М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет169/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін
ӘЖҚБ 12семинар, Дәріс ДМжС педагогикасы
Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
тән, ол – табиғат пен адамдардың құрған қарым-қатынасында ашық, 
табиғи болады және өз болмысын мәдениеттен үйренген айламен 
жасыра алмайды және бұл дүниетаным қазақ қоғамының бірлігін 
нығайтады. Ұзақ уақыт бойы ол қоғамды ұйытып, табиғаттың қиын 
маусымдарына шыдас беруге, ыстығы мен суығын жеңуге, тіршіліктің 
кепілі – малды сақтап, көшпенді өмірдің қиын жағдайында тіршілік 
етудің негізі ретіндегі қоғамдық қатынастардың ұжымдық форма-
сын құқықтың, адамгершіліктің және қарым-қатынастың дәстүрлі 
түрлерімен ұштастырып, қолдануға мүмкіндік берген.
Патшалық самодержавиенің қоғамдық санаға бюрократтық 
енгізу тетіктерін зорлықпен қолданып, қазақ Даласында дәстүрлі 
дүниетанымды әлсіретіп, оның орнын исламмен алмастыру-
ына озық ойлы ғалымның қарсы болуы заңды еді. Ресейлік 
самодержавиелік билік қазақ Даласын уысында ұстау үшін 
идеологиялық ықпал мен басқарудың жаңа түрін ислам діні 
арқылы енгізе бастады және ислам діні кездейсоқ таңдалды, 
өйткені оны халық әлі таңдауға дайын болмаған жерлерде енгізді. 
Бұл таңдауды Ш.Ш. Уәлиханов түсінбеген.
Қазақ дүниетанымының төзімділігі мен балғын балалық аң-
қаулығын пайдаланып, діннің өзге түрін де енгізуге болатын еді, 
мұны М.М. Сперанскийдің өзі де атап өтеді. Бірақ таңдау исламға 
түсті, бәлкім, қазақ ағартушысының пікірінше, ресейлік бодандықты 
алып, Ресей империясының бір бөлігіне пұтқа табынушы немесе 
жікшілдікке бейім халықтың өтуі «сыпайылыққа» жатпас еді, ал 
қазақтың ішіне христиандықты енгізу сол кезде саяси ағаттық болар 
еді [6, 99–100 бб.]. 
Ш.Ш. Уәлихановтың ислам жөніндегі сыни пікірлері тым қатаң 
еді. Кімнің тарапынан шықса да – татар молдаларынан ба немесе 
орта азиялық миссионерлерден бе, бәрібір, ол надандыққа жаны қас 
еді және ол надандықтың кез келген түріне қарсы шығатын, ол қай 
жерде енгізілсе де, – көшпелі мектептегі балалар арасында ма (ау-
дармасыз және түсіндірусіз таяқ пен жаттау арқылы оқытатын), сот 
ісінде ме, басқаруда ісінде ме, бәрібір. Ш.Ш. Уәлиханов барымта мен 
ұрлықты жоюмен және Далада құқықтық реттеу жүйесін орнату-
мен айналысып жатқан ресейлік әкімшілікті қазақ ауылының білім 
беру жүйесін ислам діндарларының қолына беріп қойғаны үшін 
қатты сынады. Ал ол, негізінен, надан татар молдалардың қолында 
еді. Тәжірибелік және экспериментальды ғылымды дамытудың 
нәтижесінде алынған білімді емес, соқыр нанымдарды бекітетін 
исламның қасаң қағидаларын басшылыққа алған олар, поэзияны, та-
рих пен философияны жоққа шығарып, қазақ халқының зиятты және 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет