М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет143/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
Бостандық келіп жеткені [21, 25 б.] – деп «тәуелсіз ел» екенін бар-
ша дүниеге жар салады. Шемен болып қатып қалған үнінің шеші-
луіне бұл еркіндік өз әсерін тигізіп, бойына қуат бергендей сезіледі. 
«Ежелгі түркі дастандарының ту етіп көтерген негізгі идеясы – 
елдің тәуелсіздігі үшін жан аямай күреске шығу, өзінің ел-жұртын 
сыртқы жаудан сақтап қалу, халық үшін қанды айқасқа шыққан 
батырлардың ерлік істерін мадақтау, бұқара халықты үндеу», [10,
16 б.] – дейді ежелгі-жыр аңыздарды зерттеген ғалым Н. Келімбетов. 
Мұндай идея ХV–ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясын да ат-
тап өтпеді. Онда жаңа қалыптасып келе жатқан мемлекеттің іргесін 
нығайту, сыртқы жаулардан қорғау тақырыптары кеңінен қамтыл-
ған. Бұл кезеңде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларында 
өмір шындығын тереңнен толғайды. «Бұрынғы дәуірлерде туған 
әдебиет үлгілері – біздің халқымыз ғасырлар бойы жасаған мәдени 
мұраның ажырамас бөлігі... Сонымен бірге халықтың өз тіршілігіне 
көзқарасын, арман-мұңын да бізге әдебиет шығармалары жеткізеді. 
Әр дәуірдің көркем туындысы халықтың сөз өнерінің өз кезіне тән 
ерекшеліктерін, ізденістерін танытады», [22] – деп С. Қирабаев 
айтқандай, осынау әдеби туындылар халықтың арман-тілектерінен, 
қуаныш-қайғыларынан, ұлт басынан кешірген тарихи жағдайлардан 
хабар береді. Демек жыраулар поэзиясының басты тақырыбы – 
жеке мемлекет болып қалыптасып келе жатқан елдің бірлігі мен 
тұтастығын қалыптастыру, жауынгерлік рухты ояту. Бұл идеяны іске 
асыру барысында хандармен қатар жыраулардың да тарихта алар 
орны ерекше. 
Ел басқарған Жәнібек хан, Тәуекел хан, Би Темір, Есім хан, 
Абылай хандармен қатар жүрген, оларға ақыл-кеңес беріп, жауға 
қарсы қол бастаған жыраулар өз мүддесін қарапайым халықтың 
тағдырынан жоғары қояды. Сөз болып отырған дәуірдегі жыраулар 
тек хандардың жанында ақылшы болып, айналасындағы оқиғаларды 
сырттай бақылап, алаңсыз сарайда өмір сүрген жоқ. Олар елінің, 
жерінің амандығы үшін қауіп төнген сәттерде ұрыстарға қатысқан, сол 
жорықтарда батырлық көрсеткен жауынгерлер де бола білді. Мыса-
лы, Қазтуған, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа жыраулар − жыраулық 
өнерді батырлықпен ұштастырған үлкен тұлғалар. Әсіресе, До-
спамбет жыраудың толғауларында майдан алаңындағы айқас, оның 
нәтижесі сол қалпында шынайы бейнеленген. «Кірмембес ауыр 
қолға бас болып» деген жолдар жыраудың соғысқа қатысып, бас-
шы болғанын айғақтайды. Сонымен қатар жаралы жанның қайғы-
қасіретін әсерлі сипаттаған жолдар кездеседі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет