М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет103/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
қосқан айтулы жан. Сондықтан, оның шығарған шешімдері «Билер 
кеңесі» (қазіргі парламент сияқты) арқылы ауыздан-ауызға тарап
қазақ сахарасына жайылған, ал жалпы өмірмәнділік мәселелері 
халық даналығының қоймасына енгізілген, кейбірі мақал-мәтелдер-
ге айналып кеткен. Мысалы: «Ата-ананың қадірін, Балалы болған-
да білерсің» – Шал ақындікі; «Ежелгі дұшпан ел болмас» – Бұқар 
жыраудың айтқаны; «Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, Төртеу тү-
гел болса – төбедегі келеді» – Майқы бидің тапқырлығы т. б.
Билердің толғаулары тек тұрмыстық мәселелерді шешу, сот ісі 
ғана емес, өмірмәнділік философиялық толғауларға да ұласады. 
«Дүниеде не өлмейді?» деген ханның сауалына билер: 
«Ағын су өлмейді, Асқар тау өлмейді, Аспанда ай мен күн 
өлмейді, Әлемде қара жер өлмейді», – десе, оған Жиренше шешен: 
Ағын судың өлгені – алты ай қыста қатқаны.
Асқар таудың өлгені – Басын бұлттың жапқаны. 
Ай мен күннің өлгені – Еңкейіп барып батқаны. 
Қара жердің өлгені қар астында жатқаны. 
Ажал деген атқан оқ – Бір Алланың қақпаны. 
Дүниеде не өлмейді, 
Жақсының аты өлмейді
Ғалымның хаты өлмейді»,
– деп жауап берген екен [3, 317 б.] 
Мыңдаған жылдық тарихта шындығында да, кәсіпкерлер мен 
дәулет иелері, болыстар мен билік иелеріне қарағанда, ғалымдардың 
еңбектері барынша өміршең екендігі сөзсіз. Философ С.Н. Ақатай да 
олардың толғауларына былай сипаттама берген болатын: «Шешен-
дік сөз – тек ауыз әдебиетінің жанры ғана емес, дүние туралы ел бай-
ламы, дүниенің тегі жөніндегі белгілі бір тиянақты көзқарастық по-
зицияны арқау еткен тұжырым, әлемді рухани игерудің формасы, 
басқаша айтқанда, табиғат, адам мен қоғам заңдылықтары туралы 
болжаулар, пайымдар мен ақыл-ой жиынтығы» [4, 45–46 бб.].
Би толғауларының тағы бір қыры – өзара сұхбат, пікірталастыру 
түрінде болып келеді [5, 102–103 бб.]. Бұндай пікірталастыру 
ұрпақтарына берілген сабақ болумен қатар, өздерін одан әрі 
жетілдіріп отыру үшін құрылған айтыс тәсілі іспетті де болып келеді, 
екінші бір қырынан қабілеттерін өзара іштей, байқатпай байқасу-
сынасу бәсекесі.
Бала би бір күні қартайған шағында халқын жиып алып, «Жер-
ден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не?» деген 
сұрағына ешкім жауап таба алмай, ақыры оған өзі былайша жауап 
беріпті: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет