М. З. Изотов философия ғылымдарының докторы, доцент



Pdf көрінісі
бет115/471
Дата08.02.2022
өлшемі3,01 Mb.
#117721
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   471
Байланысты:
Қазақтардың рухани әлемі әл-Фарабиден Абайға дейін

Қазақтардың рухани әлемі: 
әл-Фарабиден Абайға дейін
мәселелермен шұғылданайын» деген сияқты шешім қабылдау оған 
жат, тіпті олай істеуге құқы да жоқ сияқты болып көрінеді. Оны 
тарихтағы «қарт Бөгенбай», «қарт Қабанбай» деген тіркестерден 
анық көруге болады. 
Сонымен қатар, өзіне тағайындалған батырлық рухты қандай 
жағдай болса да тастамауға тиісті. Мысалы, тарихи деректерге 
жүгінсек, жауынгерлік өмір салтының мағынасын терең түйсінген 
Райымбек батыр Жоңғарлармен 33 жыл бойы соғысып, 77 рет жара-
ланып, 17 рет жекпе-жекке шығып, оның бәрінде де жеңіске жеткен 
екен [15, 103 б.].
Халықтың тағдыры мен хауіпсіздігін қамтамасыз ету жауап-
кершілігін өзінің мойнына ерікті түрде жүктеген, өзінің қайталан-
бас тұлғалық даралығын игі мақсаттарға жұмсаған, намысшылдық-
тың, қайсарлықтың, ептіліктің, ақылдылықтың, төзімділіктің, 
жігерліліктің озық үлгісін әйгілеген және дәлелдеген, алып қуат 
пен күш тасқынының кемеліне келудің шегін көрсеткен, жеңіс пен 
жеңіліс сәтінде тек қана жеңіс монизмін аңсаған, қажет кезінде ата-
баба аруағынан сусындаған қастерлі тұлға болып табылатын батыр 
рухы, сондықтан да, кейінгі халқының тарихи жадысында мәңгілік 
сақталады да, ол батырлар жыры мен дастандар арқылы рухани 
құндылыққа өтеді. 
Шынтуайтқа келгенде, онтологиялық тұрғыдан алғанда, нақ-
тырақ болу мен болмау тұрғысынан таразылағанда, біз, өткен бол-
сын, бүгінгі болсын әрбір жеке адамға қатысты мынадай үлгі ала ала-
мыз: «Егер бір замандарда (қай заман екендігі бұл жерде шартты) 
сол бір немесе басқа бір батырларымыз болмағанда, бүгінгі күнгі 
жеке Меннің, яғни, Өзімнің бар болуым мен болмауым да екітілай 
еді». 
Олай болса, мынадай нақты алгоритм құрамыз: «бүгінгі біздің 
әрқайсымыздың бар болуымыздың, өмір сүріп отыруымыздың түп-
алғышарты, сол батырларымыздың ерлігі болған болуы ықтимал». 
Міне, сондықтан да, батырлар туралы толғаныстар мен дастандар 
тек қана жай оқып-білуіміз қажет, уақыт өткізетін әдеби дастан-
дар емес, оларға деген шексіз құрмет пен этностың өміршеңдігінің, 
бүгінгі күнге дейінгі сабақтастығының түпмәні екендігін терең 
эмоционалдық күйде түсінудің негізі деп тұжырымдай аламыз.
ІV. 
Жырау.
Қазақ қоғамындағы рухани-өнегелік үлгілер мен 
ұлттық рухтың жаршыларына айналған әлеуметтік мәртебелі 
тұлғалардың бірі – жыраулар мен ақын-жыраулар болатын. Осы 
тұста, біз, жыраудың толғауларының мазмұны, идеялары, ойтолғам 
үрдістері мен тәсілдері және қоғамдық өмірдегі көпқызметтілігін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   471




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет