М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет102/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
99 
атаулардың әртүрлігі де бұған куә. Мысалы, бүгінгі таңдағы қозға-
лып жүрген гендерлік теңдік стратегиясы бұларда ұлттық тұрғы-
дан баяғыда-ақ өз шешімін тауып қойған болатын. 
Ендеше, сан мыңдаған жылдық тарихы бар арғықазақтық 
дәстүр мен 550 жылдық тарихы бар қазақы дәстүрдың бүгінгі 
күнге дейін сабақтасуы заңды табиғи эволюциялық құбылыс деп 
айта аламыз. Бұл бүгінгі таңда Елбасы қайта жаңғыртып жүрген 
«Мәңгілік ел» идеясының саяси-құқықтық қана емес, мәдени-
рухани қырларымен де ұштасып жатыр. Олай болса, біз, «Қасым 
ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолының» бүгінгі тәуелсіз 
Қазақстан жағдайындағы келбеті «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» бо-
лып сабақтасып отырғандығының куәсі боламыз.
ІІ. 
Билер
. Қазақ қоғамында билер институты руханияттың ғана 
емес, таза өмірмәнділік мәселелерді шешудің ұйытқысы болған. 
Сондықтан, оны жан-жақты: саяси, әлеуметтік, мәдени, логикалық 
ой машығы т. б. тұрғылар бойынша талдап көрсетуге бет бұрамыз. 
«Би» феномені тарихи-әлеуметтік тұрғыдан мынадай мағыналарға 
ие болады: 
1) Саяси – «Бидің» қызметінің басты мазмұны құқықтық ке-
ңістіктегі адам еркіндігі мен еріктілігі, жауапкершілігі мәселелерін 
қамтып, әлеуметтік реттеушілікке (регулятор) келіп тоғысады; ол 
адам еркіндігі мен құқықтарын сақтаушы және жаңашылдық енгізуші, 
қоғамдық өмірді жаңартушы; бидің қызметі жалпыадамзаттық және 
ұлттық құндылықтар деңгейіндегі: жапуапкершілік пен еркіндік
еріктілік пен тәуелсіздік, бостандық пен азаттық т. б. аясындағы 
күрделі мәселелерді шешудің даналығына келіп тіреледі; бидің өзі 
әлеуметтік жауапкершілік пен еркіндіктің қоғамдық-әлеуметтік
мәдени-саяси тұрғыдан нақты барынша толыққанды өкілі, өнегесі 
мен жарқын үлгісі болып табылады. 
2) Әлеуметтік – Билер: әлеуметтік әділеттілікті теориялық 
деңгейде ғана таразылаушы ретінде идеяларды спекуляция жаса-
майды, оны қоғамдық өмірде қолданып, нақты нәтижелерге қол 
жеткізеді; үнемі әлеуметтік жанжал аясындағы шекаралық жағдайлы 
күй кешеді де, үнемі өзін-өзі ашу, өзін тану экзистенциясында бо-
лады; зиялылықтың үлгісі ретінде тұлғалардың әлеуметтенуінің 
орталық институты деуге де негіз бар. 
3) Мәдени жағы – адамгершілік талаптарын қатаң сақтаған, 
әділеттіліктің жоғары деңгейіне мүлтіксіз жеткен, ойы мен ақылының 
ұшқырлығы жетілген, ел ішіндегі кемшілік пен жетістіктерді көре 
білетін, ханнан да, қарадан та тайсалмайтын, біліктілігі мен білімін
ұштастырған тұлға. Ол қазақ руханиятын дамытуға да өзіндік үлесін 


100


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет