М. У. Анартаева



бет1/21
Дата31.01.2018
өлшемі2,87 Mb.
#36761
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
БИОХИМИЯ, БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
''БЕКІТЕМІН''

ОӘжТЖ проректоры,

м.ғ.д. М.У.Анартаева

___________________

«____» _______2013 ж.

Ж Ұ М Ы С Б А Ғ Д А Р Л А М А С Ы




Пән: Микробиология
Пән коды: Мiс 2206
Мамандық: 5В110100 «Мейіргер ісі»
Оқу сағатының көлемі / (кредит) 90/2
Курсы және оқу семестрі 1, II

Шымкент 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы 2012 жылғы № 837- 4 желтоқсандағы мейіргер ісі мамандығына арналған микробиология бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде жасалды.

Жұмыс бағдарламасы биохимия, биология және микробиология кафедра мәжілісінде талқыланды
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. _____________ Есіркепов М.М.
хаттама №______ «____» ________ 2013ж.
Жұмыс бағдарламасы химия фармацевтикалық пәндер жүйелік әдістемелік комиссиясында талқыланды
Төрағасы, х.ғ.д.,проф ______________ Патсаев А.К.
Хаттама №______ «_____» __________ 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы ОҚМФА-ның Әдістемелік Кеңесінде талқыланды


Хаттама № _____ «____»__________ 2013 ж.


2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе. Микробиология базалық пән ретінде білуі әр бір медицина қызметкеріне қажет. Микробиология ғылым жағынан клиникалық және теориялық медицинаның маңызды мәселелерін шешеді.

Медициналық микробиологияның зерттейтін нысанасы – микро-организмдердің жүйелеуін, морфологиясын, физиологиясын, генетикасын, экологиясын зерттейді; адамға патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдерін, аурулар қоздырғыштарының патогенді факторларын, олардың клеткалық және молекулярлы-генетикалық деңгейде әсер ету механизмдерін, оларды бөліп алуы мен идентификациясын, спецификалық терапиясы мен алдын алуы.



Микробиологияны оқымай медицинаның аса маңызды мәселелерін шешуі мүмкін емес, мысалы адамдардың жұқпалы ауруларын төмендету және жою, шартты-патогенді микроорганизмдер тудырған ауруханаішілік инфекцияларды төмендету және жою, олардың арнайы сақтандыруы мен терапиясы.
2.2 Пәннің мақсаты: студенттерге адамның инфекциялық және инфекциялық емес паталогияда микроорганизмдердің ролі; клиникалық диагнозды дәлелдеу және микробиологиялық әдістердің мүмкіндіктері; инфекциялық үрдістің арнайы терапиясы мен алдын алу қағидаттары; қоршаған орта нысандары биологиялық ластану деңгейін индикациялау және оларды тұрғындар денсаулығын қорғауын қамтамасыз етуіне қолдану; биоқауіпсізділікті қамтамасыз ету әдістері туралы заманауи білім қалыптастыру.
2.3 Пәннің міндеттері:

  • патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің жіктелуі және биологиялық қасиеттері туралы ақпарат беру;

  • табиғатта микроорганизмдердің таралуы және олардың адам өміріне, инфекциялық аурулар дамуына қатысатыны туралы түсінік беру;

  • қоршаған ортаның әртүрлі нысандары, медициналық мекемелер мен нысандарының санитарлы-көрсеткіштік микроорганизмдер туралы білім қалыптастыру;

  • нормофлораның (микроэкология) рөлін және олардың адам организміне әсер етуін зерттеуді үйрету;

  • кең таралған инфекциялық және инфекциялық емес микробты аурулардың микробиологиялық диагноз қоюдың заманауи әдістерімен және олардың тәжірибелік денсаулық сақтау саласында қолданылуын таныстыру;

  • микроорганизмдердің химиопрепараттарға сезімталдығы/төзімділігі туралы түсініктемелер беру;

  • макро және микроорганизм арасындағы қарым-қатынастың негізгі молекулалық механизмдеріне сипаттама беруді үйрету;

  • инфекциялық агенттерден макроорганизм қорғанысының негізгі механизмдері және иммунологиялық реакциялардың сипаттамасымен таныстыру;

  • микроорганизмдер тудырған аурулардың арнайы профилактикасы мен емдеу қағидаттарымен таныстыру;

  • микробтармен ластануды бағалау әдістерін, патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдермен биологиялық ластануын болдырмау жолдарын үйрету;

  • гендік инженерия және биотехнология туралы түсініктеме беру;


2.4 Білім берудің түпкілікті нәтижесі

Студент:

  • пәннің мақсаты, міндеттері және келешек маманның қызметіне оның маңыздылығын;

  • микробиология және иммунология тұрғыдан микроб-адам-қоршаған орта экожүйе қызметінің заңдылықтарын;

  • инфекциялық және инфекциялық емес микробты аурулар пайда болуына микроорганизмдердің этиологиялық маңыздылығын және микробты аурулардың арнайы профилактика мен емдеу қағидаттарын;

  • инфекциялық иммунология және аллергологияның негіздерін;

  • адамның кең таралған инфекциялық аурулардың, ауруханаішілік инфекциялардың заманауи микробиологиялық диагноз қою қағидаттарын;

  • антибиотикотерапияның,микроорганизмдердің сезімталдығы/төзімділігінің микробиологиялық негіздерін;

  • дезинфекцияның, стерилизацияның, асептиканың, антисептиканың микробиологиялық негіздерін білуі тиісті ;

Студент істей білуі тиісті:

  • инфекциялық аурулардың диагностикасы мен санитариялық-көрсеткіштік микроорганизмдерді анықтау үшін микробиологиялық зерт-

  • теулердің стандартты əдістерін қолдануды;

  • микробиологиялық зерттеулер қорытындыларын талдауды;

  • инфекциялық аурулар індеті таралуына қауіп төнгенде микробиологиялық қауіпсіздік жөнінде білімді пайдалануды;

  • микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне клиникалық - микробиологиялық зертханаға жолдама құжатын толтыруды;

  • аурухана нысандары, ауасы, суы, топырағы, дəрілік өсімдік шикізаты мен дайын дəрілер формасын микробиологиялыќ баќылаудан өткізу жəне алынған мəліметтерді талдауды;

  • дезинфектанттармен қоршаған орта нысандарын (соның ішінде дəріхана мен фармацевтикалық өндірістерді қоса) залалсыздандыруды үйреніп алуы қажет.


Студент:

  • тексеру материалын алуды жəне оны бактериологиялық зертханаға жеткізу;

  • микроскопиялық зерттеу əдістерін жүргізу дағдыларын машықтану қажет.



2.5 Реквизитке дейінгі: физиология.

2.6 Реквизиттен кейінгі: жалпы патология, мейіргер ісі негіздері, мейіргер ісі бағыттары бойынша.

2.7 Тақырыптық жоспары:

Дәрістер тақырыптарының жоспары




Тақырыбы

Өткізу

түрі

Сабақтың

ұзақтығы

( сағат)

1

Микробиология пəні, мақсаты жəне міндеттері. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Мейіргер ісі маманы үшін микробиологияның маңызы.

тақырыпты



1

2

Жалпы микробиология. Микроорганизмдердің морфология жəне физиология негіздері. Прокариоттар, эукариоттар, вирустар, фагтар морфологиясы. Микроорганизмдердің қоректенуі, тыныс алуы, өсіп көбейюі.

интерактивті



тақырыпты


1

3

Дезинфекция, асептика, антисептика негіздері.

тақырыпты

1

4

Микроорганизмдер экологиясы. Санитарлық микробиология негіздері. Қоршаған орта, тағам өнімдері, адам организмі микрофлорасының микробиологиялық мониторингі.

проблемалық

1

5

Инфекция ілімі негіздері. Макроорганизм жəне инфекциялық үрдіс. Қоршаған орта жəне инфекциялық үрдіс. Инфекция түрлері мен формасы. Эпидемиялық үрдіс

проблемалық

1

6

Инфекциялық аурулардың иммунопрофилактика жəне иммунотерапия негіздері. Иммунобиологиялық препараттар туралы түсініктемелер.

Презентация

1

7

Клиникалық микробиология негіздері. Вирустық, бактериялық, саңырауқұлақтық жəне паразитарлы инфекцияларға диагноз қоюына тексеруге материал алу жəне тасымалдау ережелері.

Презентация


1

8

Бактериялық жəне саңырауқұлақтық инфекцияларға микробиологиялық диагноз қоюының жалпы қағидаттары. Этиологиялық диагноз қою.

Проблемалық

1

9

Вирустық инфекцияларға микробиологиялық диагноз қоюының жалпы қағидаттары. Этиологиялық диагноз қою.

Презентация

1

10

Паразитарлы ауруларға микробиологиялық диагноз қоюының жалпы қағидаттары. Этиологиялық диагноз қою

Презентация

1




Жалпы сағаты:




10



Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырыбы

Өткізу

түрі

Сабақтың

ұзақтығы

( сағат)




1 кредит







1

Бактериологиялық зертхана құрылымы. Микроскопия əдістері. Қарапайым жəне күрделі бояу əдістері. Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Іріңді қабыну аурулар. Ауруханаішілік инфекциялар. Зертханалық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары.

Сұрау, талқылау

2

2

Микроорганизмдер физиологиясы. Бактериологиялық. вирусологиялық əдіс негіздері.Микроорганизмдердің таза дақылын бөліп алу əдістері, бактериялардың дақылдық қасиеттері. Вирустарды индикациялау жəне идентификациялау əдістерінің негіздері.

Практика

лық жұмыстар

ды орындау жəне талқылау.


2

3

Микроорганизмдердің генетика негіздері. Иммунобиотехнология негіздері. Гендік инженерия жəне конструкциясы. Химиотерапия ілімі негіздері. Антибиотиктер, жіктелуі. Микроорганизмдердің антибиотиктерге тұрақтылығы дамуының механизмдері. Антибиотиктерге сезімталдылығы/тұрақтылығын зерттеу əдістері.

Талқылау

2

4

Дезинфекция, асептика, антисептика, стерилизация туралы ілім негіздері. Оларды бағалаудың микробиологиялық əдістері. Микроорганизмдер экологиясының негіздері. Адам денесінің,қоршаған ортаның қалыпты микрофлорасы. Санитарлы-көрсеткіштік

микроорганизмдер. Дисбактериоз.



Сұрау,

Практика


лық жұмыстар

ды орындау және талқылау



2

5

Инфекция туралы ілім. Микроорганизмдердің патогенді факторлары, маңыздылығы, анықтау əдістері. Инфекциялық аурулардың иммунодиагностика, иммунопрофилактика негіздері. Иммунодиагностика əдістері (агглютинация, преципитация, ИФР, радиоиммунды əдіс, ИБР, БР, лизис реакциясы жəне

комплементті байланыстыру реакциясы, ИФА, ПТР жəне т.б.).



Ой өрістерін кеңейту,мини-

зерттеу.


2

Жалпы сағаты: 10

2 кредит

1

Ішек инфекциялары (бактериялық, вирустық). Патогенді кокктар. Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Микробиологиялық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары

Шағын топтарда жұмыс істеу

2

2

Жыныстық жолмен жұғатын аурулар қоздырғыштары. Анаэробты инфекция қоздырғыштары (газды гангрена, сіреспе, ботулизм). Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері.

Микробиологиялық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары.



Ситуациялық есептерді шешу

2

3

Биоқауіпсіздік негіздері. Патогенді топтар дақылдарымен жұмысістеу тəртібі. Зоонозды инфекция қоздырғыштары (оба, бруцеллез,туляремия, сібір түйнемесі). Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Микробиологиялық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары.

Шағын топтарда жұмыс істеу.

2

4

Грипп, парагрипп, аденовирусты инфекция, қызылша, қызамық қоздырғыштары. Гепатиттер қоздырғыштары. АИВ-инфекция. Онкогенді вирустар. Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Микробиологиялық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу.

Мультимедиа

лық базаларымен,

компьютерлік

модельдермен

және бағдарламамен

жұмыс істеу жұмыс істеу.



2

5

Патогенді саңырауқұлақтар. Протозойлы инфекциялар қоздырғыштары (безгек, лейшманиоз, трипаносомоздар). Микробиологиялық зерттеулерге материал алу жəне тасымалдау ережелері. Микробиологиялық диагноз

қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары.



Талқылау,

ситуациялық

есептер

шешу.


2

Барлығы: 10 сағат

Жалпы сағаты: 20


Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары




Тақырыптары


Тапсыру түрі

Сағат

саны




1 кредит







1

Микробиология тарихы. Микробиологиядағы ғұлама еңбектер. Вирусология тарихы. Вирусологиядағы ғұлама еңбектері. Микробиология, вирусология саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары.

Рефераттар,

тақырып бойынша глоссарий, Презентация,

тапсырма бойынша тест дайындау,

жағдайлық есептер,

кроссвордтар,

тақырып бойыншы эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.





4

2

Молекулярлы-биологиялық əдістер: НҚ гибридизациясы, ПТР, ДНҚ секвенирленуі. Антибиотикотерапияның заманауи проблемалары. Вирустық инфекциялардың химиотерапия ерекшеліктері.

4

3

Клеткалар жəне тіндер дақылдары, вирустарды дақылдандыру əдістері, вирусологиялық зерттеу əдістері. Вирустар биологиясы. Иесі клеткасымен вирустардың қарым қатынасы. Зертхана жағдайында вирустарды дақылдандыру. Вирусты жəне вирусы бар материалды сақтау ережелері. Бактериофагтар – бактериялар вирустары. Микроорганизмдер өсіруіне қажетті қоректік орталар.

4

4

Қоршаған орта нысандарында, тағам өнімдерінде, адам организмінде микроорганизмдердің шектеулі көлемін реттейтін нормативті құжаттар. Адам организмінің қалыпты микрофлорасы.

4

5

Дисбактериоз зерттеулері қорытындыларын талдау жəне дисбактериоздың коррекциясы. Микробты препараттар дайындау қағидаттары.

4

6

Инфекциялық иммунология негіздері. Иммунитет түрлері жəне формалары. Организмнің бейспецификалық қорғаныс факторлары. Антигендер, антиденелер туралы түсініктер.

4

7

Иммунологиялық реакциялар: маңызы, түрлері, механизмдері, қою тəсілдері, интерпретация. Инфекциялық аурулардың иммунопрофилактика жəне иммунотерапия негіздері. Вакциналар, сарысулар, диагностикумдар, аллергендер: маңызы, əсері, пайдалануы, талаптары, сақтау жолдары.

4

8

Аралық бақылау

Тестілеу, ауызша сұрау

4

Барлығы: 32 сағат

2 кредит

9

Биотерроризм жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік.

Рефераттар,

тақырып бойынша глоссарий, Презентация,

тапсырма бойынша тест дайындау,

жағдайлық есептер,

кроссвордтар,

тақырып бойыншы эссе, мылқау картиналармен жұмыс істеу. Тақырып бойынша көрнекілік құралдар.




4

10

Асқорыту жүйесінің гельминтті инфекциялары (аскаридоз, геминолепидоз, энтеробиоз). Тыныс алу жəне кардиоваскулярлы жүйелердің протозойлы инфекциялары (пневмоцистті пневмония, безгек, токсоплазмоз).

4

11

Гемофилді бактериялар, легионеллалар, псевдомонадалар, листериялар, лептоспиралар, жіктелуі. Негізгі биологиялық қасиеттерінің сипаттамасы. Патогенді факторлары. Гемофилді таяқшаның, легионеллез қоздырғышының этиологиялық жəне патогенездік рөлі. Зертханалық диагноз қою негіздері, арнайы алдын алуы жəне емдеуі.

4

12

Туберкулез, алапес қоздырғыштары, актиномицеттер, хеликобактер, жіктелуі. Негізгі биологиялық қасиеттерінің сипаттамасы. Патогенді факторлары. Актиномикоздар қоздырғыштарының этиологиялық жəне патогенездік рөлі. Зертханалық диагноз қою негіздері, арнайы алдын алуы жəне емдеуі.

4

13

Боррелиялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, жіктелуі. Негізгі биологиялық қасиеттерінің сипаттамасы. Патогенді факторлары. Этиологиялық жəне патогенездік рөлі. Тексеру материалын алу ережесі, тəсілдері, зертханалық диагноз қою негіздері, арнайы алдын алуы жəне емдеуі.

4

14

РНҚ, ДНҚ вирустары тудырған инфекциялардың микробиологиялық диагноз қою, алдын алу жəне емдеу қағидаттары.

4

15

Аралық бақылау

Тестілеу, ауызша сұрау

4

Барлығы: 28 сағат

Жалпы сағат саны: 60


2.8. Сабақ беру және оқыту әдістері:

Дəрістер: интерактивті тақырыпты, проблемалық

Практикалық (зертханалық) сабақтар: сұрау, талқылау, түсіндіру, практикалық жұмыстарды орындау жəне талқылау, хаттамалар толтыру, микробиологиялық ақпараттардың мультимедиялық базаларымен, компьютерлі моделдермен, бағдарламалармен жұмыс істеу, ситуациялық есептерді шешу, шағын топтарда жұмыс, блиц-сұрау, іскерлік ойындар, ой өрістерін кеңейту, сынамалы түрде ойлау, мини-зерттеулер жəне т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет