Пайдаланылатын әдебиеттер: 1.Маретбаева М.Әңгімелеу мәтіні : Монография. - Қарағанды : "Болашақ-Баспа", 2013. - 165 б. ;
(ҚР Білім және ғылым мин-гі; Қарағанды "Болашақ" университеті)
2.Әдебиет теориясы: Антология [Мәтін] = Literary theory: An Anthology : Оқулық. 4-ші том / Дж. Ривкин мен М.Райанның ред.; Ауд.: Ә.Шәріп. - 3-ші басылым. - Астана : "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019. - 452 б. ; ("Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" жобасы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы)https://openu.kz/ru/book/adebiet-teoriyasy-antologiya-4-tom
Білімді бекіту, меңгерту сұрақтары: Шығарманың тақырыбы мен идеясы.
Көркем шығарма ұғымы және мектепте көркем шығарманы оқытудың маңызы.
Көркем шығарманы талдаудың кеңінен қолданылып жүрген түрлері. 4. Прозалық шығарманың сюжеттік желісі қалай анықталады?
Дәріс-13.Әдебиеттік оқу пәнінің мақсат-міндеттері мен базалық мазмұны
13.1. Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері.
13.2. Бастауыш сыныптарда әдебиеттік оқу пәнінің мақсат-міндеттері.
Мақсаты: Бастауыш сыныптың «Әдебиеттік оқу» пәнінің базалық мазмұныментаныстыру, оқу сабақтарының мақсат-міндеттерін талдау, оқушылардың әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында игертілуі тиіс білім, білік, дағдылармен және тілдік дағдылармен таныстыру, оған қойылатын талаптарды ұғындыру.
1. Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері. Оқу бағдарламалары мен оқу жоспарлары белгілі бір пән және сынып аясында оқушылардың нені оқып, нені үйрену қажет екендігін айқындау үшін қолданылады.
Оқу бағдарламасы – бұл пәннің құрылымдастырылған сипаттамасын, сондай-ақ пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық тәсілдер туралы мәлімет ұсынатын құжат.
Оқу бағдарламасының түсінік хатында оқу пәнін оқытудың мақсаты, бағдарламаның құрылымы, оқу материалының жүйесі, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларының ерекшеліктері көрсетіледі, сыныптағы және сыныптан тыс оқыту жұмыстарының басқа пәндермен байланыстылығы анықталады.