М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет25/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
23 
ол ағымдағы және алдағы тарихтың оқиғалар тасқынындағы қазақ 
халқының алар орнын ұғыну міндетін қойды.
Ол қызметін ақын болып бастағаннан кейін, ең аддымен 
халықтың бүкіл рухани дүниесінің негізі болған қазақтың көркем-
дік әлеміне түбегейлі реформа жасады. Бірақ, көркем сөз қазақтың 
сана-сезімінде қаншалықты ерекше орын алғанымен, оның өзіндік 
ұстынды шекаралары бар екенін түсінгендіктен ол өзінің ақындық 
шеңберінен аттап шықты.
Абай өз халқының ойшылы болды. Дүние жүзінің мәдениетін-
дегі қазақ халқының орнын, адамзат халықтарының ішіндегі оның 
болашағын ойлай, оны жатпай-тұрмай қинала іздестіріп келіп, 
Абай қазақ қауымының өз заманы ұсынған талаптардан кейін қалуы-
ның бірқатар іргелі себептерін ашты.
Өз шығармашылығында ол Шығыс пен Батыстың ойшылдарына 
қатар жүгінді. Осы тұста оның өз заманында қалыптасқан шынайы 
тарихты қан-шалықты кең ауқымда көре білетіндігі танылды.
Осынау «қайғы ойлап қажыған» кемеңгердің жан жылуы бүкіл 
халқын қамтыды. Сондықтан қазақтар Жер бетінде өмір сүрген ке-
зінде осынау ұлы адамның шарапатын үнемі сезініп өтетін болады.
Жалпы алғанда, қазақ мәдениеті Шығыс өркениетінің бір 
нұсқасы, қолтума бұтағына жата тұрып, Ресей империясының 
мәдени-өркениет шеңберіне енгеніне қарамастан, өзінің түпкі тамы-
рымен тұтастығын жоймағанын ескеру керек.
Күйші Құрманғазы мен Дәулеткерей, әнші Біржан, халық 
ақыны Сара өз шығармаларында халық рухының нақ осындай 
түбегейлі бастауын бейнеледі. Қазақстандағы халық-ағарту ісінің 
тұңғыш абызы Ыбырай Алтынсарин де халық рухының өзге бір 
саладағы дәл осындай жарқын көрінісі болды. Бұлардан басқа, 
дәл солардай жарқын, бірақ дәл солардай танымал болмаған, 
өз тағдырлары арқылы қазақ халқының рухын бейнелеген 
ондаған, жүздеген дарындар өздерінің зерттеушілерін күтіп жа-
тыр. Күндердің күнінде қазақтың тұтастығын нығайту жөніндегі 
олардың еңбегі де халықтың қалың топтарына жететін болады» [1, 
280–284 бб.].
Қазақтар ұзақ уақыт бойы Ресей билігінің отарында болып, 
нәтижесінде, көшпенділердің тұрмыстық өміріне еуропалық (ба-
тыстық) өмір сүру үлгісінің стандарттары енді. Егерде Л.И. Рейс-
нер мен Н.А. Симонийдің модернизациялық теориясына сүйенетін 
болсақ, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басы мен ортасындағы 
қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси өзгерістердің жетістігі дәстүрлі 
құндылықтардың заманауи құндылықтармен сәтті үйлесуінде бо-


24


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет