М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет220/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
на шығыстық руханилықтың дәстүрлеріндегі көшпелі поэзиялық 
мәдениетті бойына сіңірген өзінің жеке философиялық концепция-
сын қалыптастыруға мүмкіндік береді. 
Шәкәрімнің философиясы әрі элитарлы (бекзаттық), әрі жұм-
бақтығымен ерекшеленеді. Ойшыл адамдардың көпшілігі әдетте, 
тек сындарлы, күрделі ахуалдарда, «болу немесе бордай тозудың» 
баяғыдан белгілі диллемасымен бетпе-бет келген жағдайларда 
ғана пайымдайтын уақыттан тыс, мәңгі, абсолютті ақиқаттар тура-
лы жазды. Бұл мағынадан алғанда Шәкәрімнің ілімі экзистенци-
алды. Философиялық білімді этикаландырудың шығыстық дәстү-
рін қабылдай отырып, ол, алғашқыда солай болып көрінгенімен, 
дұрыс, тақуа өмір кешуге шақырған жоқ, адамның алдына терең 
экзистенциалдық таңдауды қойды: қалыптасу және, демек, «болу», 
немесе Жаратылыс әлемін таңдау. Тіршілік әлемімен, салыстырмалы, 
өткінші, құндылықтардың әлемімен басып-жаншылған адамның оя-
нуы – қазақ ойшылының философиялық көзқарастарының маңызды 
мәселесі. 
Шәкәрімнің ілімі адамның ішкі әлемін зұлымдықтан, 
ашкөздіктен, екіжүзділіктен, өзімшілдіктен және өзге де күнә-
һарлықтан тазаруға жағдай жасайды және адамның кемелденуі 
мен тазаруына ықпал ететін Аллаға жүгінуге шақырады. Бірақ 
зерттеушілердің пікірінше, «ол Аллаға соқыр сеніммен табы-
нуға шақырмайды, оның діні – бұл сүйіспеншілік этикасы. 
Сүйіспеншілікті немесе махабатты ойшыл адам болмысының суб-
станционалды негізі, жанның интуициясы, Ақиқат, Қайырымды-
лық пен Сұлулықтың тұтастығы ретінде түсінеді [10, 16]. Философ-
тың пікірінше, махаббат адамды тазартады, асқақтатады, 
мейірбанды етеді. 
Шәкәрімде көбіне Абайдың этикалық категориялары дамы-
тылады және кеңейтіледі. Ол аса терең этикалық феномендердің 
бүтіндей қазынасы, әсіресе ынсап категориясы талданады. «Ынсап» 
сөзі ұжданды (совесть), әділдік, адалдық, адамның шындыққа, өзара 
көмекке және қайырымдылыққа ұмтылысын білдіруі мүмкін. Бірақ 
бұл ұғымдардың ешқайсысы да «ынсаптың» шығыстық түсінігінің 
мәндік мағынасы мен әр алуан реңінің бүкіл гаммасын бере алмайды. 
Сондықтан, біздің пікірімізше, бұл ұғымның бүкіл мән-мағынасын 
сақтау мақсатында «ынсапты» өзіндік этикалық феномен ретінде 
ғылыми айналымға енгізген дұрыс болар еді. 
Шәкәрімнің нық сеніміне сәйкес, дәл осы ынсап адамдарды ашу-
ызадан және зорлық-зомбылықтан сақтайды, ал егер кімде ынсап, ар-
ұждан, абырой, қайырымдылық болса, онда ол ешқашанда әділетсіз 
және залым қылықтарға бармайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет