М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


  Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының



Pdf көрінісі
бет223/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін


Қазақ ағартушылығы дәуірі қазақ халқының руханилығының
дамуы кезеңі ретінде
215 
Шәкәрім адамның бақыты оның жанының байлығымен және 
іс-әрекетінің адамшылығымен анықталатынына нық сенді. Ойшыл- 
дың пайымдауынша, кім адал және сүйіспеншілікпен еңбектенсе, 
сол бақытты. Адамзат баласын өзіңнің туған балаңдай сүйсең, оған 
әділ болсаң – міне, шынайы бақыт осы, деп ұйғарды Шәкәрім. 
Кім парасатты және сыпайы болса, кім адал және әділ болса, кім 
өз бойына жақсылықтарды сіңіре білсе, сол ғана бақытқа жете алады. 
Парасат – бақыттың негізгі компоненттерінің бірі және сондықтан 
да адам саналы және рухани мақұлық ретінде соған сәйкес әрекет 
етуі керек, «нәпсінің құмарлықтары мен қалаушылықтарына шек-
тен тыс берілуге, өтірік айтуға, парасатты адамдарды қудалауға, 
өзге адамға қысастық және күншілдік көрсетуге құқы жоқ. Қазақ 
философының көзқарасынша, бұл қағидаларды ұстанған адамдар 
ертелі, кеш бақытқа қол жеткізеді. 
Шәкәрімнің рухани мұрасын талдау көрсеткендей, адамзат өмір 
сүруі мен дамуының кеңістігі ретіндегі Алла туралы, діни сенім тура-
лы (ойшылдың «Иманым» деп аталатын шығармалардың бүтіндей 
циклі бар) ұлы ақын-философтың шығармашылығында қомақты 
орын алады. Оның үстіне, ойшылдың бүкіл дүниетанымы, барлық 
оның философиялық көзқарастары діни таныммен сіңірілген деп ба-
тыл түрде тұжырымдауға болады. 
Шәкәрімнің діни дүниетанымының қайнар көзі көпғасырлық 
тарихы мен спецификалық ерекшеліктері бар сопылық дәстүр бо-
лып табылады. Аскетизм мен шектелу арқылы жанды тіршіліктің 
былғанышынан тазарту, ал ең бастысы – Құдайға деген шексіз 
махаббат, онымен тұтастықта бірігіп кетуге мүмкіндік беретін 
құдіретті махаббат идеясы – суфизм сияқты күрделі ілімнің 
маңызды белгілері мен сипаттамалық ерекшеліктері. Сопылықты 
уағыздаушылардың есептеуінше, адамның жаны – бұл оған уа-
қытша ғана қонған Құдай жанының бір бөлігі және сенушілердің 
басты мақсаты – Құдаймен қайта қосылу. Уағызшылардың бірі 
былай дейді: «Сопылар – бұлар барлығын Құдай жолына құрбан 
етушілер. Сол үшін Құдай оларды барлығынан жоғары қояды». 
Сопылықтың мәні Ақиқат болып табылады, ал сопылықтың 
өзі – бұл Ақиқатты тану. Сопылықтың практикасы махаббат пен 
адалдықтың көмегімен Ақиқатқа қарай қозғалыс болып табылады. 
Бұл қозғалыс «тарикат» немесе Құдай жолы деп аталады. Сопы – бұл 
Ақиқатқа ғашық жан, махаббат пен адалдықтың көмегімен ақиқат 
пен кемелдікке қарай қозғалушы және өзінің табиғи-сүйіспенші-
лік ұмтылысында ол Ақиқаттан басқаның бәріне бөтен болып қа-
лыпталады. Барлық сопылық шығармаларда махаббат, ғашықтық, 


216


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет