Коммуникативті оқыту ұстанымы:тілдік дағдыларды дамыту.
Әдебиеттік оқу пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы, «Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);
ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;
берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.
Әдебиеттік оқу пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
шығарманың тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;
Оқушыларды еркін қарым-қатынас жасауға, өз көзқарасын білдіруге, ойын жеткізіп айтуға дағдыландыру тіл сабақтарындағы сөйлеу әрекетінің «Айтылым» түрі негізінде қалыптасады. Бастауыш сыныптарда сөйлеудің коммуникативтік қызметіне, яғни қарым-қатынас тілін дамытуға (монолог және диалог) көп көңіл бөлінеді.
Монологтік сөйлеу – сөйлеу әрекетінің кең тараған түрі. Монологте белгілі бір тақырыпты баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделеді. Монологте сөйлеушінің ойы, пікірі, көңіл күйі, психологиялық ішкі толғанысы көрініс табады.
Диалогтік сөйлеу – екі адамның арасындағы сөйлеу әрекеті. Диалогте сөйлеу мен тыңдау әрекеттері қатар жүреді. Диалогте оқиға мен болмыс нақты тақырыпқа құрылып, әрбір сөйлем мен сөз алғашқы айтылған ойды ұштастырады.
Сөйлеу әрекетінің «Айтылым» түрі бойынша қалыптастырушы және жиынтық бағалау аясында төмендегі критерийлер мен дескрипторларды қолдана отырып, өткізу ұсынылады.