М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент


Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі



Pdf көрінісі
бет98/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

3 Әлемнің рухани-адамгершілік тәжірибесі: 
қазақ хандығы кезеңінің қалыптасуы (X
V
–X
VIII
 ғғ.)
95 
мәңгілікке ұмытылып қала береді, бейболмысқа аттанады. Олай 
болса, түркілік ауызша мәдениеттің барлық үлгілері халықтың 
талғам сүзгісінен іріктеліп-сұрыпталып шыққан озық дүниелер деп 
тұжырымдауымызға әбден болады. 
Сондықтан да, «ұялатындай», қажетсіз дүниелерді жасырып 
әлек болып отырмаймыз, ондайлар өздігінен-ақ із-түссіз жоғалып 
кетеді. Мысалы, қазіргі таңда фольклордағы анайы болып саналатын 
сөздер (к...) алынып тасталған. Қазіргі таңда, осындай іріктеушіліктің 
жоқтығының салдарынан, қоғамға аса қажетті емес, тіпті, кейде 
мүлде қажетсіз, кей сәттерде кері әсер ететін дүниелер әлдеқандай 
жолдармен баспадан басылып шығуда немесе интернет беттерінде 
жарық көруді.
- ауызша мәдениет өзінің авторларын шынайы өнер иелері 
мен талант ретінде тәрбиелейді. Бұл әсіресе, өзінің төл туындысы: 
күй шығарудағы, жырын айтудағы, айтыс өнеріндегі, мақалдап 
тастаудағы, билердің билік айтуындағы т. б. суырып салмалықтан 
(импровизатор) анық көрініс табады. Мысалы, жыршы, өзінің 
толғауын, қағазға жазып, оны қайта-қайта түзетіп отыруға еш 
мүмкіндігі жоқ, туындыны аяқ астынан, сол сәтте туғызуы тиіс және 
ол мінсіз болып шығуы қажет. Немесе, «Ақсақ Құлан» күйінің шығу 
тарихына [2, 31–33 бб.]
 
қайта үңілсек, шығарма өмір мен өлімнің 
арасындағы мезетте, терең мағыналы болып шығуы тиіс болған.
- ауызша мәдениет өміршең және мәңгі, ол адамзатпен бірге 
жасаса алады. Егер де жазба дүниелер жоғалып кететін болса, ол 
халық жадысында толық нұсқалы күйінде сақталмаса, онда бұл 
мұралар мәңгілікке ұмыт болады деген сөз. Мысалы, тарихтағы Оты-
рар кітапханасының өртенуі қаншама рухани мұраларды із-түзсіз 
жоғалтып жіберді. Онымен қатарлас, сәл кейіндеу пайда болған 
«Ақсақ құлан» күйі бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Демек, мынадай 
модель жасасақ, егер де, қазіргі компьютерлік құрылғыларға зиян 
келетіндей, ақпараттары тұтас жоғалатындай, ортақ желіге зиян 
келсе, немесе, хакерлер жалпы тұтас желіні қайта қалпына келме-
стей қылып бұзатындай вирус ойлап тапса, онда адамзат өркениеті 
қаншалықты дағдарысқа ұшырайтындығын елестетудің өзі үлкен 
қайғы. Себебі, ондағы ақпараттар адами жадыда сақталмаған, жал-
пылай айтқанда, қазіргі өркениет мұралары ауызша мәдениет емес. 
- ауызша мәдениетте орындаушылардың, яғни, өнер иелерінің 
беделі мен туындыларының құндылығы артады. Мысалы, күйшінің, 
әншінің өзі орындаған күйін, әнін басқа ешбір жан дәл сол қалпында 
орындап бере алмайды, сондықтан, бір ауылға талантты күйші, әнші 
келсе, оны жергілікті бұқара халық құрмет тұтып, оның туындыла-


96


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет