М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет130/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
125 
ел аузындағы аңыздар мен даналық сөздерін жазып қалдырды. 
Осын-дай жазып алынған аңыздардың көбісі мифологиялық 
кейіпкерлерге бай болып келеді. Ондағы басты тұлғалар шым-
шытырық сәттерді бастан кешіріп, таңғажайып оқиғаларға кезігіп 
отырады. Ғұн дәуірінен жеткен осындай мифтік аңыздардың бірі 
«Ер Төстік» ертегісі. Зерттеушілер қытай шенеунігі Сыма Чинь 
«Ер Төстік» ертегісінің ғұн тарихына байланысты тұстарын тал-
дап, қағазға түсіргенін айтады. Сондай-ақ, ғалым көнеден жеткен 
әдеби мұраларға «Еділ-Жайық», «Дың-сұлу» аңыз-әңгімелерін жат-
қызады. Тіпті, түркі халықтарына танымал «Қозы Көрпеш-Баян сұ-
лу» жырының ғұн дәуірінен бері сақталғанын тілге тиек етеді [1, 63 б.].
Қытай мен ғұндар, үйсіндер арасында болған соғыс сол дәуірлер-
де түрлі аңыз-әфсаналардың, ерлік жырларының шығуына себеп 
болды. Соғыстарда батырлығымен танылған азаматтарын жырға 
қосып, мәртебелерін асқақтатты. Халық сүйіспеншіліне бөленген 
ерлерге мифтік жаратылыс, шым-шытырық қиын сәттерден жол 
табатын ақылдылық, жауын жеңіп шығатын күш-қуат телінді. 
Қытай жылнамаларындағы Сүй кітабында (84-бума, 49-баян) Көне 
түркілердің шығу тарихын былайша суреттейді: «Оның (Түріктің) 
әуелдегі мемлекеті Сихәйдің (Батыс теңіздің) жоғары жағында 
болған. /Кейін оны/ көршілес мемлекеті талқандайды. Адамдарын 
кәрі-жасына, еркек-әйеліне қарамай, бәрін өлтіреді. Бірақ бір бала-
ны өлтіруге қимай, оның аяқ-қолын кесіп, үлкен саз жерге тастай-
ды. Бір қаншық қасқыр әр жолы оның жатқан жеріне ет тістеп әкеп 
беріп жүреді. Бала осы етті жеп, өлмей аман қалады. Кейін ержеткен 
шақта осы қасқырмен екеуінен ұрпақ тарайды. Жаулары баланың 
тірі екенін біліп, оны өлтіруге тағы адам жібереді. /Ол келгенде/ 
қасқыр баланың қасында еді. Жіберген адам баланы өлтіріп, енді 
қасқырды өлтіремін дегенде, қасқыр құдайдың құдіретімен қашып 
құтылып, теңіздің шығысына барып, тауға шығып, сонда тоқтайды. 
Ол тау Гаушаңның батыс терістігінде еді. Қасқыр сондағы бір үңгірге 
кіріп, онда маңайы 200 лидей шөбі жайқалған жазық жерге кезігеді. 
Осыдан кейін қасқыр он ұл туады. Осы он ұлдың біреуінің аты – 
Ашина. Ол өте ақылды болғандықтан оны ел ағасы етеді. /Ол/ өзінің 
тегін ұмытпайтығын елге жария ету үшін қақпасына қасқыр басты 
туын іліп қойды» [8].
Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жүріп өткен тари-
хи өткелдері, мекен-қонысы, көрші елдермен қарым-қатынасы, 
тәуелсіздік жолындағы жеңісі мен жеңілісі, бодандыққа түсуі тура-
лы дереккөздері саяхатшылардың, елшілердің, жылнамашылар мен 
тарихшылардың жазбаларымен ғана шектелмейді. Мәселен,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет