Байланысты: Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X V –X VIII ғғ.) 101
Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім. Судан терең дегенім – оқу, ғылым. Оттан ыстық дегенім – фәни жалған, адамның өмірі, Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі [3, 311 б.].
Билердің толғаулары мен сөздерінің маңызды бір тұсы –
бітімгерлік пен елдікке қатысты, сыртқы саясат пен ішкі саясат
мәселелерін реттеуге байланысты болып келеді. Мысалы, Қалмақ
еліне елші болып барған Қызыбек би оның Бертіс атты ханына бы-
лайша қатқылдау үн қатып, жанжалды бітістіріп қайтқан екен:
Біз қазақ деген мал баққан елміз, Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, Жеріміздің шетін жау баспасын деп, Найзаға үкі таққан елміз, Басымыздан сөзді асырмаған елміз, Досымызды сақтай білген елміз, Дәм-тұзын ақтай білген елміз, .....Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, Қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң, біз көмір, Еріткелі келгенбіз. Қазақ қалмақ баласы Табысқалы келгенбіз. Танымайтын жат елге, Танысқалы келгенбіз. ...Берсең жөндеп бітіміңді айт, Бермесең дірілдемей жөніңді айт, Не тұрысатын жеріңді айт [3, 317 б.].
Бұнда елдік пен ерлік, батырлық пен жігердің тайсалмайтын
рухы жатыр. Сөз саптау да әуелі сыпайы бастап, одан соң бірте-бір-
те күшейе түсіп, ақыр соңында өзінің бұлардан кем түспейтіндігін,
бәсекелесе де, жауласа да алатындығын көрсетіп қою градациясымен
келіп шешімін табады.
Би-шешендер толғауының құрылымы мен мазмұнының өзі ба-
рынша күрделі болып келеді, ең басты нұсқа ойлау ерекшелігі. Бұны
«би-шешендер логикасы» деп атауға да болады. Бұл кей сәттерде
шарықтау шегінде, реті келгенде, тапқырлықтың софистикалық
(сөздерді ойнату) тәсілдерін де қолданады. Мысалы, бір бала жалда-
нып жұмыс жасап, тапқан ақшасын бір байдан үйіне беріп жіберіп,