М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет226/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Сопылықтың аскетизмді, тақуалықты және өмірден ерікті бас 
тартуды уағыздайтыны белгілі. Сопылықтың моралі тіршілік қа-
мынан іштей ойға шомуды жоғары қояды. Сондықтан ол күйкі 
тіршіліктің қамынан, машақаттан бас тартуға, өзіңмен оңаша қалуға, 
Құдай туралы толғанысқа батуға және осылайша өзіңнің өзге адам-
дардан жеке тәуелсіздігіңді сақтап қалуға шақырады. Мұндай адам 
сопылықтың адамгершілік мұратының үлгісі (эталоны) – «Камил 
Инсан» (кемелденген адам) болып саналады. 
Осылайша, Шәкәрім әділетсіздік зорлық зомбылық және қазақ 
қоғамындағы өз заманының өзгеде бірқатар әлеуметтік кеселдерін 
айыптай, сондай ақ барлығының Құдай алдындағы теңдігін, кедей-
лер мен қаналушыларға адамдық қатынастың қажеттілігін уағыздай 
отырып, өзінің айырықша жарқын гуманистік көзқарасы мен көзге 
түседі. Ойшыл әлеуметтік адамгершілік идеяларды діни этикалық 
призма арқылы қарастырды.
Шәкәрім философиясының маңызды сипаттамасы универса-
лизм, бүкіл адамзаттыққа деген ұмтылыс болып табылады. Бұл 
жерде де қазақ философы адамзаттың рухани дамуына үлкен үлес 
қосқан, өзі аса құрмет тұтатын Лев Толстой, Махатма Ганди және 
өзге ойшылдармен бір қатарда тұратындай өзінің шығармашылығы-
мен жоғары руханилықтың үлгісін көрсете отырып, ұлттық дәстүр-
дің шеңберінен әлдеқайда алысқа шығып кетеді 
Шәкәрімнің философиялық-этикалық көзқарастарының адам 
мен қоғамның игілікті дамуына бағытталғаны еш күмәнсіз және 
ол Шығыс халықтарының рухани мәдениеті мен философиялық 
ойының тарихында өзіне лайықты қомақты орын алады. Оның 
шығармашылығы шексіз қазақ даласында да, бүкіл Еуразия құр-
лығында да рухани дамудың онан ары үдемелі дамуы үшін маңызды 
дүниетанымдық бағдар қызметін атқара алады және атқаруы тиіс. 
ХІХ және ХХ ғасырлардың аралығында өмір сүрген Шәкәрім-
нің шығармашылық мұрасының қажеттілігі мен өзектілігі, біздің 
пікірімізше, өзіміз өмір сүріп отырған аралық кезеңнің, яғни ХХІ 
жүзжылдықтың басындағы экономикалық саяси және рухани ах-
уалдың шиеленісуі ұлы қазақ ойшылының шығармашылықпен 
айналысқан уақытымен ұқсас болып келу айғағымен түсіндіріледі. 
«Қазақ айнасы», «Иманым», «Үш анық» және өзге де кітаптарында 
баяндалған, ХІХ ғасырдың басындағы қазақтардың жағдайының 
трагизмін игеруге қатысты айтылған оның ұсыныстары, оның идея-
лары бірқатар пункттерінде бүгінгі күнге қатысты да қолданымды.
Қазіргі кезде, тәуелсіздік Қазақстанның алдында мәдениетара-
лық сұхбаттың жаңа көкжиектерін ашқан тұста мемлекеттің ұлттық 
мүделері мен қазақ халқының адамгершілік құндылықтарына жа-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет