М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет50/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
ұрпақтарымен шыңдалған ежелгі шығармашылық шеберлік
эпостық шығармалардан көрініс табатын халықтың ғасырлық 
тәжірибесі, тарихи дәлелдер эпосты ақындық формада айтылған 
және халықтың болмысын білдіретін ауызша тарих ретінде атауға 
мүмкіндік береді. 
Абайдың идеялық ізденістері күрделі және қарама-қайшы 
әлем мен оның терең көріністерін тануға бағытталған. Ойшыл өзі 
тұрып жатқан кезеңнің ішкі мәнін, оның рухани және қоғамдық 
бағдарын түсінуге тырысты. Өзінің эпостық ой-толғауларында Абай 
өз заманындағы қоғамның философиялық ізденістеріндегі басты 
үрдістерін көрсетіп, адамның рухани әлемінің барлық байлықтарын, 
оның рухани ізденістері, үміттері мен қайғыларын аша білді. 
Абай қазақ халқын жоғары рухани, ізгілікті, көзі ашық, еңбек-
қор халық ретінде көргісі келіп, әрдайым «Не істеу керек?», «Ха-
лықты қараңғы, кедей өмірден қалай шығаруға болады?», «Оларды 
ерінбей, қол қусырып отырған жағдайынан қалай айнытуға бо-
лады?» «Оларды еңбектенуге қалай үйретсе болады?», «Қалайша 
бәсекеге қабілетті бола аламыз?» деген сұрақтарды әрдайым қойып 
отырды. Біздің ойымызша, Абайдың өз замандастарына арналған 
осы сұрақтары тарихи дамуымыздың қазіргі кезеңінде де өзекті 
және қажетті болып келеді. 
Ақын қазақ мемлекеттілігінің демократиялық дәстүрлерін, би-
лердің соттық тәжірибесін жоғары бағалап, Дала халықтарының 
игілігі үшін оларды жаңғыртудың әдістерін іздеді. Абайдың ойын-
ша, би Есім хан қалдырған «ескі жолдар» мен Қасым хан қалаған 
«қасқа жолды», сонымен қатар Тәуке ханның «Жеті жарғысын» есте 
сақтауы тиіс. Халық тек беделді адамдарды сайлап, сайлау үрдісі 
саяси алдап-арбауға айналмау керек деп ойлады. Бұлай болмаған 
жағдайда адамдардың арасынан қадір-құрмет пен сыйластық ке-
теді. Кез-келген саяси құрылым халықтың рухани өмірінде өмір-
лік-конструктивті негіздерге иеленуі тиіс, әйтпесе, ол ұзақ өмір 
сүрмейді. Абайдың бұл сұрақтарға қатысты пікірлері халықтың та-
рихи жадысының мәнін, этностық сана-сезімді қалыптастыруда ру-
хани мұраның мәнін түсінуге мүмкіндік береді. 
Қазақ ағартушысы халықтың өзін-өзі басқарып, иегере алаты-
нына кәміл сенді. Ол өзінің «Қара сөздерінде» қазақ халқының ру-
хани талпыныстарының сипатын да бекер қозғамаған. Ойшылдың 
қазақ даласының әлеуметтік өмірінің жеке сұрақтарына деген 
конструктивті-сыншыл көзқарасы оның өз халқының келешегі бар 
қоғамдық құндылықтарды қалыптастыру мүмкіндіктеріне қатысты 
пессимистік түйін жасауға негіз болып табылмайды. Ұлттың та-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет