламан батырдың 
сүйегі асыл, тегі батыр екендігін көрсетеді [141, 282-284 бб.]. 
«Қаһар» романында бейнеленген ержүрек ерлердің бірі Толыбайұлы 
Олжабай (1709-1783) – жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақтың 
атақты батырларының бірі. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасынан. 
Олжабайдың арғы атасы Айдабол он үш жасында би болған. Әкесі Толыбай 
атақты «Ақтабан шұбырындыда» босқан елді жау өтінен қорғап жүргенде 
оққа ұшады. Осы кезде он үшке жаңа толған Олжабай нағашысы Қаратай 


114 
батырдың қолына барып, сонда тәрбиеленеді. Оның есімі он сан Орта жүзге 
ұран болған. Халық жырларында «Олжабайлап» жауға шапқанның 
жеңбейтіні болмаған. Үрей туғызатын ұранды пайдаланып, өзгелердің де 
жауға «Олжабайлап» шабатын кезі болған көрінеді. Олжабай Қабанбай, 
Бөгенбай, Малайсары батырлармен бірге тізе қоса отырып, ата жауға қарсы 
талай жорыққа қатысқан. Оның ерлігінің ерекше көрінетін жері Баянауыл 
баурайындағы қалмақтармен болған айқасы. 
Қазақ тарихында аты мәлім, тарихи тұлғасы айқындалған батырлардың 
бірі елі үшін жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыста аты аңызға айналған 
Райымбек батыр (1730-1829) – Ұлы жүздің Албан тайпасы, Алжан руынан 
шыққан. Райымбектің атасы Хангелді атақты батыр, ел бірлігі мен 
тыныштығын сақтау жолында көптеген әрекеттер жасаған қайраткер болған. 
Райымбек батыр он жеті жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте 
ерен ерлік көрсетіп, батыр атанады. Ол туралы жазушы: «Райымбек – 
тумысынан дарынды, соғыс өнеріне жас кезінен үйренген, айлакер де тәсілді 
батыр. Сұңғақ бойлы, ойы оралымды, өткір мінезді, қара дауыл соқса да, 
қабақ шытпайтын Райымбек он бесінде ат құлағында ойнаған, он алтысында 
орда бұзар атанған», – деп сипаттайды. 1755-1757 жылдары Абылай ханның 
басшылығымен жоңғар хандығын толық талқандайды [103, 426-б.].
Жоғарыда аталған батырлармен қатар романда Жәуке, Бигелді, 
Қошқарбай, Бұқарбай секілді ерлердің ерен істері де көрініс береді. Алайда 
Наурызбай, Кенесары, Иман (Амангелді Иманұлының әкесі), Жоламан, 
Ағыбай, Байтабындарға қарағанда көмескі. Бұл батырлардың ерлік 
әрекеттеріне жазушы «Қаһар» романында толық тоқталып, олардың бет-
бейнелерін, мінез-құлықтарын ашып жатпайды. Тек ара-арасында ғана сөз 
болып отырады. Десек те, біз ол батырлардың тарихтағы орнына тоқталып 
кеткенді жөн санадық. 
Жәуке Назарұлы (1822-1904) – Ресей империясының отаршылдық 
саясатына қарсы күрескен батыр. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының 
Төлек руынан шыққан. Жәуке жастайынан өр мінезді, намысқой, дұшпанына 
қатал болып өскен.
Қошқарбай Сағайұлы (1710-1758) – Жоңғар шапқыншылығы кезінде 
батыр атанған. Қыпшақ тайпасының Құлан руынан. Омбы архивіндегі 
Г.Н.Потанин мен П.П.Семенов-Тянь-Шанскийлер 1860 жылы жинаған 
мәліметтерде Қошқарбайдың жоңғарларды Омбы қаласы маңынан Обь 
өзеніне қарай ығыстырып тастағаны жайлы айтылады. 
Бигелді Жошыұлы (1860-1933) – би, шешен, сынықшы. Батырлар 
әулетінен шыққан. Күрті, Балқаш, Бақанас, Іле өңірін жайлаған елдің әйгілі 
көшбасшысы.
Бұқарбай Естекбайұлы (1822-1898) – батыр, шешен. Кіші жүздің табын 
руынан шыққан. Әуелде ру намысын қорғап батыр атанған. Бұқарбай 
Кенесары көтерілісіне алғашқылардың бірі болып қатысып, 1847 жылға 
дейін көрнекті батырлардың қатарында аталады. Ол 1838 жылы Ақмола 
бекінісін алуға қатысады. 1850 жылы Бұқарбайдың жасағы Қазалы, Арал, 


115 
Қосқорған бекіністеріне шабуыл жасап, казак-орыстар мен қоқандықтарды 
жеңді. Өмірінің соңғы жылдарын ел ішінің тыныштығын сақтауға арнаған. 
Ол өзінің беделі мен ықпалын, шешендік қабілетін араздасқандарды 
табыстырып, дау-тартыстарды әділетті шешуге жұмсаған.
Қазақ батырлары халық қамын ойлап, ел үшін күрескендіктен, олардың 
есімі жалпақ қазақ еліне түгел таныс. Бұл туралы тарихшы М.Тынышпаев: 
«Қазақтардың кейбір руларының ата-бабалары Қырымда, Солтүстік 
Кавказда, Қазанда, Сібірде болған. Сондықтан Қобыланды, Ер-Көкше, Едіге, 
Шора, Ер-Тарғын және т.б. батырларды Қырымнан Алтайға дейін және 
Қазаннан Өзбекстанға дейінгі жерлерде бірдей біледі, сондай-ақ қырым 
татарлары, қазан татарлары, ноғайлар, башқұрттар (кейбір бөлігі), қазақтар, 
қарақалпақтар, өзбектердің негізгі бөлігі шамамен бірдей тайпаларда 
шыққан», – деп түсінік береді [142, 130-б.].Әдебиеттегі ару – әйел – ана 
бейнесінің жасалуы нәзіктік пен сұлулықтың қосындысы ретінде берілетіні 
белгілі. Ана мен Киелілік – егіз ұғымдар. Қазақ халқының ұлттық 
болмысында ананы от басының қамқоршысы, елдің ұйтқысы, береке-
бірліктің бастаушысы деп санаған. Көне түркілерде Ұмай ананы 
шаңырақтың желеп-жебеп жүрер киесі, қасиетті қорғаушысы деп ұққан. 
Ежелгі түркілер негізгі қос күшке – Көкке (оны Тәңір деп те атаған) және 
Жерге (Жер-Суға) сиынатын болғаны тарихтан жақсы мәлім. Сонымен бірге 
түріктер табынатын үшінші күш болған: «ол – үйдегі отбасы, бала-шағаны 
қорғаушы әйел тәңірісі Ұмай», – деп жазады ғалым Н.Келімбетов [143, 30-
б.]. Қазақ әйелдерінің сұлулығы мен даналығының, нәзіктігі мен 
батырлығының қатар жүретіні туралы жазушы ғалым Т.Жұртбай: «Ары, 
жаны, тәні таза әйел – ұлттың тазалығының кепілі. Анасы азбаған елдің, 
қызы да тозбайды», – дейді [144, 240-б.]. 
Зерттеуші А.Ә.Әбуталиева «Көшпенділер» трилогиясындағы 
кейіпкерлер бейнесін саралай келіп, әйелдер бейнесі туралы: «Әдебиет – 
ақиқат өмірдің сырлы суреті, халықтың көркем тарихы екенін ескерсек, 
бастау көзі сонау көне фольклорда, ежелгі әдебиет үлгілерінде жатқан 
тарихи тақырып дәстүрі қазақ әдебиетінде 60-80-ші жылдары мол көрініс 
бере бастады. Тарихи романшылар Ә.Кекілбаев, І.Есенберлин, Ә.Әлімжанов 
өз шығармаларында қиын қыстау күндерде ерлермен бірге атқа қонып, елін, 
жерін қорғаған батыр қыздардың, бейбіт күндері бесігін тербетіп, ұрпағын 
өсірген аяулы аналардың бейнесін сомдаса, С.Жүнісов, З.Ақышев, 
Ә.Әбішевтер өздері кескіндеген бас қаһармандар ғұмыр кешкен замандағы 
әйелдер бейнесін сомдауға күш салды. Әйел – ана – ару бейнелері авторлық 
ұстанымға орай әртүрлі деңгейде кескінделді. Олар биік адамгершілік-адами 
қасиетімен, рухани жан әлемінің тазалығымен, шынайы махаббатына 
адалдығымен, ақылдылығымен, сұңғылалығымен дараланатын ... Бопай, 
Күнімжан, Аққозы, Жаған бике, Нұрбике, т.б. бейнелері ұлттық 
әдебиетіміздегі ... образдар галереясына тың, көркем бейнелердің 
қосылғанын айғақтаса керек», – деп пікір білдіреді [145, 23-б.]. 


116 
Трилогиядағы шығыс әйелдерінің еркіндікті аңсаған арман-тілегі, 
мұңлы өмірі олардың өмір сүру қалпына сай нәзік те адал, қажет жерінде 
өршіл де өжет бола алатынын көрсетеді. Бұл ретте Қоңырқұлжаның 
қорлығын көрген Күмістің, адал да өжет Гауһардың, жастайынан орыс 
отбасында өскен Алтыншаштың, айлалы Зейнептің, батыр білекті Бопайдың 
бейнелері арқылы жазушы қазақ әйелдерінің әлеуметтік жағдайын, олардың 
рухани жан-дүниесін кеңірек аша түседі. 
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы образ жасау 
шеберлігінің бір қыры оның әйелдер бейнесін бейнелеуде үлкен білгірлік 
танытқандығында деп білеміз. Өз кейіпкерлерін суреттей отырып, Ілияс 
Есенберлин патриархаттық қоғамда қалыптасқан әйел – отбасының ғана 
қазығы деген бір жақты ұғымнан асып түсіп, әйелдің ел басқарған 
азаматтарға көрсеткен көмегін, ел қорғаған батырларға атқа мініп ілескенін 
шебер суреттейді. 
Жазушы қазақ тарихында батырлар бейнесін суреттеу арқылы өзінің де 
қаһармандығын танытты: ол халық алдындағы жазушылық, қаламгерлік 
парызын өтеді. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – ғасырлар 
қойнауына кетсе де өз мәнін жоғалтпайтын көркем туынды. Жазушы 
жасаған батырлар бейнесі – тарихи факті мен көркемдік сипатты бойына 
жинақтаған біртұтас бейнелер. Егер тарихи тұлға мінсіз, шынайы жасалса, 
шынайы шығады, ал бірыңғай идеализацияға ұрынса, бұл фольклорға 
жатады.
Трилогияда сипатталған бейнелердің көпшілігі тарихи тұлғалар 
болғандықтан, шығарманың құндылығы одан сайын арта түседі. Ілияс 
Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – қазақ тарихының күрделі әрі 
маңызды кезеңдерін суреттеуге арналғандықтан, шығармадағы тарихи 
тұлғалардың нанымды әрі шебер суреттелуі туындының тарихи роман 
жанрындағы өзіндік орнын айқындап, мәнін айшықтай түседі.
Ілияс Есенберлиннің батыл қадамы мен қарымды қаламынан шыққан 
танымал туындысын сөз шешенінің тарих додасына қосқан тұлпары деуге 
болады. Оның трилогиясында қазақ батырларының біртұтас топтамасы 
жасалған, батырлардың біртұтас образдарының жинағы бұрын-соңды қазақ 
әдебиетінде кездеспеген. Қазақ халқы батырларының қаһармандық бейнесін 
көркемдеп жасау – жазушының ерлігі. Жазушыны осы тұрғыдан келгенде 
нағыз патриот деп атауға болады, ол – ұлтын сүйетін ұлт жанашыры және 
ұлт жазушысы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет