27
Заманының заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин қазақ тарихи
әдебиетінде қозғалмаған тақырыпта қалам тартып, тыңнан түрен салды.
Тоталитарлық жүйе мен кеңестік идеологияның
құрсаулы цензурасынан
тайсалмай, ұлтшылдық жаласына ілігуден қорықпай қазақ тарихындағы ел
билеушілердің, билер мен ақын-жыраулардың,
халық батырларының
тұлғасын сомдауды өзінің Азаматтық міндеті деп санады. Қазақ халқының
ұлағатты салт-дәстүрі, терең мағыналы ғұрыптары,
атадан балаға жалғасып
келе жатқан этнографиялық биік мәдениеті Азамат жазушы қаламымен
сәнді, нақышты өрнекті тұскиіздей өрілді. Дана халқының бай фольклорлық
мұрасы мен ауыз әдебиеті үлгілерін, шұрайлы тілін дәріптеу арқылы
талайлы тарихын бедерлеу жазушының
Азаматтық парызының биігі
саналады.
Достарыңызбен бөлісу: