М. Р. Балтымова ілияс есенберлиннің тарихи романдары: шеберлік пен көркемдік монография



Pdf көрінісі
бет6/18
Дата24.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#193335
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
treatise214183
Презентация 3

Осы жерде зерттеуші 
 
Н.Ф.Донченко болгар әдебиетіндегі тарихи 
романдарды зерттей отырып, тарихты түсіну үшін қоғамдық дамудың 
заңдылықтарымен танысып, адам мен оның қоғамға қарым-қатынасы 
туралы білуіміз керек, сондықтан таза тарихи романдардың болуы мүмкін 
емес деген пікір айтады. Себебі өткен өмірді көркем бейнелей отырып, 
қоғамдық жағдайлардың дамуына ден қоймауға болмайды. Сондықтан 
тарихи романның шынайылықпен байланысты болуы ғана оның тарихи 
шындықты бұрмаламай жеткізуіне септігін тигізеді [68, 14-б.]. 
Ал зерттеуші Н.Е.Знаменская АҚШ әдебиетіндегі тарихи романдар 
туралы зерттеуінде тарихи романға «тарихилық негізінде жазылған және 
уақыт кеңістігі, тарихи тұлғалардың бейнесі, тарихи бояу, белгілі тарихи 
оқиғаны 
немесе 
тартысты 
суреттеуі, 
өзіндік 
тарихи-көркемдік 
проблематикасы бар» шығарма деп анықтама береді [69, 19-б.].


43 
Уақыт пен кеңістік туралы және бұл категориялардың тарихи 
романдарға қатыстылығы туралы пікірлерден көретініміз уақыт пен кеңістік 
кез келген көркем шығармаға қарағанда тарихи туындыларда кең аумақты, 
әрқилы болып келеді. Бұған дәлел ретінде Ілияс Есенберлиннің 
«Көшпенділер» трилогиясында тарихи оқиғаларды суреттеуде уақыт пен 
кеңістікті 
шектемей, 
өткен 
замандағы 
оқиғалардың 
ауытқуын, 
жылжымалылығын, динамикалық қозғалысын роман жазылған уақытпен 
байланыстырғанын айтамыз. Жазушы тарихи деректерді баяндау барысында 
көркемдіктен бұрын, деректілігіне мән беруі – осының айғағы. Тіпті қажет 
кезінде жазушы тарихи құжаттың нақты атауын да беріп кетеді. «Қаһар» 
романында келтірілгендей, Кенесары Ташкент пен Қараөткел, Қызылжар 
арасындағы керуендерді талап, ырқына көнбеген кейбір сұлтандардың 
ауылын шауып, Чириков пен Карповтың жасақтары секілді патша 
әскерлерінің шағын топтарымен ғана қақтығысып келді. Ал ертеңнен бастап 
үлкен айқасқа шықпақ, патша әскерлері мен Россияға берілген қазақ 
сұлтандарына қарсы майдан ашпақ. <...> Кенесары бұл майданды ашпастан 
бұрын, патша әскерімен таласты соғыссыз шешпек боп қолдан келген 
амалын аяған жоқ. Маңайына ақ патшадан зәбірлік жеген жұртты жинаумен 
қатар, мүмкін, күннен-күнге көбейіп жатқанымызды көріп бізбен санасар 
деген үмітте де болды, Омбы бастықтарына хат үстіне хат жолдады. Ең 
ақырғы хатын ол Шу мен Сарысуды қыстап шығып, Сарыарқаның бел 
ортасы Қарақойын Қашырлыға көшіп келген соң, Батыс Сібір генерал-
губернаторы Горчаков князьға 1838, яғни қазақша Ит жылы, мамыр айының 
басында жазған. Оны Тоқтының Табылдысы мен Қазанғаптың Көшінбайы 
деген өзінің екі сенімді адамы арқылы жолдаған. Бұл хатта Кенесары 
Қасымұлы сұлтан: «менің тілегім екі патшалықтың халқы да тыныштықта 
өмір сүру еді... Менің айтып отырғаным мынау: біздің бабамыз хан 
Абылайға тиісті жерлерде сіз дуан салдырдыңыз және қазақ халқынан алым-
салық аласыз, сөйтіп бізді қыспаққа алып отырсыз. Біз бұған риза емеспіз 
және алым-салық төлеп сіздің қарауыңызда тұра алмаймыз... Сондықтан да 
біздің жай-күйімізбен санасуларың керек. Әрине, мен Баянауыл, Қарқаралы 
һәм Ақмола қазақтарын өзіме қосып алдым, әлі де болса халқымды өз 
жағыма қоса берем деген ниетім бар; алайда қазақ халқы бұрынғыша өз 
алдына ел болып өмір сүрсе жақсы болар еді... Бірақ дуанбасылары ел 
аралаған кезде сиязға деп сылтауратып қазақтың жақсы ат, киім-кешектерін 
алатын көрінеді. Біздің мүлкімізді талан-таражға салуға тиым болсын деген 
патша ағзамның заңы бола тұрса да, дуанбасылары қазақтардың айтқан 
арызын құлағына да ілмейді... Сізбер әрқашанда достық қатынаста тұруды 
көздеп мен мына төмендегілерді талап етемін: 1) Ақтау қорғанысы 
жойылсын; 2) Ақмола дуаны жойылсын; 3) Біздің жерімізге салынған сондай 
мекеме орындары тегіс жойылсын; 4) Қамауға алынған біздің адамдар һәм 
Қоңырқұлжа сұлтанға жіберілген екі адам босатылсын» [33, 596-597 бб.].
Осы хаттың Қазақ ССР тарих архивінен (фонд 82, опись 1, іс 169, 15-16-
беттер) алынғандығын жазушы көрсетіп кетеді. Бұл хатына да жауап ала 


44 
алмаған Кенесары сұлтан дұшпандарының айқассыз теңдік бермейтініне көзі 
жетіп, шабуылды бастауға бел байлады. Содан кейін Кенесары ерліктері 
аңызға айналды. Бұл туралы тарихшы В.Симагиннің: «Еш жеңілуді білмес 
тас жүрек батырдай, соңынан аңыз-ертегілер қалдырып Кенесары тағы да 
ұстатпай кетті», – деп «Оренбургский листок» газетінде 1889 жылы 26-шы 
нөмірінде жазғанын да жазушы нақты көрсетеді [33, 739-740 бб.]. 
Жазушы трилогияға бес ғасырлық оқиғаны сыйғызу үшін 
фольклорлық, эпикалық уақыт пен кеңістікті пайдаланады. Фольклорлық 
уақыт – көркем шығарманың уақыты, фольклорлық қиял – тарихи шындық 
болғандықтан, ол көркем шығарманың шеті мен шегін сақтайды. 
Фольклорлық уақыт әр мағынада және мазмұнда эпикалық, трилогиялық, 
роман-эпопеялық уақыт болады. Эпикалық уақытта баяндау сарыны басым, 
жазушы оны бір көркемдіктен жаңа формаға енгізіп, шеберлік көрігінен 
өткізіп баяндайды. Фольклорда сызба көп, соның бірі – түс көру.
Фольклордың прозалық түрінің көркем шығармаға кірігуі, жазушының 
қаламының күшімен көркем шеберлікке ұласуы – оның шығармашылық 
жетістігі.
Уақыт пен кеңістік мәселесі тарихи романды талдағанда тарихи уақыт 
категориясы ұғымымен сабақтасып жатады. Себебі тарихи шығарманың бір 
ерекшелігі жазушы өзінің суреттеп отырған кезеңін алыс болса жақындатып, 
ұзақ болса, қысқартып, мейлінше негізгі тарихи шындықтарды бейнелеуге 
күш салады, бұл автордың тарихтың қай беттерін парақтауға мән бергенімен 
байланысты. Тарихи роман жанрын зерттеуге үлес қосып жүрген ғалым 
Қ.Алпысбаев тарихи романдардағы өткенге көз жіберуді, яғни ретроспекция 
туралы айтып, оның «Көшпенділер» трилогиясындағы көрінісіне тоқталады:
«Көшпенділерде» ретроспекциялық уақыт алуан түрлі формада көрінеді. 
Автор кейде бірнеше ғасыр өтіп кеткен кезеңге бүгінгі күннің суреттеліп 
отырған кезең адамының тұрғысынан қарап, оны екшеуге тырысады немесе 
кейіпкердің ой-дүниесі арқылы кеше ғана өткен ата-бабасының істеген ісіне 
талдау жасайды. Ретроспекция әр түрлі уақыт қабаттарын қамтиды.
Әдебиеттану ғылымында ретроспекцияны түрлі типтер мен формаларға 
бөледі. Олардың бастысы – ғұмырнамалық (биографиялық) ретроспекция – 
хроника, психологиялық ретроспекция болып табылады. «Көшпенділерде» 
негізінен алдыңғы екі форма көбірек қолданылған. Көркем әдебиеттегі уақыт 
категориясы хронологиялық бірізділікпен қоса, драмалық сипатқа да ие. 
Сондықтан көркем әдебиет уақытты драмалық уақыт деп ажыратады» [70, 
148-149 бб.]. 
Демек «Көшпенділер» трилогиясында жазушы макрокеңістік пен 
микрокеңістікті қатар бейнелеу тәсілін шебер қолданады. Ілияс Есенберлин 
кейіпкерлерінің көпшілігі тарихта болған тұлғалар, немесе солардың 
прототиптері болғандықтан, тарихи оқиғаларды бейнелеу арқылы жазушы әр 
кейіпкердің микроәлеміне үңіле кетуді жөн санайды. Бұл ретте терең 
психологиялық суреттеулер, керемет портреттер көп болмағанымен, 
оқырман өзіне қажетті кейіпкердің бейнесін толық көзіне елестете алады. 


45 
Себебі жазушы кейіпкерді суреттеуде оның бейнесін ашуға қажетті 
детальдарға мән береді, мысалы оның ата-бабасын, қоғамдағы алатын орнын, 
атақ-дәрежесін, тұрмыс-тіршілігін, киім киісін немесе сөз саптауын 
шығарманың қажетті жеріне арқау етеді. Бұл ретте автордың ата дәстүрі мен 
салттарын суреттеуде шеберлік танытатынын баса айтуымыз қажет. 
Сонымен қатар жазушының өз кейіпкерлерінің әрқайсысының бейнесін тым 
әсірелемей, төмен құлдилатпай, шынайы жасауға тырысқандығын 
аңғарамыз. Ол Қобыланды батырдың пендешілігін жасырмай көрсете 
отырып, оның батырлық аңғалдығы екенін айта кетуді ұмытпайды. Немесе 
Рабиу-Сұлтан-Бегім туралы ел арасындағы қаңқу сөзге айналған әңгімеге 
сенген Әбілқайыр ханға Сарғыт-Шиман Маңғыт уәзірдің: «Қуаныштың 
теңізі, адамгершіліктің күні, Фаридундай қасиетті Әбілқайыр ханның әйелі, 
Ақсақ Темір немересі Ұлықбек мырзаның қызы Рабиу-Сұлтан-Бегім ханым 
өсек-аяңнан тыс тұруы фатиқа. Бұлай ету екі жұртқа бірдей мәлім», – деген 
уәжі арқылы ханымды жазықсыз жаладан арашалап алады [33, 35-б.]. 
Жазушының аталмыш трилогиясы уақыт пен кеңістік тұрғысынан 
қарастырғанда күрделі туынды. Мұнда хронотоптың барлық түрлері 
кездеседі.
Ілияс Есенберлин өзінің «Көшпенділер» трилогиясында тарихи 
оқиғаларды суреттеуде уақытты және кеңістікті шектемей, өткен заманның 
оқиғаларын жылжымалылығы, ауытқуы тұрғысынан шебер бейнеледі. Бұл 
ретте жазушы фольклор үлгілерін қолдана отырып, фольклорлық уақытты да 
қолданады. Бұл трилогия бес жүз жылдық кезеңді қамтитындықтан, 
оқиғалары эпикалық кеңістік пен эпикалық уақытта бейнеленді. Яғни 
шығармада қилы-қилы шегіністер, ретроспективті монологтар, баяндаулар 
осы эпикалық баянды жүзеге асыру үшін қолданылған. 
Бүгінгі күні «Көшпенділер» трилогиясындағы уақыт пен кеңістік өз 
жалғасын тапты, уақыт әлемдік жаһандану үрдісіндегі Қазақ мемлекетінің 
тәуелсіздігіне ұласса, кеңістік жаңаша заманауи виртуалды кеңістікке 
ұласып, әлем сахнасына жол тартты. Мұның бір дәлелі қазақ кино өнеріндегі 
соңғы соны жаңалықтардың бірі трилогиямен аттас «Көшпенділер» 
фильмінің түсіріліп, әлемдік деңгейде көрсетілуінің өзі де халықтың, 
жастардың елі мен жеріне деген сүйіспеншілігінің артқандығын көрсетеді. 
Фильмнің сценарийі Ілияс Есенберлиннің трилогиясына негізделмесе де, екі 
өнер туындысы арасындағы ұғым үндестігі елін, жерін, халқын сүйген, рухы 
биік ержүрек ата-бабамыздың тарихтағы жолы келешек жас ұрпақтың 
отаншылдық рухын көтеруге ықпал еткендігін көрсетеді. 
Бұл ретте Ілияс Есенберлиннің осы тарихи трилогиясына 
«Көшпенділер» атауын таңдап алуы да зерттеу нысанына өзек болады. 
Көшпенділер тарихын зерттеуге қызыққан ғалымдар аз болмаған, бұл туралы 
ақын-жазушылар да көп жазған. Белгілі ақын, жазушы О.Сүлейменов 
көшпенділер туралы: «Тарихи көшпенді ғылыми шындыққа айналып келеді, 
бұл күннен күнге күрделенуде. Дәстүрлі түсініктер аясы қазір көшпенді
үшін тым тар. Ендігі жерде көшпенділердің әлемдік өркениеттегі жағымды 


46 
ролі туралы айтуға болады... Олар бізге таңғажайып храмдар қалдырмаса да, 
қағаз жасамаса да, таста қашалған және халық жадында сақталған 
поэтикалық ойды мәдениеттің биік элементі деп айтуға болмай ма?» – деп 
көкейдегіні қозғайды [70, 40-41 бб.]. «Көшпенді» ұғымының көшіп-қонып 
жүрген адам деген түсініктен терең ғылыми мәні бар зерттеу нысанасына 
айналуы найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен, ерен ержүректікпен сырт 
жаулардан қорғап келген жерін еркін жайлаған ата-бабамыздың тарихы 
тағылымы мол терең тарих екендігін көрсетеді.
Тарихи роман жанрының қазіргі заман әдебиетінде шындықты
шынайылықпен 
бейнелеуі, 
күрделі 
мазмұндық, 
бай 
стильдік
ерекшеліктерінің артуы, оның жанрлық түрлерінің көбеюі қазақ 
әдебиетіндегі іргелі жаңалықтардың бірі деп айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет