М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет108/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
105 
құрайтын сапалар мен қасиеттерді: сөз қадірін білу, ойлылық пен 
тапқырлық, ізгілік пен әділдік т. б. құндылықтарды жаңғыртуды 
көздейміз, демек, формасын емес, тұтас мазмұндық құрылымындағы 
заманауи, жағымды жақтарын негізгі алуға тиіспіз. 
Бұл түптеп келгенде, қазақ дүниетанымындағы «Сөз Қадірі» де-
ген фразамен берілетін таза өмірмәнділік-эстетикалық қана емес, 
психологиялық-экспрессивті қалыптармен жамалатын орайларға 
байланысты екендігін естен шығармағандығымыз жөн. Олай болса, 
біз осы тұста, қазақ халқындағы «Сөз» құндылығын негізге ала оты-
рып, оның аксиологиялануының негізгі қырларына тоқталып өтуді, 
әсіресе, тілдің ұлттық мәдениеттегі эмоционалды-экспрессивті си-
патын ашып көрсетіп, оның руханилық-өнегелілік-рух берушілк 
қасиеттерін сараптаймыз. 
Тіл тек рухани болмыс немесе қарым-қатынас құралы ғана емес,
көпқызметті тылсым құбылыс. Соның бірі – адам психикасына сана-
лы-бейсаналы түрде әсер ететін, идеологиялық ықпал қызметін де 
атқаратын қуатты вербальді акустикалық түзілім екендігі. Ол түптеп 
келгенде, сана-сезімге барып байланып қана қоймайды (манипуля-
ция), әсер ету күші жөнінен магиялық-мистикалық сипатқа да өтеді. 
Бұл экспрессивті бағдар қазақ дүниетанымында, қарым-қатынас мә-
дениетінде, өмірлік тәжірибесінде өз деңгейінде қолданылған десе 
де болады. Әсіресе, ол бата, шешендік сөздер, даналық толғамдар 
арқылы айшықты көрініс тапқан және тарихи тамыры тереңде 
жатқан тәсіл болып табылады.
Тіл магиясының қолданылу жүйесі қазақтардың исламға дейін-
гі байырғы сенімдерінің бірі – шамандық нанымнан бастау алады. 
Бақсылардың қам жасауы (камлание) тұтас психотранстық жүйе 
мен физиологиялық әрекет болуымен қатар, айтылатын сарындар-
ды қоса қамтиды. Бұл сарындардың бақсының гипноздық әрекетімен 
біріге келіп, әрбір сөзі мен дауысы, ырғағы мен темпі бойынша адам 
психикасына әсер етуі қалыпты құбылыс болған. 
Ол алдымен, сөздің күші арқылы өзіне-өзі және өзі-өзгеге «гип-
ноз» жасайды. Әрине, ол батыстық түсініктегі психикаға әсер ету гип-
нозымен тура сәйкес емес, өзіндік ерекшеліктері арқылы ажыраты-
латын күрделірек жүйе. Бұнда, біріншіден, гипноздың сыртқа және 
ішке бағытталған әрекеттері қатар жүреді, екіншіден, ол көп жағдайда 
«мүмкін емес» болатын қажеттіліктерді атқаруға бағдарланады, 
үшіншіден, ол шоу немесе еріккен тәжірибе емес, өмірмәнділік іргелі 
мәселелерді шешуді мақсат етеді. Сондықтан, оның транстық күйі 
музыка (қобыз), от сияқты қосымша атрибуттармен жабдықталады 
да, негізгі мақсатты орындау үшін бақсы өзінің психологиялық күш-


106


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет