М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет28/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
қатар, қазақ қоғамындағы биліктің ерекшелігі билік уәкілеттілерін 
тағайындап немесе сайлап қана қоймай, олар қоғамның мойында-
уы арқылы билікке тағайындалып отырды, яғни билеуші атағы ең 
жоғары атақ болып саналды. 
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы адам құқы мен оның еркін қорғау 
тәжірибесінің болғандығын, әр адамның өз пікірін еркін білдіруге 
деген құқығы қазақ халқының әдеттегі құқығы болғандығы дәлел-
дейді. «Дат» құқығын көбіне жазаға кесілгендер пайдаланды және 
қазақ халқында билік өкілдеріне өздерінің келіспеушіліктері мен 
қарсылықтарын білдірген көптеген мысалдар бар.
Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде дәстүрлі қазақ қоғамындағы 
адам құқығы мен еркін қорғау институты ретінде болған би-
лер сотының демократияшыл болғандығы айқын сипатталған. 
Біріншіден, егер шағымданушы немесе жауапкер бидің істі жүргіз-
уіне, әділдігіне күмән келтірсе, өзге сотты таңдауына құқығы болды. 
Екіншіден, екі жақ та соттың әділсіз шешімдерін қайта қарастырып, 
шағымдануына деген құқықтары шексіз болды. Үшіншіден, егер 
де айыпталушыға қарсы айғақтары жеткіліксіз болғанда, билер 
алқабилер ретінде айыпталушылардың абыройға ие адал туыс-
тары ішінен таңдап отырды. Алқабилердің саны айыпталушыға 
тағылған кінәнің деңгейіне қарай болды. Төртіншіден, билер соты 
бүкіл халық алдында ауызша түрде өтіп, кейде айыпталушының 
қорғаушыларының да болуына жол берді. Бесіншіден, олардың 
халық алдындағы абыройлары өте жоғары болды, тіпті тәртіп ша-
раларын қажет етпеді. Басқаша айтқанда, құқықтық дәстүр мен 
құқықтық мәдениетті реттеу рөлінің жоғары болғандығы сонша, 
қоғам сот билігін өзі-ақ орындап, оған мемлекетті араластырмады. 
Дәстүрлі қазақ философиясы және мәдениеті қазақ халқының 
дүниеге деген қатынасы, әсіресе, оның қоршаған табиғатына және 
өзіне деген қатынасы ретінде қалыптасты. Дәстүрлі қоғамдар та-
рихи алғашқы болып табылады. Мұндай қоғамдар өздерін дәс-
түр негізінде қалыптастырып, дәстүрлі тәжірибе арқылы қызмет 
етеді. Олар заманауи қоғамнан бірнеше айырмашылықтарымен 
ерекшеленеді. Олардың арасында: әлеуметтік өмірді қалыптасты-
руда діни немесе мифологиялық түсініктерге тәуелді болады; даму 
кезеңділігі; қоғамның ұжымдық сипаты және ерекше белгіленген
дараланғандықтың болмауы.
Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті мен саяси мәдениетімен ай-
налысатын көптеген зерттеушілер оның субстанционалды негізі 
ретінде адам мен әлем бірлігі, жер әлемі мен ғарыш әлемінің 
ортақтығы идеясын білдіретін дүниеге деген қатынасын ерек-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет