М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің



Pdf көрінісі
бет51/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

1 Қазақ халқының рухани әлемін зерттеудің 
теориялық-әдіснамалық негіздері
49 
рихы қазақ қоғамына өзін-өзі басқаруға, жасампаздық-мәдени 
шығармашылыққа және гуманистік құндылықтарды игеруге қа-
білетті екенін аңғарта алады. 
Ойшыл, ең алдымен, көп қиыншылықтарға төтеп берген халқы 
туралы біртұтас бейнеден бастау ала отырып, рухани дамудың 
жоғары талаптарына сәйкес келетін өмір сүруін қалады. Абай 
адамның сана, білім мен ізгіліктік қасиеттер арқасында ғана жасампаз 
бола алатынын ұйғарды. Тек шығармашылық үдеріс қана адамның 
еркіндігінмен байланысты болып келеді және оның әлеуметтегі ру-
хани дамуын қамтамасыз ете алады. Одан бөлек, ғылымға, сенім мен 
өмірге деген адалдық адамның рухани өсімі үшін өте маңызды еді. 
Қазақ ағартушыларының шығармашылық мұрасын талдау нә-
тижесі көрсеткендей, ойшылдардың көтерген мәселесі өте терең, 
ал олардың айтқан ойлары бүгінгі күні де жоғары бағаланып 
отырғаны белгілі. Олар өз уақыттарынан озып туғаны анық, себебі 
көптеген жылдар бұрын өздері айқындаған мәселелер қазіргі таңда 
өз шешімдерін табу жолында. Қазақ ағартушылығының өкілдері 
өздерінің шығармаларында адамзат өмірін жекелеген деректерін 
тұтастай алғандағы өмірдің философиялық мәселесі деңгейіне дейін 
көтере білді. 
Қазақ ағартушылары, жаңа заманның қазағы мен қазақ қоғамы 
ағартушылықтан мүлдем алыс, ал олардың өмірін адамға лайықты 
деп айту қиын екендігін айтады. Ортағасырлық дүниетаныммен 
жүргізілген күрес кезеңіндегі еуропалық ағартушылықтың рөлі 
сияқты, қазақ ағартушылығының да рөлі жоғары болды. Қазақ 
ағартушылығы ойлары әлемге, дәстүрлі қоғамдағы адамның рөлі, 
қазақтардың дәстүрлі өмір сүру салтына қатысты ескі, қатыңқы 
көзқарасты әшкереледі және білімді, белсенді жаңа адамның бей-
несін насихаттады. Қазақ ағартушылығы жаңа экономикалық және 
саяси жағдайлар аясында адам мен қоғамның дамуына кедергі 
келтіретін әлем мен адамға деген ескі, дәурені өткен көзқарастарға 
қарсы күресті. 
Еркіндік, адам өміріндегі ағартушылықтың рөлі, адамгершілік 
мәселесі қашан да қазақ ағартушылығы өкілдерінің ойын толғады. 
Олар жаңа идеяларды ұсынды, жаңа құндылықтарды насихатта-
ды және өмірлік жолды айқындап берді. Қазақ ағартушыларының 
шығармашылығыдағы адам тұжырымдамасы, тұлғаның мақсаты 
мен мұраты жайлы жаңа түсініктері сол кезеңдегі қазақ қоғамының 
әлеуметтік талаптарын көрсетіп берді. Олар өздерінің еңбектерінде 
адамгершіліктің, білімнің, еңбектің байлық пен биліктен үстемдігін 
айшықтап отырды.


50


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет