61
ІІ. ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК
БЕЙНЕСІ
§1. Хандардың көркем тұлғасы
Әдебиеттегі кейіпкерлерді зерттеу барысында олардың адамдық
қасиеттеріне, тұлғалық роліне және жеке адам ретіндегі іс-әрекетіне назар
аударамыз. Себебі кейіпкер әдеби категория болғанымен, оның қоғамдағы
ролі ғылыми философиялық негіздеуге келіп тіреледі. Жеке адам немесе
индивид – ғылымда жекеше, тұлға – ерекше, адам – жалпылықты білдіретін
ұғымдарға жатады, осы жерде тарихи романның тағы бір ерекшелігі мұнда
тарихи тұлғалардың суреттелетінін атап өтеміз. Әдебиеттегі кейіпкер тарихи
тұлға болса, оның сөйлеген сөзі, іс-әрекеті, қимыл-қозғалысы, түр-тұлғасы,
өмір сүру талаптары, айналасындағылармен қарым-қатынасы, қайраткерлік
істері, қоғамдағы орны ашылатын болады. Тұлға ұғымының ғылыми
сипатын ашу үшін философ Ә.Тұрғынбаевтың анақытамасына сүйенсек:
«Тұлға – адамның қоғамдық қатынастары мен қызметінің жеке адам бойында
шоғырлануының көрінісі, дүниені танып білудің және өзгертудің, құқығы
мен міндеттерінің, эстетикалық, этикалық және басқа әлеуметтік
нормалардың шоғырланған бірлігі. Тұлға – әрдайым әлеуметтік тұрғыда
жетілген адам болып табылады» [91, 275-б.]. Осы жерде Қожа Ахмет Иасауи
толғауларындағы «кемел адам», Абай, Шәкәрім сынды философ-
ақындардың шығармаларындағы «ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы
жүрекке» ие болған «толық адам» бейнелері осы тұлға анықтамасының
көркем суреті. Ал тарихи шығармада тұлғалармен қатар тарихымызда
ерекше орын алатын қаһармандарға «тау тұлға» атауын да қолдануға болады.
Трилогияның бір ерекшелігі мұндағы кейіпкерлер образының күрделі,
объективті, кешенді (жағымды, жағымсыз белгілері бар) жасалуы, сондай-ақ
көркем ойлаудағы тарихилықтың тереңдеуі, олардың тамыры фольклорға
кетеді.
Трилогияда жазушы кейіпкерлердің ішкі жан дүниесіне көп назар
аударады. Автор өз оқырманымен тікелей араласуды қалайды, ол
шығарманың өн бойында қосылып отырады. Ол бір уақытта болған
оқиғаның куәгері және баяндаушы ретінде роль ойнайды. Романдағы
баяндау тәсілі кейде лирикалық шегініске жол беріп, шығармаға
эмоционалдық өң береді.
Жалпы, кейіпкер деген терминге әдебиеттану терминдер сөздігінде
былай деп анықтама береді: «Кейіпкер (персонаж) – көркем әдебиетте роман,
повесть, әңгімеде, драмалық шығармада, поэмада бейнеленетін уақиғаға
қатысушы. Әдебиетте адамның көркем бейнесін суреттегенде, жазушы оның
кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін
танытатын типтік сипаттармен қатар өзінің басына ғана тән ерекшеліктерді
де (әсіресе, жүріс-тұрысындағы, сырт келбетіндегі, сөйлеу әдетіндегі) анық
байқалатындай етіп көрсетеді», – дейді [92, 174-б.].
62
Ғұлама ғалым М.Әуезов шығарма қаһарманын тарих арнасында, сол
тарихтың тізбегіне кіретін жан деп біледі және «әдебиеттік шығарманың ең
қасиетті міндеті – дәл осындай адамның жүрегін, жанын, жалынды ойын кең
де терең күйінде ашып бере білуде» екенін айтады [93, 410-б.]. Бұл ретте
М.Әуезовтің адамның сыртқы ісін көп баяндап, оның ішкі дүниесіне аз
үңілетінімізді, образды даралау, характер дәрежесіне жеткізу үшін
психологиялық талдауға көңілді баса бөлген жөн екендігі жайындағы ақыл-
кеңесін ешқашан естен шығармаған ләзім.
Көркем әдебиеттегі образ жасау ісіне байланысты Қазақстанның
белгілі ғалымы М.Қаратаев былай дейді: «Көркем әдебиеттің басты міндеті
жоғары рухани және моральдық сапаларға ие жағымды кейіпкерлердің
бейнесін жасау» [94, 219-220-б.].
Көрнекті әдебиет теоретигі З.Ахметов те қазіргі әдеби процестің
теориялық мәселелерінің қатарында «жағымды кейіпкер проблемасы мен
оның қазіргі қазақ әдебиетіндегі дамуын» атап көрсетеді [95, 312-б.].
Академик Р.Бердібай: «Қазіргі әдебиетіміздің кейбір тенденциялары
туралы пікір айтқанда, алдымен атап көрсетерлік бір құбылыс – адам
тұлғасының анкеттік сипаттамасын емес, мінез диалектикасын көрсетуге ден
қойғандық. Мұны шеберлік, ұсталық арттырудың ең қажетті жолы», – деп
қарайды [31, 31-б.].
Академик Р.Нұрғалидің пікірінше: «Әдеби характер эстетикалық
көзқарас тұрғысынан алғанда шынайылықты тануда үлкен мәнге ие.
Характер дегеніміз – адамның рухани қазынасы, ол белгілі бір әлеуметтік-
тарихи ортада және қоғамдық жағдайлардың көмегімен қалыптасады» [96,
82-б.].
Мұндай пікірді ғалым Т.Сыдықов: «тарихи романдарда портрет
жасаудың үш түрлі: статикалық, живописьтік, психологиялық формасы
ұшырасады. Статикалық формасын қаламгерлеріміз жиі қолданады. Онда
қаһарманның бет-бейнесі, киген киімі, сырт құбылысы көзге шалынары
қалдырылмай суреттеледі, демек кәдімгі портреттік болмысына назар
ауарылады. Қазақ тарихи романадарында живопистік портреттер жетекші
қызметке көше бастады. Живописьтік портреттер бүкіл шығарманың өн
бойына жайылып, тамырын таратып жібереді. Кейіпкердің әрбір қимылы,
қозғалысы, амал-әрекеті, сыртқы ортамен қарым-қатынасы осы портреттерде
толық көрінеді. Живописьтік портреттен романның халықтық-эпикалық
табиғаты танылады. Ол барынша пластикалы. Писхологиялық портрет адам
басынан өтетін қилы жағдайлар мен оқиғаларға қарай күрделене түседі.
Жағдай, писхологиялық акт адам жанына өшпес із, жазылмас жара
қалдырады», – деген пікірін білдіреді [11, 40-41 бб.].
Ілияс Есенберлин романдары тарихи жылнамалардағы оқиғаларға
негізделгенімен, жылнама және тарихи романдар циклі бір құбылыс емес.
Трилогияда басты сюжеттік желімен қатар қосалқы сюжеттік желілер де
мол. Сонымен қатар жазушы оқиғаларды суреттеуде әрқилы әдіс-тәсілдерді
пайдалана отырып, фабулалық, композициялық, стильдік ерекшеліктерді
63
қолданады. Бұл трилогияның кейіпкерлеріне де қатысты. Жазушы
оқиғаларды үнемі тартыс үстінде бейнелеп, кейіпкерлерін де тартыс үстінде
мүсіндейді. Бұл ретте Әбілқайыр хан – Керей – Жәнібек, Абылай хан –
жоңғар қонтайшылары, Кенесары хан – Ресей отаршылдары арасындағы
тартыс тізбектерін айтуға болады. Жазушының шеберлігі сонда, ол оқиғаны
көркем тартысқа құра отырып, кейіпкерлердің характерін сомдайды, сөйтіп
тұлғалық биікке көтереді.
Ғалым В.Шкловскийдің пікірінше «әдеби шығарма дегеніміз таза
форма, ол зат емес, материал емес, материалдардың арақатынасы», яғни
өнерде эмоциядан немесе идеологиядан бас тарта отырып, біз форманы
танудан, тану мақсатынан және дүниені (әлемді) сезінуді түйсіну
жолдарынан бас тартамыз [97, 468-б.].
Кейде әдеби кейіпкердің жекелеген ерекшеліктері, дүниетанымы
ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан жалпыға ортақ дәстүрлерімен және
жоралғыларымен, ұлттық этика ережелерімен, идеологиямен қайшылыққа
келуі мүмкін. Кейіпкер өзінің мінез-құлқымен немесе басқа жолмен болса да
өзінің келіспеушілігін білдіреді. Ойды ғылыми тұрғыдан жеткізуден
айырмашылығы, көркем әдебиетте бұған образдар, поэтикалық әдіс-тәсілдер,
мәтіннің көркемдік құрылымы арқылы қол жеткізеді. Сонымен қатар
шығарманың көркемдік әлемі көбіне мифтік бейнеде болып келеді.
Бұдан шығатын нақты пікір тарих адамның өзін-өзі тануының тиімді
құралы деген философиялық тезис нақтылауды талап етеді. Себебі тарих
шындығына тереңдей енудің өзектілігі, өткірлігі және күрделі
шығармашылық әрқилылығы жоғары. Тарих шындығының табиғатын
зерттеу
өткен
өмір
туралы
көзқарастардың
объективтілігі
мен
субъективтілігіне байланысты. Тарихшылар тарихи шынайылық пен тарихи
білімнің объективтілігін көрсетуді мақсат тұтса, философтар үшін олардың
субъективтілігі проблемасы туындайды. Ал әдебиетте жазушы тарихты
зерттегенде адам туралы жазады. Халқымыздың ежелгі дәуіріне беттеп
барған қаламгерлеріміз әркім өз суреткерлік қажыр-қайраты деңгейінде
өткен күннің көмескі іздерін тауып, бұлыңғыр бедерлеріне ажар кіргізіп, көп
нәрсені тарихи заңдылықтар тұрғысынан қарастырып, заманның рухани
әлеміне жүгіндіретін фактілерді сөйлете алады
.
Әдетте тарихи романшы тарихты және қайталанбас тұлғалардың
тағдырын қарастырады.
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында қазақ халқының
ХҮ-ХІХ ғасырлардағы тарихи тұлғалары бейнеленген. Олардың қатарында
тарихымыздың
қаһармандары
саналатын
қазақ
хандары,
билері,
батырларымен қатар, көркемдік пен нәзіктік, даналық пен пайымдылық
үлгісі болып саналатын аналар, сұлулар, батыр қыздар бейнелерінің
галереясы да бар. Атап айтсақ, «Алмас қылыш» романындағы Әбілқайыр,
Жәнібек, Керей, Қасым, Мұхаммед Шайбани, Бұрындық, Қаптағай, Бөрібай,
Қарақожа, Ноғай, Қобыланды, Орақ, Саян, Қаражал, Қамбар, Сұлтан;
«Жанталас» романындағы Абылай, Әбілқайыр, Барақ, Нұралы, Қабанбай,
64
Бөгенбай, Елшібек, Гауһар, Қияқ, Тұяқ, Баян, Тайман, Жолымбет; «Қаһар»
романындағы Кенесары, Сейтен, Есенкелді, Саржан, Байтабын, Наурызбай,
Ағыбай, Иман, Төлебай, Басықара, Жанайдар, Бұхарбай, Есіркеген секілді
қазақ тарихында өзіндік орны бар тұлғалар әрқилы суреттеу үлгісімен
сипатталған. Мысалы, Әбілқайыр хан, Жәнібек хан, Абылай хан, Кенесары
хан бейнелерін ашуда жазушы тарихи деректерге сүйеніп, нақты оқиғалар
арқылы бейнелеп, әр романның өн бойына өзек етсе, Хақназар, Тәуекел,
Есім хандардың қайраткерлігі Бұқар жыраудың төрт дүркін әңгімесі арқылы
ғана сипатталады. Ал Қобыланды батырдың бейнесі сол кезеңде қазақ
әдебиетінде жырланған батырлық жырларындағы мәрт батырдың емес, жеке
өз сезімінің жетегінде болған жанның бейнесінде көрінген. Оның қасында
тарихта белгісіз Орақ, Тұяқ, Қияқ батырлардың бейнелері тартымды шыққан
секілді. Жазушының қаламынан шыққан Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай
бейнелері ерлік істерімен сипатталады, ал Баян батырдың бейнесін
суреттеуде ол М.Жұмабаевтың шығармасына өзек болған аңызды қолданып,
сюжетін ұқсас өрбіткен. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» шығармасы алғаш
рет 1923 жылы «Шолпан» журналында (№4, 5-8) жарияланған.
Автор өз шығармасында реалистік, эпикалық, қаһармандық образдар
жасаған. Қазақ хандары Абылайдың, Кенесарының бейнелерін эпикалық
сомдауға жатқызуға болады, себебі жазушы олардың қоғам қайраткері
тұлғасын жасау үстінде ешқандай детальді жасырмаған, шығарманың өн
бойында хандардың дипломатиялық қасиеттері де, соғыс даласындағы
тактикалық шеберліктері де, өз мақсатына жету үшін жасаған қастандықтары
да, көпшілік алдындағы айыбын сезінген кезде жасаған әрекеттері де, сезім
иірімдері де көрініс табады. Ол өз туындыларында кейіпкерлердің іші-
тысын, сөзі мен ісін қоғам талабына сай көрсетеді. Кейіпкерлері жанды
тұлғалар болғандықтан, жазушы шығармаларының идеялық-көркемдік
концепциясы терең.
Трилогияны зерттеушілердің көпшілігі мұндағы образдардың көптігін,
олардың бейнесін ашуда біркелкіліктің жоқтығын, кейбір санда бар, санатта
жоқ кейіпкерлер бар екендігін, халыққа белгілі кейіпкерлердің пендешілік
сипаттарының көбірек берілгендігін, ханымдардың опасыздықтарының
бірнеше рет көрсетілуін сынап, автордың дәлелді түсінік бергені дұрыс
болар еді деп санайды. Бірақ трилогияның өн бойында роман-хрониканың
сипаты басым екендігін ескере отырып, тарихи роман зерттеушісі
Р.Бердібайдың: «Роман-хроникада тарихи оқиғалардың тізбегі күрделі орын
алуы табиғи. Мұнда жеке қаһарманның жай-күйін бастан-аяқ түгелдеп айтып
шығу бірден-бір шарт бола бермейді. Тарихи оқиғалардың ағынын белгілі
адамдар, топтар өмірімен табиғи бірлікте әңгімелей білу, сол арқылы әрі
тарих, әрі шығарма міндетін «қатар» алып бару бұл жанрдың ерекшелігі
болып саналса керек», – деген пікіріне сүйеніп және жазушының синкретті
жанрда қалам тербегенін ескеріп, жоғарыда айтылған пікірлерге оң жауап
беруге болады [5, 116-б.].
65
Жазушы өз трилогиясында бес жүз жылдық тарихты суреттегендіктен,
кейіпкерлердің, соның ішінде тарихи тұлғалардың образын жасауда түс
көру, диалог, монолог, кері қайту, еске түсіру секілді психологизм әдістерін
жиі қолданады, бұл тәсіл жазушыға негізгі оқиғадан алшақтамай өзіне
қажетті кейіпкер бейнесін жасауға мүмкіндік береді.
Көркем шығармада түс көру кейіпкердің іс-әрекетін психологиялық
тұрғыдан нанымды әрі дәл бейнелеу үшін және әр кезеңін өзіндік
дүниетанымына орай фантастикалық, мистикалық, лирикалық, комедиялық
немесе гротесктік эффекті, акцент беру үшін қолданылады. Суреткер үшін
түс көруді талдау – кейіпкердің құпия қалтарысы мол ішкі жан дүниесіне
тереңдей еніп, кейіпкердің күрделі де жұмбақ табиғатын ашудағы, оқиға
шешімін табудағы, жазушы шеберлігін танытудағы тиімді әрі күрделі
бейнелеу құралы екендігіне көзіміз жетеді.
Дейтұрғанмен, түс көрудің қосалқы көркемдік түрлері – түс жору,
сандырақтау, елес, елестету, есеңгіреу, шатасу, галлюцинация, т.б. өң мен
түс, өмір мен өлім аралығындағы жан азабын, шекаралық шақты бейнелейді.
Түстің поэтикалық қуаты, көркемдік кеңістігі мен мүмкіндігі мол,
кейіпкердің ішкі иірімдерін бейнелеуде спецификалық ауқымы кең,
мағыналық, философиялық атқарар рөлі зор, көркемдік кілттің оқыс
жағдайда табылуына дәнекер бола біледі. Ашық айта алмайтын мәселелерін
автор бейсаналы түрде бейнеленетін кейіпкердің түс көруі арқылы тұспалдап
жеткізеді.
Түс көрудің өзі кейіпкердің психологиясында рационалды және
интуитивті бастама ретінде көрінсе де бертін келе жазушының жекелеген
шеберлігіне байланысты адамзаттың бүкіл психикасына тереңдеп енудің
таптырмас кілтін тауып берді. Ол оқырманның да, адам психологиясын
терең түсінудің, жан-жақты білудің белсенді көркемдік құралы бола білді.
Түс көру – қазақтың көркем прозасында және әдебиеттану ғылымында
психологиялық бейнелеу құралының бірі ретінде қолданылады. Көркем
әдебиеттегі түс көрудің ең басты көркемдік қызметі – психологиялық
нақтылықты дәл бейнелеу. Кейіпкердің өзін-өзі тануы, оның оянбай қалған
кейбір адамгершілік қасиеттерінің қайта жаңғыртылуы көбіне көрген түстері
арқылы сәтті суреттеліп жатады.
Мәселен, бұрынғы әдеби мұраларда таза ақпараттық міндет атқаратын
сәуегейлік түстер кейіпкер өмірін бейнелегенде көркемдік тұтастықты
бұзбайды. Қиял-ғажайыпқа, тіпті адамның ақылдан айрылу, сандырақтау,
ессіздік, өң мен түс аралығындағы бейсаналы сәттер, елес, елестету, т.б.
күрделі психологиялық түзілістерге де мүмкіндік беретін қазіргі қазақ
прозасындағы түс көру үзінділерінен кейіпкердің дәл сол сәттегі
психологиялық жағдайынан, көңіл-күйінен хабардар етеді.
Психологиялық бейнелеу құралы болып табылатын ым мен ишаратқа
байланысты терминдік атаулар мен ұғымдардың қазақ әдебиетінде
жұтаңдығы байқалады. Бұл мәселені қолданыстағы терминдік атауларды пән
сөзі ретінде енгізіп, тұрақтандыру арқылы шешуге болады.
66
Тіл шарты, тіл мәдениеті, термин талабы әр ұғымды әркім өз
қалауынша құбылта беруді көтермейді.
Әдебиет тарихын зерттеушілердің пікірінше негізгі ым (мимика) – тек
кескін-келбеттегі қимыл-қозғалысты, сезімдік-эмоционалдық құбылыстарды
қамтиды. Ишара (жест) – бүкіл денедегі іс-әрекетті, қимыл көріністерін,
бейвербалды элементтерді білдіреді және адамның, кейіпкер-тұлғаның тек
өзіне ғана тән жұмбақ жаратылысы оның киім киісімен, жүріс-тұрысымен,
өзгеге ұқсамайтын сөйлеу мәдениетімен де ерекшеленеді.
Филология ғылымдарының докторы Г.Ж.Пірәлиева өз еңбегінде:
«Адам өмірінің әрбір ұсақ кезеңіне дейін көркемдік мағынаға ие болып,
кейіпкер образын ашу үшін эстетикалық құндылық ретінде қажеттілік
тудырады. Осындай психологиялық оқиғалар тізбегінен тұтас адам тұлғасы,
күрделі адам тағдыры, толық адам бейнесі жасалатыны сөзсіз. Бұл кез келген
көркем шығарма үшін ең басты көркемдік талап, эстетикалық құндылық.
Көркемдік айналымға түскен сана-сезімнің өзі адам тағдыры сияқты рухани
құндылық әрі тұлға ретінде қарастырылады», – деп көркем туындыдағы
көркем бейне жасаудың психологиялық тәсілдеріне тоқталады [98, 29-б.].
Демек қазіргі қазақ романдарында кейіпкерлердің ішкі әлемі тек мінез-
құлқында, іс-әрекетінде ғана байқалып қоймайды, олардың характерлерінің
мәні психологиялық талдаудың аналитикалық принципінде де байқалады.
Аналитикалық психологиялық талдаудың жетекші әдісі – ішкі монолог.
Сондықтан қазіргі қазақ романдарында кездесетін ішкі монологты
иррационалды және логикалық деп жіктеуге болады.
Иррационалдық, логикаға жатпайтын монологтың стилистикалық
құрылымында грамматикалық байланыс бұзылған немесе әлсіз, мұнда үзіліс,
сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады. Ал монологтың екінші типінде
ой жүйелі түрде беріледі және аяқталғандықты білдіреді, логикалық дамуы
да сатылы жүреді. Бұл ретте «Алмас қылыш» романындағы оқиғалар көшіне
көлік болып, романның сюжеттік құрылымына қызмет етіп тұрған
Әбілқайырдың ірбіз терісінің үстінде жатып ойланған үнсіз монологын
айтуға болады.
Қазіргі романдағы диалог кейіпкерді психологиялық бейнелей
отырып, баға беру және көркемдік қызметін атқарады. Ол кейіпкердің
ойларын, дүниетанымдық көзқарастарын, оның қоршаған ортадағы басқа
адамдармен қарым-қатынасының ерекшелігін көрсетеді. Кейіпкер характерін
қазіргі романдардың сюжеттік құрылымынан тыс қарауға болмайды. Ең
басты заңдылық, характердің пайда болуы өмірлік ситуациялармен,
әлеуметтік жағдаймен байланысты. Әрбір қайшылықты жағайдың, оқиғаның
басты қозғаушы күші тартыс болып табылады. Осы жерде зерттеуші
Т.Рахымжанов көркем шығармалардың: «мазмұнына байланысты тартыс
таптық, топтық және басқа тартыстармен кеңейтілген болуы мүмкін.
Кейіпкерлердің сезімдері, ойлары, іс-әрекеттері белгілі жағдайларда
микротартыстар арқылы толықтырылады», – деп келтіреді [99, 48-50 бб.].
67
«Көшпенділер» трилогиясындағы психологизм табиғаты ішкі
монологта да айқын көрінеді. Кейіпкер характеріндегі қандай да болсын
психологиялық күй ең алдымен оның өзімен өзінің іштей сырласуында
толық та қалтарыссыз ашылатыны белгілі. Сол арқылы қаһарманның
характер қалтарысына да терең бойлайды. Сонымен қатар романда
монологпен қатар жүретін тәсіл – диалог. Қаламгер романда диалогтық
форманың тамаша шебері екенін көрсетеді. Жазушы екі қаһарманның мінез
қырларының біраз ерекшелігін байқата отырып, диалог арқылы олардың
түпкі мақсатын, көздеген мұраттарын да аңдатады. Бұл ойымызға Абылай
мен Құндыз арасындағы диалог дәлел.
Трилогиядағы ел билеушілер бейнесін талдау барысында хан, би,
сұлтан секілді ел билеушілер атауын кездестіреміз. «Хан» атауы туралы
Брокгауз бен Ефронның энциклопедиялық сөздігінде: «Хан – татар тектес
шығыс халықтары билеушілерінің титулы, оның ертедегі түрі қаған болуы
мүмкін», – делінсе [100, 55-б.], Құрбанғали Халидтің «Тауарих
Хамсасында»: «"Хан" – түркі тілінде бір көңіл бөлінетін ұлық, шен, арабша –
"әмір" ажам "падишах" деген сөз осымен сарындас», – деп келтіреді [101,
102-б.].
Зерттеушілер хандардың көркем бейнеленуінің жіктелуін көркем
әдебиеттің тууы, дамуы мен қалыптасуы уақытына және тегі мен саласына
қарай үш кезеңге: хандар бейнесінің берілуінің 1) фольклорлық кезеңі, 2)
авторлық ауыз әдебиет немесе ақын-жырау поэзиясы кезеңі, 3) жазба
әдебиетте бейнелену кезеңі деп бөледі. өз ішінде әр саланы жеке-жеке
жіктейді [102, 71-125 бб.]. Фольклорлық кезеңге ертегілердегі, ауыз
әдебиетінің шағын түрлеріндегі (мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, бата-
тілектер,
жұмбақтар,
аушадиярлар,
ұлттық
ойындар),
батырлық
жырларындағы, қаралы өлең-жырлардағы, аңыз әңгімелердегі, шешендік
сөздердегі, тарихи жырлардағы хан бейнесінің сомдалуы; екінші кезеңге
ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы жырау поэзиясындағы, ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы
жырау толғауларындағы, ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар мен ақындар
поэзиясындағы, ХІХ ғасырдағы ақындық поэзиядағы хандар тұлғасының
жасалуы, үшінші кезең өз ішінде төртке бөлінеді, яғни 1) ХІХ ғасырдың
екінші жартысынан осы кезеңге дейінгі қазақ поэзиясындағы, 2) көркем
прозадағы, яғни прозалық тарихи туындылардағы, 3) драмалық
шығармалардағы, 4) басқа халықтар әдебиетіндегі қазақ хандарының
бейнеленуі қарастырылады. І.Есенберлин трилогиясындағы хандар
тұлғасының сомдалуы осының көркем прозадағы бейнелену кезеңіне
жатады, бұл образдығ деректілікпен сомдалуын блдіреді.
Трилогияның бірінші кітабы «Алмас қылыш» романының басты
кейіпкерінің бірі – Әбілқайыр хан. Ол 1428 жылы хан тағына отырады. Оны
таққа отырғызуға ру, тайпа басшылары мен сұлтандардан басқа, мұсылман
дін басылары да белсене қатысты. Әбілқайыр хандығы, негізінен, түркілер
мен кейбір түркіленген ру, тайпалардан тұрды. Әбілқайыр Сырдария
бойындағы қалалар мен Хорезм үшін Темір ұрпақтарымен ұзақ соғысты.
68
Елді қырық жыл билесе де, Әбілқайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жағдайы
тұрақты, берік бола қоймады. Ұлыс ішінде жоғары өкімет билігі үшін
таласқан Жошы ұрпақтарымен толассыз және қатал күрес жүргізуге тура
келді. Шайбани ұрпағынан шыққан Әбілқайыр хан туралы тарих
оқулықтарында осылай жазылған.
Шыңғысханның төрт ұлы болған: Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле.
Әбілқайыр – Жошының бесінші ұлы Сайбаннан тараған Дәулет-Шайхы
сұлтанның баласы. Келтірілген мағлұматтар әрі тарихи хроника, әрі қазақ
шежіресіне ұқсайды. Көркем прозамен ауылдас публицистиканың пішіні жиі
ұшырасады.
Бір
ғажабы,
көсемсөз
публицистика
оқушысын
жалықтырмайды. Жалықтырмайтыны, жадағай шешендікке салынбауынан.
Ұлттың мұң-мұқтажын, сыр-сипатын толғайтындықта. Ірбіз терісінің үстінде
әр нәрсені есіне алып, ендігі саясат тізгінін қалай ұстау керектігі жайында ой
толқынында жүзген Әбілқайыр ханның ұзақ ішкі толғаныстары
эмоционалдық бояуға боялған, жүрек лүпілдетер алып-қашпа сезімге толы.
Көк Ордадағы қулық-сұмдықтар, Шыңғысхан әулетінің қарауындағы
халықты езіп-жаншуы, таусылмас шапқыншылықтары – роман сюжетінің
арқауы. Қайнаған тартыстың қақ ортасында – Әбілқайыр хан. Бүкіл Кіндік
Азияның, Дәшті Қыпшақтың, оның арғы-бергі аймағының билеп-төстеушісі
Әбілқайыр – азуын айға білеген шыңғысхандық зұлымың типі. Нағыз
тыйымсыз, жүгенсіз, безер. Қажет деп тапса оған анасын баласына өлтірте
салу түк емес. ... «Ана алдында қылмысты балаға, бала алдында күнәлі
анаға» деген жаза тәртібі ерекше сойқан болатын. Бала алдында күнәлі
ананың жазасын баласы айтуы керек. Іштен жарып шыққан, ақ сүтін емізген,
бауыр етіндей тәтті баласы айтқан жазадан ауыр, одан артық жанына батар
үкім бар ма? Әсіресе, егер ана бала алдында жазықсыз боп, тек оны қанішер
жаулары ұйымдастырса бұдан асқан қиянат табылар ма?
Әбілқайыр ханның басында тыным таппай жүгіретін залым ойдың бірі
– Дәшті Қыпшақты уысынан шығармау. Ол он жеті жасында хан болып
көтерілді. Өзінің жастығына қарамастан Әбілқайыр бүкіл Дәшті Қыпшақ
даласына хан болды. Оның сол кезде сескенетіні қазақтың Арғын, Қыпшақ
рулары еді, мүмкін сол себепті де ол өз Ордасының астанасын қазақ
даласына тікті. «Осы кездегі бүкіл Дәшті Қыпшақтың ханы Әбілқайыр өз
ордасын қазақ даласына тіксе де, жаулап алған жерлері сол Мауреннахр,
Соғды, Қорасан жағы болғандықтан көңілін көбіне осы тұсқа аударған... Ал,
Шыңғысханның бақталас ұрпақтары Керей мен Жәнібек қазақ ұлысын бөліп
алып, жеке хандық құрмақ... «Әбілқайырдың ойынша осылармен тіл тапса
болғаны. Ал тіл табу үшін хан түрлі тәсіл қолданып-ақ бақты. Әйтсе де
қандай тәсіл қолданса да, Барақ ханның баласы Жәнібек сұлтан мен оның
шөбере ағасы Керей сұлтан көнбей-ақ қойған. Бұл сұлтандар күннен күнге
араларын ханнан алыстатып бара жатқан» [103, 13-б.].
Бірақ, Әбілқайыр хан қаншама жерді жаулап, қосып алғанымен,
мемлекет ішінде саяси бірлік берік болмады. Ірі феодалдар тобының ішінде
Жошы әулеттері Әбілқайыр ханды қолдамады. Әбілқайыр өз туыстарын
69
ақсүйектер деп көтермелеп, ерекше еркіндіктер берді де, жергілікті ру-
тайпалардан шыққан билерді, бектерді, сұлтандарды қарасүйек деп, оларға
әлеуметтік жағынан қысым көрсетті. Сөйтіп, Әбілқайыр хандық құрған кезде
оның халқының арсында әлеуметтік-экономикалық теңсіздік шиеленісе
түсті.
Сонымен Әбілқайыр ханмен араны бөлу ниеті халықтың өз ішінен
туған. Жәнібек соңынан ергендер – ереуілшілер емес, қалың халық. Оның
көңіліндегісі орындала кетуі де содан. Жазушы бұндай ойға жайдан-жай келе
салмайды. Мұны тарихи құжаттар да растайды. Мәселен, сол кездегі қазіргі
қазақтар Шу өзені бойында қоныс тепкен. Олардың саны екі жүз мыңдай
болған. Халықтың осыншама топтала көшуі аса бір төтенше жағдайда, осы
жолы тәуелсіздік алуына байланысты болуы ықтимал.
Трилогияның «Алмас қылыш» романында Әбілқайыр ханның бейнесі
толық ашылған. Жазушы оның билік құрған кезеңін қазақ хандығына
ұласатын белес ретінде суреттегені көрінеді. Әбілқайыр хан бейнесі романда
қатігездік, зұлымдық, тақ үшін жанын беретін мансапқорлық символы
ретінде суреттелген. Романда жазушы Әбілқайырдың өзіне айтқызған
жауыздықтары: «Он алты жасымда Едігенің немересі Қазы биді өз қолыммен
бауыздағанда, он жеті жасымда аталас туысым Дәшті Қыпшақ ханы
Жұмадүкті туған баласындай боп қолында өскеніме қарамастан, жекпе-жекте
шоқпармен ұрып өлтіргенде шімірікпеген басым, қастасқан жауым
Жәнібекті қарақұстан сойылмен бір салып өтуге қалай жарамадым? Кезі
келгенде қандай құрбандықққа болса да бара алатын жүрегім, сол жолы
қалай дауаламады?», немесе сүйікті әйелі Рабиу-Сұлтан-Бегімнің
адалдығына күдіктеніп, оған Ақсақ Темірдің «Ана алдындағы қылмысты
балаға, бала алдындағы күнәлі анаға» деген жаза тәртібін қолдануды
ойлағаны ханның тек өз қара басының қамын ойлағанын көрсетеді. Бірақ
жазушы оның өмірінің бақытсыздығын қызының өзіне садақ кезегенімен
шебер көрсетеді: «Ханды ажалдан алып қалған жас батырға алғыс айтып бас
ию керек пе, әлде өзі өлім жазасына бұйырған, рұқсатсыз қызын қатын
қылған қас жауына жалаңаш қылышын жарқылдата шабуы керек пе?» Хан
осылай шешім таба алмай абыржып тұрғанында қызы Гүлбаһрам садағын
алып, қорамсақтан қозы жаурын жебені әкесіне қарай кезей бастады.
Әбілқайырдың жүрегі дір ете қалды» [103, 17-118 бб.].
Трилогиядағы хандар бейнесіне нақты деректер бойынша тоқталып
өткен жөн. Шыңғыс ұлы Жошының ұрпағы Барақ ханның тұсында астанасы
Сығанақ қаласы болып, қазақ хандығының шаңырағы көтеріледі. Осынау ел
болу жолындағы ұлы дүмпуге Жәнібек хан мен Керей хан қолдаса дем беріп
(1456-1477 жылдары), қазақ хандығының іргесін біржола орнықтырды.
Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы. Керей хан болса Барақ ханның
ағасы Болат сұлтанның баласы еді. Яғни, Жәнібек пен Керей немере. Ол
кезде Алтын Орданың сынықтары сияқты Ақ Орда, Көк Орда, Сары Орда
(Сырлы Орда) атанған хандықтардың бәрінде де осы күнгі қазақ халқының
құрамындағы
ру-тайпалар болды.
Олар
негізінен
көшпелі
мал
70
шаруашылығымен айналысатын. Хандықтың ішіндегі талас-тартыс
аласапыранда Жәнібек пен Керей батыл қимылдап, Әбілқайыр ханнан ат
құйрығын кесісіп, Шудың солтүстік қапталындағы Қозыбасы деген жерге
Орда тігуі ең алдымен көшпелі қазақтың ел болып, еңсе көтерсек деген
ынтасын оятты. Бір шеті Дешті Қыпшақ даласынан (дұрысы көшпелілер
даласынан), келесі шеті Өзбек хандығынан түріле көшкен ел Жәнібек пен
Керейдің маңына шоғырланды. Осы күнгі ғылым тілінде «көшпелі өзбектер»
деп жүргендердің бәрі көшпелі қазақтар болатын. Оған қоса ХҮ ғасырдың
50-70-жылдары арасында Әбілқайыр ханның қол астынан екі жүз мыңдай
адамның көшіп, Жәнібек хан мен Керей ханның қол астына келіп, қазақ
хандарының күш-қуатын арттырады. Қазақ хандығының тақ иесі жасы үлкен
Керей хан болса (шамамен 1456-1473 жылдары хандық құрды), кейін ақыл
иесі Әз-Жәнібек (1473-1480 жылдары хандық құрды) болды. Екеуі қолдаса
қимылдап жүріп, елдің көсегесін көгертті [104, 30-31 бб.].
Ал романның мазмұнында Жәнібек пен Керей хандар қазақ халқының
тәуелсіздігі үшін күреседі. Олардың мақсаты – Әбілқайыр хандығынан қазақ
руларын бөліп алып, дербес мемлекет құру. Тарихқа сүйенетін болсақ,
Жәнібек пен Керей Қазақ хандығының шекарасын кеңейтуге, оны Сырдария
өңіріндегі қалалар мен Шығыс Дешті Қыпшақтың қырдағы аудандарына
дейін жеткізуге ұмтылады... Жәнібек пен Керей Әбілқайыр өлгеннен кейін,
Шығыс Дешті Қыпшақтағы өзара талас күреске араласты. Жошы әулетімен,
Маңғыт мырзаларымен, оларды қолдаған қазақ билеушілерімен ұзаққа
созылған күрестің нәтижесінде Әбілқайырдың мұрагері, оның баласы Шах-
Хайдар толық жеңіліп, өлтірілді. Міне, осылай қазақ хандығының
құрылуындағы тағы бір қадам болды. Ал Көк орданың өзінің іші қалай?
Шіри бастаған теріге ұқсас. Хан салған алым-салықтың зардабына шыдай
алмай күні бүгін Әбілқайырдан бөлінгелі тұрған қазақ рулары аз емес... Тек
солардың санын көбейте түсу керек. Жәнібектің бұл ойларын жөнге шығарар
өткен жылғы бір оқиға сұлтанның көз алдынан кетпей қойған. Ол аңнан келе
жатып Әбілқайыр лашқарлары шауып кеткен бір ауылдың үстінен шыққан.
Шаңырағы күйреп жерге түскен үйлер... Ұлдары сойлға жығылып, ботасы
өлген інгендей боздаған аналар... Жәнібекті таныған ақсақал:
– Шырағым Жәнібек, – деген, – алым-салықты төлемедіңдер деп
ханның аш бөрілері ауылымызды шауып кетті, Еділ бойында да көрген
күніміз осылай болатын. Бөтен елдерді шабуға жігіттеріңді бермеңдер,
мерзімінде енді бізді құтқара гөр бұл қорлықтан!
– Қалай құтқарам? – деген Жәнібек.
– Көк Ордадан руларыңды бөліп ал, – деп жауап қайырған қарт. –
Өзгенің жер-суына қызықпайтын, өз еліне жат жұрттай ауыр салық
салмайтын жеке шаңырақ көтер!
Қытай, жоңғар жағының рулары да осындай ойлар білдірген. Осыдан
Жәнібек жеке хандық құрудың көптің арманы екенін және өз басының қамы
мен ел-жұртының арманының сабақтаса бастағанын көптен түсінген. Сұлтан
күйінде де кесек тұлға, артынан хан дәрежесіне көтерілген Жәнібек –
71
романшының Әбілқайырға қарсы қоятын кейіпкері. Ол тарихтың бет
алысын, халық тынысын аңғарғыш, көреген қайраткер ретінде танылған.
Оны тіпті, Әбілқайыр да мойындайды: «...Әрине осыншама жұрт жиналған,
мына ұлы тойда Жәнібек пен Керей көп би, батырлармен тіл тапты. Қазақ
батырлары Қаптағай, Бөрібай, Оңай, Бекет, Қарақожа босқа топтанып
жүрген жоқ...». Бұл Әбілқайырдың қазақтардан, оның ішінде, Жәнібек пен
Керейден алғаш сескенуі емес... Жәнібек хан жоғарыда айтып кеткендей, ел
қамын ойлайтын адам және де ол асқан көріпкел деп айтуға да болады:
«Қазақтың көшпелі рулары алмас қылыш, – деп ойлаған Жәнібек, – егер
жұмсай білсең, – ол жауыңа айбар, жер-суыңа қорған. Қара халық өз бетімен
бірімен бірі соғыспайды, тыныштықты, достықты тілейді. Бар пәле бізде,
хан, сұлтандарда. Қолыңдағы осындай күшті аужайлап пайдалана алсаң,
ойыңдағыдай хандықты құруға болады. Ноғай, Қазан, Қырым, Астрахан
хандары мен сұлтандары таламасын десең, арғы жағыңдағы орыс елімен тіл
тауып, одақтасқан жөн. Бірақ, ондай күнге жету үшін ең алдымен Әбілқайыр
ордасынан бөліну қажет» [103, 52-148 бб.].
Жәнібектің бастауымен қазақ халқы сол кезде басын қосып үш жүзге
бөлінді. «...Жиналған батыр, билер енді қазақ руларының сөзсіз бірігуі керек
екенін, егер бірікпесе Әбілқайыр хан, не басқа бір хан құл ететінін ұқты. Хан
кеңесі қайтадан мәжіліске отырды. Барлығы келешекте үш жүзге бөлініп, бір
ханға бағынуды мақұлдасты... Ұлы жүзге – аға рулар Үйсін, Дулат,
Жалайыр, Орта жүзге – Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ,
Тарақты, Кіші жүзге – Байұлы, Жетіру, Әлімұлы кірсін десті... Осылай
дәлелдермен Асан Қайғы қазақтың сол кездегі басты қырық руына таңба
үлестірді. Бұл қырық таңба сол күні Нұраның Қаратұзының жарына
түсірілді. Халық бұл жерді сол күннен бастап Нұраның таңбалығы деп
атады. Асан Қайғы батасын беріп, ертеңіне Жәнібекті боз түйенің сүтіне
шомылдырып, ақ киізге көтеріп, қайтадан бар қазаққа хан сайлады» [103,
143-б.]. Бұл – қазақ халқының мемлекеттігін қайта құруға деген арманына үн
қосты, яғни Жәнібек секілді тарихи тұлғаның бейнесін биіктете түсетіні
сөзсіз. Жәнібек хан қазақ халқының бостандық алуына, еркін тыныстауына,
келешек ұрпағының еркін мекенде өмір сүруіне өз үлесін қосты. Осындай
ұлдарының арқасында Туған Жер-Анамыз бостандықтың дәмін татты.
Әбілқайыр ханның Қазақ хандығының құрылуына, Жәнібек пен
Керейдің билігінің нығаюына бөгет жасауға ұмтылсынан еш нәтиже шыққан
жоқ. Қайта, Жәнібек пен Керейдің қол астындағы тайпалар саны
Әбілқайырдың қазасынан кейін (1468) көшіп келушілермен ұлғая түсті.
«Алмас қылыш» романында бейнеленген жарқын тұлғалардың бірі
Жәнібекұлы Қасым хан (1445-1518) – қазақтың ұлы хандарының бірі, Қазақ
хандығының негізін қалаушылардың бірі – Жәнібек ханның ортаншы
баласы. Шешесі Жаған-бегім Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед
Шайбанидің інісі Махмұт сұлтанның шешесі – Аққозының туған сіңлісі.
Қасым әуелгі кезде Бұрындық ханның атты әскерін басқарады. Ол осылай
жүріп, қан майдандағы ерлігімен, ел басқаруға қосар ақылымен, көрші елмен
72
байланыста қиыннан жол табар саясаткерлігімен, жұртты соңынан ертіп
әкетер шешендігімен ел көзіне ерте түссе де, жеке билікке ұмтылмай, ел
бірлігіне жарықшақ түсірмей, Бұрындық ханның дегеніне көніп, оған
қалтқысыз бағынады. Бірақ Қасымның тәуелділігі Бұрындықтың ел
басқарудағы қабілетсіздігінен араша түсе алмайды. Ақыры ол хандықты
тастап, Самарқандағы қызына кетуге мәжбүр болады. Сонда қаза табады.
Осыдан кейін барып Қасым билікті қолына алады. Ол туралы «Елтұтқа»
жинағында: «Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы өзінің дәуірлеу биігіне
көтеріледі. Ол қауіпті көршісі Мұхаммед Шайбаниді талқандап, оның
мемлекетінің құлауына себепші болады. Моғолстан ханымен достық
қатынас, Мәскеу мемлекетімен терезесі тең дипломатиялық қатынас
орнатады. Қасым ханның ел басқарудағы кемеңгерлігіне, қол астындағы
халқының қамын ойлар даналығына тәнті болған көрші елдердің тынымсыз
қақтығыстан мезі болған ру-тайпа көсемдері әр кезеңдері ақырын жылысып,
мұның қарамағына енеді. Керей хан мен Жәнібек хан тарихта Қазақ
хандығының іргесін қалап, шаңырағын көтеруімен ерекшеленсе, Қасым хан
сол хандықты нығайтып, халқын көбейтіп, жерін кеңейтіп, даңқын алысқа
жаюымен, «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен халық жадында
сақталған қазақтың тұңғыш конституциялық құжатының негізін жасауымен
әйгілі болған ұлы хан. Ол қартайып барып, Сарайшық қаласында өз
ажалынан 1518 жылы (кей деректе 1523/24 ж.) қайтыс болады», – деген
мәлімет берілген [105, 85-86 бб.]. Қасым хан жастайынан көзге түсіп, хан
әкесі Жәнібектің ақылдасатын оң қолы болған, ал анасы Жағанның сөзін
жерге тастамай, бөлесі – Әбілқайыр ханның немересі, Шах-Будақ пен
Аққозының баласы Мұхаммед-Шайбаниге қастандық жасамайды. Бұл Қасым
ханның ата-ана сөзін санаға сіңіріп, халық арасында зор беделі болғанын
көрсетеді.
«Жанталас» романында бейнеленген келесі тарихи тұлға Тәуке 1680-
1718 жылдары хандық құрды. Жәңгірдің баласы Тәуке ханның билік құрған
кезі кейбір қақтығыстарға қарамастан халық арасында «қой үстіне бозторғай
жұмыртқалаған» дейтіндей, тыныш заман болды. Тәуке сыртқы жауға
тойтарыс бере отырып, қазақтың ру, тайпалары арасындағы ішкі талас-
тартысты тиып, олардың өзара ынтымақтастықта тұруына күш салды. Оның
қазақ халқына арналған басқару заңының маңыздылығын көрсеткен
зерттеуші Қ.Салғара Тәуке ханның қазақ жүздерін іс жүзінде өздерінің
арасынан шыққан билерге, атап айтқанда Әлібекұлы Төлеге, Келдібекұлы
Қазыбекке, Байбекұлы Әйтекеге басқартты. Солардың көмегімен «Жеті
жарғы» деп аталатын ел басқару заңдарының ережелері шығарылғанын атап
өтеді [103, 41-б.].
«Жанталас» романында батырлығымен даңқы шыққан Шыңғыс хан
әулетiнiң кiшi буыны Өсеке ұрпағы Қажы сұлтанның баласы Әбiлқайыр
баһадүр хан (1693-1748) туралы жан-жақты жазылған. Әбілқайыр хан
соғыста
батырлығымен,
айлакерлiгiмен,
аса
дарынды
ұйымдастырушылығымен көзге түсіп, өз беделiмен 1710 жылдан өмiрiнiң
73
соңына дейiн хан болады. 1728-30 жылдары жоңғар қалмақтарына қарсы
Аңырақай жерiнде соғысқа қолбасшылық жасап, өз жерiн дұшпандардан
тазартады. Зерттеуші Джон Кэстль Әбілқайырға барған сапары туралы
еңбегінде оны: «Ол зор тұлғалы, сымбатты, аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі
сондай жылы кісі, сонымен қатар зор денсаулық пен қайрат күш иесі, садақ
тартуға келгенде шынымен-ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ», – деп
сипаттайды [104, 120-б.].
Шығармадағы хан бейнесіне жүгінер болсақ, Әбілқайырдың қазақ
қосындарының қолбасшысы болып сайланып, жоңғарларға қарсы жеңісті
шайқастарда басшылық еткені туралы суреттеледі. Оның басындағы
бірталай ұнамды қасиет – ақылдылық, әскери дарындылық, табандылық,
айлакерлік жан-жақты елес береді. Әбілқайыр қарсы келгендермен күресе
білетін, ерлікті танитын алғыр адам сипатында суреттеледі. Ол Ресейге
Қазақстанды ерікті түрде қосып, өзі бүкіл қазақтың ханы болуды
армандайды. Оның ел басқаруға арыны да, шалымы да жететіні талай жерде
байқалады. Бірақ кезінде ептілік танытып, қазақ елінің тағдырын қуатты
Ресей мемлекетіне тәуелді етуге көп еңбек сіңірген адам, түбінде өзінің жеке
мақсатына жете алмайды.
Әбілқайыр ішкі ойын, толғанысын романда былайша келтіреді:
«...Мені Ор қаласына қалдырмақсың деп айыптайды. Ор қаласын
салдыртсам, қазақ елін Ресейге бағындыру үшін салдырам. Оны жасырып
отырамын ба? Егер сөзіме көнбесе, айтқанымды күшпен істетем. Күшпен
бағын! Өз халқыма осылай зорлық көрсетуім, біле білсе сол халықтың өзі
үшін емес пе? Бүгінгі ісіме, ертең болашақ ұрпақ алғыс айтады! Ал осы
арманым үшін, жолымда кім қарсы тұрса аяғымның астына таптаймын! Сол
үшін маған қазақ жеріне салынар Ор бекінісі керек! Ол бекіністе мұздай
қару-жарақты, аузы түкті көп солдат болуға тиісті! Әрине, қастарым
«осының бәрін Әбілқайыр өз басы үшін істейді, орыс патшасының күшімен
бәрімізге хан болғысы келеді!» дейді. Сөздерінде шындық бар, рас мен орыс
патшасына сүйенген хан болғым келеді. Бір жағынан надан ел-жұртым, сенің
қамыңды ойлайтын хан болғым келеді». Өзінің озат ойымен озық тұрған,
қайшылықты ортада қайшылықты өмір кешкен хан Әбілқайыр қанша
дегенмен өзінің династиялық бәсекелестерінің бәрінен де жоғары тұрды.
Әбілқайыр хан болдым екен деп ешкімге жағасын бастырмады. Ол өзін еркін
ұстаған. «Түбі тірі сүйекке бітерін», қазақ елі еңсесін көтеріп, есесін
сұрайтын күнін армандаумен өткен, ұлт үшін жанын талай тозаққа салған
Әбілқайыр саясатын, ойын халқы, артындағы елі қорғаған [103, 14-б.].
Әбілқайырдың бақталастарымен тартысы туралы суреттерде қашанда
оның
тұлғасының
биіктігі,
азаматтығы
танылады.
Амал-айла,
шарасыздықтан туған мінездеріне қоса оның кішіпейілдігі, ұстамдылығы,
талай қиын шайқастарда, айтыстарда болса да жинақы жүретін, елді
ақылымен риза ететін қылықтары эпизодтар арқылы ашылады. Өзінің үлкен
бәсекелестерінің бірі – Барақ сұлтанға да бейберекет мінез көрсетіп, артық
кетпейді.
74
Елшілік пен келіссөздің ойдағыдай аяқталуы – Әбілқайырдың, оның
ұстаған жолының, саясатының үлкен жеңісі еді. Әбілқайырдың Ресейге қол
артуы, оған бағынуға ант беруі, жалпы қазақ мүддесіне де, оның
мұсылмандық салтына да, халықтық дәстүріне де қайшы емес.
Романдағы Әбілқайыр образы ыстығы мен суығына бірдей көнетін,
қажырлы, ойлы халық басшысы қандай болу керек деген сұраққа жауап бере
алады. Оның осылай жарқ етіп тарих сахнасына шығуы заңды.
Тарихшы С.Өтениязов бұл жөнінде: «1709 жылы Әбілқайыр хан болып
басқарған Кіші жүз елі өз шекарасын қорғап Ресеймен 150 жыл бойы
соғысқан еді. Сол соғыстың соңғы отыз жылын және Ресеймен болған келесі
150 жылдың он сегіз жылын Әбілқайыр хан өзі басқарды. Сондай адамның
Ресейге бас иіп, бодан болуы мүмкін емес. Себебі, Ресей бодандығындағы
башқұрт халқының жағдайын Әбілқайыр хан өте жақсы білетін еді», – деп
жазады [108].
Алайда Қазақстанның Ресейге өз еркімен қосылмағаны ешкімге құпия
болмаса да, көп зерттеушілердің Әбілқайырдан күдіктенетіні рас. Оның
себебі, Х.Досмұхамедұлы және басқа Алаш көсемдері, сондай-ақ басқа
зерттеушілер (И.Крафт және т.б.) Әбілқайыр ханның 1730 жылы жазған
хатының түпнұсқасын көремегендігін немесе жалған екенін айтады. Барлық
қате осыдан басталады. Барлық зерттеушілер оның орысша аудармасын
пайдаланып келеді. Түпнұсқаны көрген соң барып тарихшылар сандарын
соқты. Бүгінгі ұрпақ осы шындықты білсін және көрсін деп тарихшы
Амантай Исин сол тарихи хаттың түпнұсқасын және орысша өтірік
аудармасын салыстырып, 2001 жылдың басында «Абай» журналының №2
санында шығарған еді.
Қазақ тарихында елеулі орын алған оқиға Әбілқайыр ханның
шешімімен Кіші жүздің және Орта жүздің біраз бөлігінің Ресей империясына
қосылуы еді. Бұл туралы кейбіреулер қазақ халқының кейін тоталитарлық
жүйеге еніп, коммунистік идеологияның тар құрсауында қалғанына кінәні
Әбілқайыр ханның осы шешімінен іздейді, бірақ бұл оқиғаның тарихи
қажеттілік екеніне шүбә келтірмеу керектігі тарихшылар тарапынан айтылып
жүр. Бұл мәселеге «Жұлдыз» (№7, 1990) журналының дөңгелек үстелінде
«Көркемдік шындық және тарихи тұлға» тақырыбында келелі әңгімеде тарих
ғылымдарының докторы, профессор Ж.Қасымбаев өзінің оң көзқарасын
білдіреді. Себебі сол кездегі оқиғалар, яғни 1684, 1711, 1712, 1717-1718,
1723-1727, 1738, 1741-1743 жылдардағы жоңғар шапқыншылығына төтеп
беру үшін Солтүстік соғыста Швеция сияқты қуатты мемлекетті жеңіп,
дүние жүзіне беделі артқан Россияның қамқорына кіру оңтайлы тәсіл еді. Ал
Ямышевск, Омбы, Железинск, Семей, Өскемен және басқа да шекаралық
бекіністер қазақтарды қалмақтардың жаулап алуынан аман алып қалғанын
еске сақтау керек. Бір-бірімен таласуды әдетке айналдырған феодалдық ішкі
қырқыстар жоңғар шапқыншылығын үдете беретінін дер кезінде түсінген
Әбілқайыр ханның саясаты бірден-бір өзін-өзі ақтаған бағыт, ал оның тарихи
75
шешімін халықтың тілегі деуге болады. Ал патша үкіметінің Ұлы жүздің бір
бөлігін өзіне күшпен қаратып алуы басқа мәселе.
Жазушы Әбілқайырдың хандық құрған кезеңінің соңына таман ел
сенімінен айрылып, күйзеле бастағанын да суреттейді. Орыс патшалығынан
не әскер, не Жайықтың арғы бетінен жайлы қоныс, не аманатқа берген
баласы Қожахметті қайтып ала алмаған Әбілқайыр өзінің қадірінің түсе
бастағанын айқын сезінеді. Бірақ жазушы бұл Орынбор губарнаторы
Неплюевтің қатесі екенін жазады, ал Әбілқайыр қазақ елін Россияға қосу
жолындағы алғашқы қайраткерлердің ең табандысы еді, сондықтан оның
қадірін ел алдында көтере беру керек еді дей келіп, «Әбілқайырдың өз аты да
тарихтан орын алады. Бірақ ол хандық, жаугершілік, ерлік істерімен емес,
сан қиындықтары, қайшылықтары болса да, түбі тарих өзі ақтаған, қазақ
елінің Ұлы Россия қол астына кірсек деген ғасырлар бойы келе жатқан
тілегін ресми түрде мемлекеттік саясат сатысына көтерген алғашқы ханы
болып танылды», - деп аяқтайды [33, 399-б.].
Ә.Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» атты тарихи романдарында да
негізгі кейіпкер – Әбілқайыр хан. Ол, ең алдымен, хан тұқымы, сұлтан. Осы
тұқымға тән билікқұмарлық, өзімшілдік сезімдерден де құр емес. Жазушы
оның ел билеушілік психологиясына үңіледі. Жазушының сипаттауында
Әбілқайыр бірден көзге түсіп, билікке ұмтылмайды. Ол хан тұқымына,
жалпы билік басындағыларға тән даңғойлық пен кеудемсоқтықтан аулақ.
Өзін қарапайым, сыпайы ұстап, халықпен салмақты, байсалды қарым-
қатынас жасайды, көпшіліктің ортасында болып, адам тануға ұмтылады.
Оның хан тағына жетуге дейінгі дайындығы халық даналығымен көкірек
көзін ашқанымен сипатталады. Әбілқайыр хан халық тілегін орындау мен
ынтымағы аз, көшпелі жауынгер елді бағындыратын жол – ерлік көрсету
екенін түсінеді. Ол ел жақсыларымен, батырлармен тізе қосып қимылдаудың
қажеттілігін жете түсінді, оның айналасында Бөгенбай, Есет, Жәнібек
батырлар жиналды, бұлар оның алынбас қамалына, қолдаушыларына
айналды. Әбілқайыр Мәртөбе сапарында халықтың әлеуметтік және рухани
тіршілігімен терең танысып, көрші елдермен қарым-қатынас туралы
ойланып, қазақтың үш биі – Төле, Қазыбек, Әйтекенің сүбелі сөздерін
тыңдады. Романда: «Тәуке ханнан кейін қазақта әзір Әбілқайырдан беделі
аса қойған төре жоқ. Ол Тәуке ханның тұсында-ақ хан атанып көзге түскен.
Қазақтың қазіргі ханмын, сұлтанмын деп жүргендері ешқайсысының
Әбілқайырдай еңбегі сіңген емес... Ол үш арыстың басын қосқан талай-талай
іргелі шайқастарды басқарды. Жоңғар мен қалмақтан абырой алған
соғыстардың бәрінде тізгін соның қолында болды. Тәуке тұсында қол
басқарды. Осыдан екі жыл бұрын ақ киізге көтеріп бас сардар сайлаған.
Қазақ ғаскері оның алдына шыға алмайды» [109], – деген бас кейіпкер
бейнесін сомдаудағы жазушының шешуші сөздері бар. Ә.Кекілбаевтың
аталмыш романдары Қазақстанның Россияға қосылу кезеңінің шындығын
суреттеген тарихи шығармалар. «Үркер» романында Әбілқайырдың
Петербургтан хабар күтуі, патша елшілігімен келіссөз жүргізуі, осы
76
әрекеттің ұзақ тартыстан соң сәтті аяқталуы суреттеледі. «Елең-алаң»
романында Кириллов пен Татищевтің қазақ өлкесін басқару саласындағы
отаршылдық шешімдеріне көбірек көңіл бөлінеді.
Ал Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» тарихи дилогиясында [110] Әбілқайыр
ханның бейнесі жоғарыда келтірілген тарихи ісіне қарай көрінеді. Романда
оның бейнесіне «қазаққа құлдық бұғауды алып келуші» тұрғысынан баға
беріледі. Бұған қарап автор ханның еліне сіңірген еңбегін жоққа шығаруды
діттемейді. Ол шынайы деректер бойынша Әбілқайыр ханның өз кезінде
қазақ қосындарын бастап, жоңғарға қарсы үлкен майдан ашқанын, әскери
қолбасшылық қабілетінің арқасында жауға ауыр соққы бергенін, сөйтіп
ауыр жеңілістерден кейін қазақтың рухын қайта көтергенін ашып айтады.
Әбілқайыр хан мен Барақ сұлтанның арасындағы қақтығыс «Жанталас»
романында да, «Дарабоз» дилогиясында да сипатталады. Соңғысында бұл
қақтығыстың тақ таласы, енші бөлісі үшін емес, саяси қақтығыс ретінде
үлкен мәні бар екені ашылады.
Трилогияда толық сомдалған кейіпкерлердің бірі «Жанталас»
романына өзек болған Абылай хан бейнесі. Абылай хан тұлғасының
әдебиеттегі көрінісін жинақтаған филология ғылымдарының докторы
С.Дәуіттің «Абылай хан» атты жинағында хан бейнесінің ақын-жыраулар
шығармашылығында, Мәшһүр Жүсіп, М.Жұмабаев шығармаларында,
М.Әуезов, Р.Бердібай зерттеулерінде және т.б. деректерде кездесетін бейнесі
сипатталады және барлық туындыларға түсінік беріледі [111].
Жоңғар шапқыншылығы жылдарында елдің тұтастығы үшін күрескен
Абылай хан (Әбілмансұр) (1711-1781) – Оңтүстік Қазақстанда Арыс
жағасында дүниеге келген ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және
дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ Ордасының негізін
салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан.
Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке
деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда,
Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып
ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке
шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты.
Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр «Ақтабан
шұбырынды» жылдарында жетім қалып, Үйсін Төле бидің қолына келеді.
Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап, Төле би оған
«Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын
да бағады. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор әсер етеді.
Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел
билеу қабілетін анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана
тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Жиырма
жасында қан майданда ерлігімен танылған. Мұнда жекпе-жекте Шарышты
өлтіреді. 1738-1741 жылдары жоңғар қалмақтарына тұтқиылдан шабуыл
жасайды. 1753 жылы Абылайханның әскерлері бірталай қазақ жерін
77
ойраттардан азат етті. 1756 жылы қытайлықтармен соғысып, жеңіске жетті.
1757 жылы қытайлықтар жеңіліп, бітім сұрады.
Ал филология ғылымдарының докторы Ә.Тарақ «Алаштың айбын-
ардағы – Абылай хан» атты әдеби-тарихи монографиясында Абылайдың
ерлігі, өрлігі туралы былай деп келтіреді: «Заманында Абылайдың даңқының
дүрілдеп шығуы да оның аса қабілетті, қайтпас қайсар, ержүрек батырларды
төңірегіне топтастыруынан. Ел сенімі, тірегі де қолбасылар, батырлар
болды». Сонымен қатар Абылайдың тұлғасын сипаттауында:
«Атаң Абылай қазақтың кегін алған,
Туын жығып, жауының шебін алған,
Аузын айға басқан сан менменнің,
Үрей құтын ұшырып, есін алған», – деген жырды келтіре отырып:
«Абылай кейінгі заманға әйгілі қолбасшы, ардақты хан, халқы қадірлеген
қымбат тұлға болғаны өз алдына, ел аузында жыр, аңыз, күй, дастан ғана
емес, нақыл болып қалғандығын пайымдаймыз. Дәл осы жырда Абылайдың
айбын-айбары, қаһармандық тұлғасы асқан сүйіспеншілік, асқақ шабытпен
бейнеленген», – деп келтіреді [112, 14-74 бб.].
Абылайдың түйеші кезінде «Қожасының құпиясын білген құл –
қойныңа салған жыланмен тең, бір күні болмаса бір күні шағып алуы хақ»
деген себеппен Ораз құлды өлтіруі оның мақсатына жетуі үшін адам өмірін
оңайлықпен қиятынын көрсетеді. Ал баласы өлгеніне қайғырып жатқанында
қазақтың үш биінің көңіл айта келуін жазушы романда былай суреттейді:
«Абылайға көңіл айтып, сонау Арқадан Қаз дауысты Қазыбек би, Ұлы
жүзден Төле би, Кіші жүзден Бала би келді. Бұл үш бидің келуі Абылайды
үш жүздің елі өзін көсем ете бастағанының белгісі еді» [103, 272-б.]. Үш
бидің бірге келуіне жазушының үлкен мән беріп, хан тұлғасын ашуға
қолданып отырғанының себебі қазақ тарихында билер әлеуметтік категория
ретінде қазақ халқының тарихында үлкен орын алады.
Шын мәнінде Абылай осылайша бар болмыс-бітімімен өзінің тегін жан
емес екенін байқатады. Оның әр ісінен қанында бар тектілік сезіліп тұрады.
Оның Шыңғыс әулетінің бұзылмас қағидасынан аса алмауының өзіне Бұқар
жырау үмітпен, сеніммен қарайды. Әп дегеннен-ақ ұшқыр қиялымен қиырды
шарлап отырған Бұқар ел болашағын бітімі бөлек ер Әбілмансұрмен
байланыстыра біледі. Бұдан кейін Абылайдың ақылы мен алғырлығын
сипаттайтын бірталай жағдайдың куәсі боламыз. Соның бірі – Ботақанның
өлімі. Романда жұртты әбігерге салған оқиғаның тарихы былай еді:
Қаракесек еліндегі үлкен бір асқа төлеңгіттерімен барған Абылайдың
қалпағын Шаншардың еріккен қулары атып түсіреді. Бұған мән бермесе де,
ішінде дақ қалған Абылай келесі жылы Қызылжарда өткен үлкен
жәрмеңкеде өзін мазақ еткен қулардың өтеуі ретінде Қаракесек руынан
Жанай, Ботақан деген кісілерді ұстап қалады. Мұның соңы іс насырға
шауып, көрге тірідей түсірілген Ботақан шықпай, жарылып өледі. Бұл
хабарды естіген бүкіл Қаракесек атқа қонады. Мүлт кеткенін сезген Абылай
дереу шешім шығарып, жігірттерін ертіп кетіп қалады да, ауылды әдейі
78
жайбарақат күйінде қалдырады. Бұл даудың оң шешімін тапқанын жазушы
романда былай келтіреді: «...Абылай өзін кінәлі санап, Ботақанның өлімі
үшін үш кісінің құнын – әрқайсысы атан бастаған тоғыз қарадан, жиырма
жеті бас мал, оған қоса ат-шапан айып төледі. Өзін атпақ болған Қынан
мергенге мылтығыңның қарымы қайтпасын деп, ал оны ұстап қалған
Бекболат биге, өлімге қимаған жақсылығың үшін деп, құндыз жағалы күзен
ішік пен бір-бір жорға мінгізді. Екі жақ бітімге келіп, жанжалдың аяғы тойға
ұласты». Біз осы бір оқиғаның барысынан Абылайдың тағы бір қырын –
көрегендігін, қолымен істеген ісін мойынмен көтере алар нар екенін көреміз.
«Ұлық болсаң, кішік бол» дегендей, қолындағы шексіз биліктің құдіретін
пайдаланбай кетіп қалды, істі одан әрі ушықтырмай өз орнымен шешімін
табуына оң ықпалын тиігзген-ді. «Ханда қырық кісінің ақылы бар» деп бекер
айтпаған халқымыздың қанына сіңген қасиетін былайша орнымен көрсете
білген Абылай бұл оқиғадан сабақ алады және шамданбай оны үнемі
жадында түйіп жүреді: бірі – қарамағындағы бұқара өзіңе қарсы шықса, онда
төре ісінің қараң қалғаны. Ашуланған халық жараланған арыстаннан кем
емес, өзіңді жарақаттамай тынбайды. Төремін деп басынба, жазамен
ықтырам деме, шамаң келсе бауырыңа тартып, ашуын басуға тырыс. Екінші
түйгені, сырт жауың болса, оған ел болып қарсы шығасың, не басын аласың,
не қан сорпа етіп қуасың... Ал өз еліңнің қай тентегінің басын кесіп
құртасың? Мұндай халықты билеудің жолы бөлек. Арыстанды темір торда
ұстасаң ғана қауіпсіз. Халықты да үнемі темір торда ұстай біл. Мейлі ол
саған ақырсын, айбат көрсетсін, бәрібір шаба алмайды, мерт ете алмайды. Ал
бар халыққа темір тор құру мүмкін бе жоқ, халқыңа деген темір торың, құр
ғана жалаңаш қылыш әскерің емес, ол ақылың, айлаң... Көпке топырақ
шашуға болмайтынын Абылай даналықпен осылайша ой түйеді. Халқын
шамдандырып, ерегестірудің арты жақсылыққа соқпайтынын түйеді. Ақылы
мен айласы пара-пар Абылай әр іске бажайлап қарап, әрбір істен сабақ алып,
қорытынды шығарып отырған. Ол өз мүддесінен, өз пайдасынан халықтың
мүддесін жоғары қоя білген, қашанда өз халқының бейқам тіршілігін
аңсаған. Ол ел тағдыры талқыға түскенде төремін деп кекіреймей, қасын да,
досын да шақырып, олардың жөнді-жөнсіз пікірлеріне құлақ қоя біледі.
Келелі мәселе сөз болар мәжілістен ол жау шапқанда қолына найза батыр,
керек кезінде тарихты еске салып, рухани дем берер ақын-жырауларын да
ұмытпайды. Оларды өзі түрегеліп, оң жағынан орын беріп, әр сөзге ерекше
ден қойып, тұжырым жасап отырған. Абылайдың басқа хандардан ерек
екенін көрсеткісі келген жазушы оны романда былайша көрсетеді: «...Қазақ
«еркектің ақылы қырықтан бастап толады, алпыстан бастап солады» дейді.
Абылай қазір қырықтан жаңа асып барады. Түсін жорыған сыншы жырау
оның түпкі сырын дұрыс болжады. Абылай – қазақ елін ұлы елдер қатарында
көргісі келді, хан болса сол ұлы елге хан болуды арман етті. Сондықтан да
ана жылы тұтқында жатқан Абылайға Қалдан Церен: «Дүниеде аз асқа
бақауыл, аз елге хан болған жаман» деп жауап берген.
79
Абылайдың бар болмыс-бітімін, ішкі сырын, ой түкпірін білдіруде
Бұқар екеуінің арасындағы диалогтың мәні зор. Абылай романда Бұқарға
бірде былай жауап берген екен: «Баяғыдан бері менің сойылымды соғып,
қартайғанда өз ісіңнен қорқып қалдың ба, жырауым... Өткен іске өзіңді өзің
қинамай-ақ қой. Одан да менің мына сұрауыма жауап берші... Бастары
қосылмай келіп, «ақтабан шұбырындыда» қашқан қойдай сасып,
жартысынан көбін жоғалтқан бұл елге қандай адамның хан болуы керек еді.
Балбырап аққан ыстың иісінен жүрегі айнымайтын қатал басшысы болмаса,
сұрқия заманда жан-жағынан қаптаған жауы даласын аткөпір етіп, өздерін әр
жотаның етегіне төбе-төбе қып үйіп кетпесіне кім кепіл еді? Сонда қазақтан
не қалар еді». Бұл сөздердің тасасында бұлтартпас шындық жатқаны анық.
Абылайдың әр сөзінен, лебізінен оның пір тұтқан қағидасы, ұстанған ұғымы
бүкпесіз білінеді.
Сонымен бірге романда Абылайдың айрықша жаратылған аруақты ер
екендігінің бар көрінісі ақ бура туралы көріністе беріледі. Ақ бурадай мінезді
Абылайдың ерекше құдіретін, екінің бірі емес екенін осыдан-ақ байқауға
болады. Абылайдың қазақ жерін жаудан босату, жан-жақтан анталаған көп
дұшпанға төтеп беру жолындағы басшылығы алмағайып, қиын заманда өтті.
Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлтарақтай жерін барынша
қорғаған оның да өз өкініші болды: «Өкінішім – үш жүздің басын қоса
алмадым: аз елге хан болдым. Қазаққа мал емшегін емізгенмен, жер емшегін
емізе алмадым... Өзге жаудан қазақтың жерін қорғаймын деп жүргенде дүние
құрғыр өтіп кетіпті ғой» [103, 577-592 бб.].
Осындай асқақ арманын елінің болшағымен ұштастырған кемеңгер де
кемел ақыл иесі, сырбаз Абылайдай бабамыздың түрлі қырлары романда
тиісті мінездемесін алған.
Сондай-ақ шығарманың мазмұнында Абылай хан туралы әсірелеу көп
кездеседі. Яғни тарихи деректерге қисынсыз тұстары байқалады. Демек,
тарихи романның табиғатына үңілсек, әрбір күрделі туындыдан бірнеше
өрнек табуға болады. Яғни жанрлық ерекшеліктердің ең басты көрсеткіші
дәуір шындығын тарихи деректерге, құжаттарға үңіле отырып, көркемдік
бейнені
туғызудың
маңызы
зор
болып
табылады.
Зерттеуші
Қ.Қ.Аралбаевтың пікірінше: «Тарихи дерек – ол біздің санамыздан тыс өмір
сүретін және өзіне ғана тән белгілі мазмұны бар объективті шындық» [113].
Демек тарихи дерек пен көркемдік образ бірін-бірі толықтыратын
шығарманың уығы мен керегесі деп түсінген жөн. Олай болса, тағы да
Абылай хан туралы тарихи деректерге жүгінуге тура келеді.
Тарихи зерттеулерде Абылай туралы көп шындық айтылса да,
көптеген әдеби кітаптар мен мақалаларда оны асыра мақтап, жалған
мәліметтер келтіріледі. Абылай 1711 жылы туған, яғни Әбілқайырдың үлкен
баласы Нұралымен қатар. Сонымен Абылайдың ол кезде қол астында
(жоңғар шапқыншылығы кезінде) елі болған жоқ. Шын мәнінде ол 1771
жылы Орта жүз хандығына қолы жеткенше оған бағынған қазақ рулары
болған жоқ. Сондай-ақ 1742 жылы Абылай хан жоңғарларға тұтқынға
80
түскенде оны босатқан патша өкіметі болатын. Қазақ батырлары мен билері
жоңғарлардан өтініш жасағанда құлақ асқан жоқ, ал орыстар өтінгенде
Абылайды дереу босатты. Абылай өз ауылына жетпей-ақ Әбілмәмбетке
«Мені босатуға сен де және басқа қазақтар да ештеңе жасаған жоқ» деп
үлкен өкпесін айтып хат жібереді. Бұл 1743 жылдың көктемі еді. Яғни
хаттың түпнұсқасы мұражайда сақталғаны әлгі деректі толықтыра түседі.
Абылай хан бейнесі Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз» дилогиясында да
сипатталған. Бұл туындыда ханның кесек бейнесі, қайраткерлігі, терең
дипломатиялық қасиеттері жан-жақты ашылады. Күші басым жаудың
алдында қаймықпай, өз елінің мүддесін жоғары қоя білуі, нақты шешім
шығарып, батыл әрекет етуі суреттелген. Автор Абылайдың бейнесін бір
жақты жағымды емес, қарама-қайшылығы мол, драматизмге толы етіп
сомдаған. Жазушының суреттеуінде Абылай хан Қазақ Ордасының
қарамағында болған халықтардың басын біріктірмек, бірақ ол мұны жеке
бастың мансапқорлығы мен шексіз билікқұмарлығынан емес, ел мүддесі мен
болашағын ойлағандығынан жасаған.
«Қаһар» романында бейнеленген көрнекті тұлғалардың бірі Жәңгір хан
(1801-1845) – Бөкей ханның баласы. Бөкей қайтыс болғаннан кейін (1815)
хан тағы мұрагерлік жолмен Жәңгірге беріледі. Ол неміс, орыс, татар, араб
тілдерін білген. Жәңгір ханның қайраткерлігі туралы «Қазақтан» Ұлттық
энциклодеиясында: «оның тұсында Бөкей ордасының сауда жәрмеңкесі (хан
жәрмеңкесі) ұйымдастырылып (1832), дәрігерлік бөлімше, дәріхана, архив
және хандықтың алғашқы картасы жасалды (1838). 1841 жылы Жәңгір хан өз
қаражатымен мектеп ашып, онда қазақтың белгілі зиялы азаматтары
С.Бабажанов, М.Бекмұхамедов, К.Шығаев т.б. білім алған. Жәңгір сол жылы
Қазан университеті жанындағы ғылыми кеңеске мүше болып сайланып, 1843
жылы генерал-майор шенін алады. 1844 жылы Қазанда Жәңгір ханның
«Мұхтасар әл-фикғайат» деп аталатын еңбегі жарық көрді. Жәңгір хан
коллекция жинаумен, асыл тұқымды жылқы өсірумен, қазақ шежіресін
жинаумен айналысады. Билер мен хан өкілдері кеңесі, тархандар институты
қайта құрылады», – деп көрсетілген [114, 620-б.]. Ол 1845 жылы ауырып
қайтыс болады.
Ал «Қаһар» романына негіз болған басты кейпкер қазақ елінің дербес
мемлекет болуын аңсаған Кенесары хан Қасымұлы (1802-1847) бала күнінен
ат құлағында ойнап өседі. Атысу, шабысу, сайысу, аударыспақ, т.б. дала
сарбазына қажетті ерлік өнерінің бәрін толық меңгереді. Аңшылық дегенде
ішкен асын жерге қояды. Патшалық Ресей өкілдері Кенесарыны «қарақшы»,
«жабайы», «бұзақы» деп сипаттап жазғанымен, оның айлалы саясаткер,
ақылды қайраткер, қаһарман қолбасшы екендігін жоққа шығармаған. Осы
тарихи деректі орыс ғалымы Н.Середа: «Кенесары өз халқына мәңгілік
бостандық тіледі, шынайы патриот ретінде орыс мемлекетінің өздерін толық
жаулап алуға ұмтылғанын түсіне білді», – деп сипаттайды [115, 5-б.].
Зерттеуші Т.М.Демежанов «Художественная интерпретация образа
К.Касымова в казахской литературе» тақырыбындағы кандидаттық
81
диссертациясында М.Әуезовтің «Хан Кене» драмасындағы дәстүрлер 60-шы
жылдары Ілияс Есенберлиннің сонымен аттас «Хан Кене» романында
жалғасын тапқандығын, жанрларының айырмашылығына қарамастан, бұл
екі шығарманың арасында терең ішкі байланыс бар екендігін атап көрсетеді.
Бұл ең алдымен басты қаһарманның образын авторлық интерпретациялауда,
оның ішкі дүниесін ашуда көрінеді. М.Әуезов секілді Ілияс Есенберлин де өз
романын кітап беттерінде жарық көрген тарихи, деректік, фольклорлық және
ауыз әдебиеті материалдарын пайдалана отырып жазған. Басқа көркемдік
құралдармен (портрет, сөз, ішкі монолог, психологиялық баяндау, т.б.) қатар
олар бас қаһарманның шынайы бейнесін жасауға көмектесетінін айтады.
Бірақ Ілияс Есенберлиннің романы өзге әлеуметтік-саяси жағдайларда және
жаңа тарихи білімдер позициясында жазылғандықтан, Кенесары тақырыбы
жазушыны 60-шы жылдар әдебиетіндегі адамның ішкі жан дүниесіне үңілу
жағдайымен, оның нақты тарихи жағдайларда көрініс тапқан потенциалдық
мүмкіндіктерінің, оның қоғам өміріндегі алатын орнына байланысты
қызықтырады. Осы мағынасында Кенесарының өзгеше және жұмбақ бейнесі
суреткер үшін көркемдік міндеттерді шешуге қолайлы болды. Басқаша
айтқанда, «Ілияс Есенберлин бүлікшіл хан туралы қарапайым, қатігез
билеуші деген қалыптасқан стереотипті жойып, оны тіпті басқаша қырынан
таныту үшін қиын, әрі тиым салынған тақырыпқа барды» [116, 110-149 бб.],
– деп жазушының көрегендігін атап көрсетеді.
Қазақ жерінде 1841-1847 жылдары хандық құрған Кенесары Қасымұлы
туралы «Қаһар» романында Кенесарының билік туралы ойларын былай
береді: «"Қанішер Абылай" атанған қанды көйлек арғы атасы кісі ажалы мен
қой бауыздағанды тең көрген. Бергі атасы хан Абылай құлдық кезімнің куәсі
болып, бетіме шіркеу келтіреді деп, ажалдан аман алып шығып, ерлік жолға
қайраған Ораз құлды өз қолымен бауыздаған. Өз әкесі Қасым төре анасынан
қан шеңгелдеп туған. Осы үшеуінің ұрпағы Кенесары кімді аяйды. Ел
билеймін деген адамға кейде жазықсыз ажал жазықты ажалдан құнды». Жан-
жақтан қыспаққа алып, бұғау салғысы келген Ресей патшасының ниетіне
хан: «Егер мен Айшуақ, Құдайменді, Жантөре, Уәли балалары секілді үн-
түнсіз Россия патшасына мойынсұнсам, ертең үрім-бұтағым не дейді? Мені
де сатылған көп сұлтанның бірі демей ме? Қазір жеңіліп ажал табуға
бармын, бірақ ұрпақтарым алдында атымды адал сақтағым келеді», – деп
қарсылық білдіреді. Ал ханның ерлік, батырлық сезімін былай суреттейді:
«...болашақ ұрпақ кімнің айыпты, кімнің айыпсыз екенін өзі тауып алар, ал
біз өз борышымызды ақтауымыз керек. Қазақта «Алпыс күн атан болғанша,
алты күн бура бол» деген мақал бар, зорлыққа мойынсұнар жайым жоқ,
өмірім жеткен жерге дейін алысып өлем» [33, 600-б.].
Кенесары тұлғасының ірілігін патша үкіметінің мұрағаттарында
сақталған деректерден көруге болады. Кенесары қозғалысының жаңғырығы
француз әдебиетінен де орын алды. Оған дәлел – соңғы ханның өз ұлтын азат
ету үшін жарты дүниені дүр сілкіндірген қозғалысы жайында француздың
атақты фантаст жазушысы Жюль Верннің 1876 жылы роман жазуы. Ол
82
Кенесары ханның жан дүниесін түсініп, тарихи шындықты қаз-қалпында
көрсетпесе де, Еуропада Кене хан мен қазақ халқы туралы туындының
жарық көруінің өзі елеулі оқиға. Бұл ретте К.Сәттібайұлының пікіріне
сүйенсек: «Жюль Верн 48 жасқа келгенде «Азия дертімен» ауырады. Азия
болғанда, осы уақытқа дейін «Капитан Гранттың балалары», «Құпия арал»,
«Су астымен 20000 ле саяхат» сияқты романдарымен әлемге әйгілі болған
қаламгер аяқ астынан Қазақ даласының қайсар ханзадасы – Кенесары туралы
аңыз-әпсаналарға аңсары ауып, «Патшаның жаушысы» («Курьер царя») деп
аталатын романын жазуға отырған» [117].
Қазақ хандары мен ел билеушілері ұлы Абайдың сөзімен айтқанда:
«Единица – жақсысы
Ерген елі бейне нөл.
Единица нөлсіз-ақ
Өз басындық болар сол.
Единица кеткенде,
Не болады өңкей нөл?
Берекеңді қашырма,
Ел тыныш болса, жақсы сол» [118, 91-б.], – дегеніндей халықтың
бастаушысы, басшысы болған. Дегенмен ақынның сөзіне бақсақ, ел
билеушінің басты міндеті – оның қол астындағы халқының берекесін
қашырмай, тыныш ұстауы болып табылады.
Жазушы қазақ хандарын суреттеуде олардың бойында халық үшін
күрескен елжандылық сезімі әрқашан бой алғанын көрсетеді. Романдағы
Жәнібек, Қасым, Хақназар, Әбілқайыр, Абылай, Кенесары бейнелерін
сомдауда олардың билік үшін таласымен қатар, елді біріктіру туралы
ойларының көрініс табуы хандардың тек өз қара басының қамы үшін емес,
шын мәнінде ел билеуші, мемлекет құру жолындағы күресі, жер үшін, халық
үшін жанын ауыртқанын көрсетеді.
Майталман жазушы Ілияс Есенберлин халық ықыласына бөленген
трилогиясын жазуда тарихи деректермен көп жұмыс жасаған. Жазушы
молынан жиналған тарихи мағлұматтар мен деректерді, архив құжаттарын
көркемдеу барысында өз кейіпкерлерінің тұлғалық ерекшеліктеріне көңіл
бөліп, ұнамдылық сипатын арттыруға тырыспай, тарихи шындықты
барынша дәл беруге ұмтылғанын байқаймыз. Автордың бұл әрекеті өз
заманындағы идеологиялық цензураның қайшылықтарынан қорықпай,
батыл әрі патриоттық қадам жасағанын көрсетеді. Жазушының өз сөзімен
айтқанда бұл трилогияның логикалық түйіні «Ағаш биіктеп өскен сайын,
оның тамыры да жерге бойлап, тереңдей түспей ме, адам да солай. Ол
болашақ туралы көбірек толғанған сайын, өткен тарихы жайында көбірек
білгісі келеді. Онсыз болашақты құруға да болмайды» деген ойында мол сыр
жатыр және тарихи шындықты мойындатуға негіз болары хақ.
|