Тақырып – жазушының өмірде болған бір оқиғаны шығармаға негіздеп, арқау етіп алуы.
Арнау – бір адамға, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына қайырыла арнап сөйлеуі.
Қайталау – белгілі бір өмір құбылысына не бір нәрсеге оқушылардың назарын аудару үшін ақын жазушылар бір сөзді не сөйлемді әдейі қайталап сөзге немесе сөйлемге ерекше түс бере айтуы.
Инверсия – сөйлемдегі сөздерге ерекше орын ауыстырып, түр беру.
Оқушыға күштірек әсер ету үшін қолданылатын әдіс.
Кейіпкер портреті – адамдардың сырт бейне - бітімін, кескін - келбетін, жүріс - тұрысын, пішінін, жүзін, қимылын сөзбен суреттеп беру.
Тізбекті байланыс - сөйлеуде ойдың бір сөйлемнен екінші бір сөйлемге үздіксіз қозғалысы нәтижесінде алдыңғы сөйлемде екпін түскен сөздің келесі сөйлемде кайталанып, өрістетілуі арқылы жүзеге асуы.
Кульминация – (лат. сөзі – шарықтау шегі) шығармадағы кейіпкер әрекетінің шиыршық атып, оқиғалар жинақталып, ең жоғары биікке жеткен жері.
Композиция – шығармадағы суреттелген оқиғалар, эпизодтар, көріністердің бір-бірімен байланысып қиюласып тұруы.
Лирика – шығармада ақынның нәзік сезімін, көңіл күйін, қайғы қасіретін, қуаныш сүйінішін суреттейтін поэзия түрі.
Неологизм– (гр. жаңа сөздер) тілімізде жаңа пайда болған сөздер.
Новелла – повестен көлемі шағын, қатысушы кейіпкерлері де аз, (3-4 адамнан) белгілі бір оқиғаны суреттейтін шығарма.
Образ - өмір шындығының көркем шығармадағы, өнердегі жинақталған әдеби кейіп бейнесі.
Поэма – шығармада жеке дара көрнекті образдары бар, сюжетті, оқиғалы, ұзақ көлемді өлең.
Пролог – (гр. бастама) жазушының сол шығарма туралы кіріспе түсінік бастамасы. Шығармада не айтылатыны туралы бастауы.
Ойталқы (ор. рассуждение) - композициялық-сөйлеу формасының бірі, мәтін түрі. Ол ой-пікірдің, бір мәселетөңірегіндегікөзқарастың динамикалық түрде өрістетіле дамуын бейнелейді.
Субститут (орынбасар) - бір сөздің де, сөйлемнің де, не сөйлемдер тізбегінің де орнына қолданылып, зат, мекен, мезгіл, т.б. атаулардың мағынасында қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |