М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет224/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
масаңдану сияқты сөздердің мистика-аллергориялық сипатта бола-
тыны және өзіңді ұмыта отырып Құдайға табынуға дейінгі шаттық-
ты білдіретіндігін ескеру қажет. Сопының махаббаты барлығын 
қамтиды және шексіз. Оның шекарасы жоқ, өйткені ол білім көзі 
ретінде таусылмас кәусар бұлақ. Ақиқат қаланатын, бірақ бой жет-
пейтін ару қыз сияқты, әрқашан да қол жетпейтін бұлдыр сағым. 
Шәкәрімнің «Иманым» цикліндегі «Әбден толып жарық ай» 
өлеңінде Хақ (Ақиқат, Құдай) дәл осындай мистикалық-аллер-
гориялық мағынада көрінеді, онда «жар» («ғашығы», «сүйгені») 
сөзі «Ақиқатты» білдіреді. Шәкәрім өзінің сопылық көзқарастарын 
білдіре отырып, жазады: 
«Кімге келсе бір бәле – 
Жар жіберген көлеңке. 
Жақсылық болса егерде – 
Жар нұрынан бір сәуле.

 
Бұл әлемнің әр түрлі, 
Бөлек емес ешбірі. 
Бәрі де жардың бір сыры, 
Не көлеңке, не нұры»
[3, 256 б.]
Шәкәрім бойынша, жалғыз нақтылық Құдай болып табы-
лады, ал қалғанының барлығы онан шағылысқан шұғыла. Бұл 
қағиданы түсіндіре отырып, сопылар Құдайды шамның айна-
лар шоғырындағы бейнеленуімен салыстырғаны белгілі. Тек шам 
ғана нақтылы, ал оның бейнелері, оған қатысында ештеңе емес: 
шам болмаса оның бейнелері де болмайды. Бұл қағиданың ең ба-
сты идея «болмыстың тұтастығы» – «вахдат ал – вуджуд» болып 
табылатын сопылық ілімдегі анағұрлым ықпалды онтологиялық 
концепцияға қатысы бар. М.Т. Степанянц осы концепцияны сипат-
тай отырып, оны «мистикалық пантеизм деп анықтауға болатын 
діни-философиялық ілімдердің түріне жатады» – деп жазады [13]. 
Ал мұны О.Ф.Акимушкин басқаша анықтайды: «вахдат ал-вуджуд» 
дегеніміз мистикалық монизмнің ғана теософиялық концепциясы, 
ешқандай пантеизмнің емес, ол онан барынша қашық» [14]. 
Осыған орай, біздің көзқарасымызша, кез-келген ойшылдың 
философиялық көзқарастарын бағалағанда, оның ұстанымдарын 
қандай да бір әдеттегі философиялық рубрикаға жатқызуға ұм-
тылып, біржақты және кесімді түрде анықтауға болмайды, өйткені 
кез-келген анықтама берілген пәндегі қырлардың сананың шексіз 
көптігіне қарамастан тек біреуін немесе бірнешеуін ғана қажетті 
түрде ерекшелейтіндіктен, әдетте мұны іске асыру өте қиын. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет