Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қапасова, Б.Қ. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2014.- 224 б
2. Өмірбаева К.О. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі. Педагогика институты
студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, - 2016, 131 б.
3. Зейнулина, А.Ф. Сөз табиғаты: Оқулық / А.Ф. Зейнулина, Т.Қ. Қасенова.- Алматы: "Отан" баспасы, 2015.- 339 б.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқу бағдарламасымен танысыңыз. Бағдарлама бойынша әр сыныпоқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар қандай?
2. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Әдебиеттік оқу» пәнінің базалық мазмұнын талдаңыз.
3. «Біз осы пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» ұстанымы туралы әңгімелеңіз.
4.Әдебиеттік оқу пәнінде оқушылардың тілдік әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырмалар ретін атаңыз.
Дәріс-15. Әдебиеттік оқу пәнінің мақсат-міндеттері мен базалық мазмұны
15.1.Әдебиеттік оқу пәнінің базалық мазмұны.
15.2. Әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркем шығармалар арқылы оқушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен байытуды, көркем туындылардағы айтылған ойларға пікірін білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетіне баға беруді, мәтін бойынша өздігінен сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бақылауды, өзін-өзі бағалауды, шығармадағы негізгі ойды өз бетінше тұжырымдауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды; сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды, көркем шығармаларды басқа өнер түрлерімен салыстыруды, көркем шығармалардың элементтерін ажыратуды қамтиды.
Әдебиеттік оқу пәні материалдарын сұрыптауда монографиялық ұстаным басшылыққа алынады. Бұл ұстанымның талабы бойынша Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың, Ш.Құдайбердиевтің, С.Көбеевтің, С.Торайғыровтың, С.Дөнентаевтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, С.Сейфуллиннің, І.Жансүгіровтің, Б.Майлиннің, М.Әуезовтің т.б. классик ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармалары әр сыныпта қайталанып отырады. Оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай олардың әр түрлі жанрда, әр түрлі тақырыпта жазған шығармаларын оқуға мүмкіндік алады.
Бастауыш білім беру деңгейінде оқытудың қолжетерлігі ұстанымы, оқушылардың қызығушылығын ескеру ұстанымы, көрнекілік ұстанымы т.б. дидактиканың жалпы ұстанымдарының талаптары сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |