М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І


Имплицитті- мазмұнның кейбір бөліктерінің формалды тілдік құралдарсыз берілуі. Композициялық-сөйлеу формалары



бет65/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

Имплицитті- мазмұнның кейбір бөліктерінің формалды тілдік құралдарсыз берілуі.
Композициялық-сөйлеу формалары (композиционно-речевые формы) - екі жақты құрылым, біріншіден, ойлаудың бір түрі, яғни ойлау әрекетін жүзеге асырады, екіншіден, сөйлеу әрекетінің бір түрі, яғни катысым түріне жатады. Композициялық-сөйлеу формалары - әңгімелеу, суреттеу (сипаттау), ойталқы (пайымдау).
Контекст (лат. сontexus – бірігу, байланыс) - мәнге ие болу арқылы тілдің барлық деңгейіне тән бірліктердің мағынасы, мазмұны жүзеге асатын орта.
Көлемдік-прагматикалық мүшелену - бөліктердің көлемін, оқырманның назар аударуын ескере отырып мәтінді бөлшектеу: том, кітап, бөлім, тарау, тарауша (араб сандарымен көрсетіледі), бөлектеу (бірнеше жол қалдырылып барып жазылады), абзац, күрделі фразалык тұтасым.
Көркем мәтін - сыртқы ортамен қарым-қатынас жасаудың, оны танып білудің эстетикалық құралы. Оның өзге стильдегі мәтіндерден өзгешелігі - қарым-қатынастың көркем тілдік құралдардың молынан қолданылуы арқылы жүзеге асуы.
Күрделі фразалық тұтасым - бір тақырыпқа негізделіп, мағыналық тұтастыққа бірігетін дербес сөйлемдердің тізбегі.
Мәтін (текст) - латынша textus - байланысу, қосылу, тұтасып кету.
Басты қасиеті тұтасым және байласым болып саналатын мағыналық байланыстармен біріккен таңба бірліктерінің тізбегі.
Мәтін лингвистикасы (лат. textum – байланыс, бірігу) – мәтінді құрылымдық және мағыналық тұрғыдан қарастыру, мәтінді зерттеудің әдістәсілдерін, негізгі категорияларын (белгілерін), мәтін бірліктерін, мәтін типтерін, олардың ерекшеліктерін, т.б. сипаттайтын тіл білімінің саласы.
Мәтіннің тұлға бірлігі - бірнеше сөйлемдерден тұратын тұтасым, күрделі синтаксистік тұтастық, синтаксистік күрделі бірлік, күрделі фразалық тұтасым, прозалық шумақ, фразадан үстем тұтастық т.б.
Монолог (ежелгі грекше - μόνος — бір және λόγος — сөйлеу) - бір адамның сөйлеуі немесе бір адамның ойы.
Мүшелену– мәтін белгілерінің бірі әрі қатысымның жүзеге асуының бірден-бір шарты. Мәтіннің мүшеленуінің түрлері: 1) көлемдік-прагматикалық; 2) контекстік-вариативтік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет