М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


қ ыпшақ  126 Қазақтардың рухани әлемі



Pdf көрінісі
бет131/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

 қ
ыпшақ 


126
Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
тарихы және олардың көрші елдермен этносаяси байланыстары ту-
ралы араб-парсы жазба деректерінің маңызы зор. Оларда келтіріл-
ген мәліметтер мазмұны жағынан өте құнды. Ол елдерге ІХ–ХІІІ 
ғасырлар кезеңінде жазылған араб саяхатшысы Тамим ибн Бахр ал-
Мутавваидың «Жазбалары», Ибн Хордадбектің «Китаб ал-масалик 
уә-л-мамалик» («Жолдар мен мемлекеттер кітабы») атты еңбектері 
жатады. Сондай-ақ ХІІ–ХVІІІ ғасырлардағы тарихи шығармалар: 
Ибн ал-Асирдің көп томдық «Ал-Камил фиттарих» («Тарихтың 
толық суреттемесі), Ала ад-дин Атамәлік Жувейнидің (ХІІІ ғ.) 
«Тарих-и Джахангушай» («Әлем жаулаушысының тарихы»), Фаз-
лаллах Рашид-ад-диннің (ХІV ғасырдың басы) «Джами-ат-тауарих» 
(«Жылнамалар жинағы») қыпшақтар мәселесінде маңыздылығы 
зор. Солардың ішінде Қожамқұли бек Балхидың «Тарих-и Қыпшақи» 
еңбегі осы күнге дейін қазақ тіліне аударылмағандықтан, ғылыми 
айналымға енбеді.
Тарих-и Қыпшақи (Қыпшақ тарихы) – XІV–XVІІІ ғасырларда 
қазақ даласында болған оқиғаларды баяндайтын тарихи шығарма. 
Оның ішінде XIV ғасырдың соңында – XV ғасырдың басында Дешті 
Қыпшақ даласында, Қазақ хандығының құрылу, қалыптасу кезеңі 
тұсында болған саяси оқиғалар баяндалған. Бұл материалдар XVI 
ғасыр және XVIIІ ғасырдың алғашқы жартысындағы Қазақстан және 
Орта Азия тарихын зерделеуде маңызы зор болмақ. Оның авторы 
– 
Қыпшақ хан, әдетте оны Қожамқұли-бек Балхи деп атаған. Еңбек 
парсы тілінде жазылған, кіріспе мен 7 тараудан және қорытындыдан 
тұрады. Онда бұған дейінгі деректерде қамтылмаған Қазақ 
хандығының ертедегі тарихы баяндалады. Қазақ тарихына байланы-
сты материал шайбанидтер мен аштарханидтер туралы жазылған 
тарауда қамтылған. Қыпшақханның еңбегінде тың деректер көп 
кездеседі. «Тарих-и Қыпшақидағы» Дешті Қыпшақтың тарихы 
Әбілқайыр ханның билігін баяндау тұсынан басталады. Сондай-ақ, 
Мұхаммед Шайбани хан мен Махмұд-бахадүр өмірінен мәліметтер 
берілген. Барақ хан мен Абдаллах хан тұсындағы қазақтардың шай-
банидтермен қарым-қатынасы жайлы қысқа деректер баяндалған. 
Қазақтардың Захир ад-Дин Мұхаммед Бабырдың ұрпақтарына 
қарсы соғысқа қатысқаны туралы егжей-тегжей айтылады. Соған 
қарағанда, шығарма авторы беймәлім дереккөздерді пайдаланған. 
Сол кездегі билеушілер Әбілқайыр хан, Мұхаммед Шайбани хан, Ке-
рей мен Жәнібек хандар, Абдолла хан замандары туралы тың тарихи 
деректер ғылыми айналымға қосылары сөзсіз. Шетелдік мұрағаттар 
мен қорларда сақталған деректер қазақ тарихындағы ақтаңдақтарды 
жоюға, ұлттық тарихымызға деген келеңсіз көзқарастарды дұрыстауға 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет