Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз



бет2/3
Дата18.05.2023
өлшемі41,32 Kb.
#177068
1   2   3
Байланысты:
мақала ережесі

МАҚАЛАНЫ ЖАЗУ ТАЛАПТАРЫ
Мақала көлемі – 40000 мен 60000 баспа белгісі арасында (бос орынды есептегенде). Интервал - 1 аралық, 12 шрифтпен жазылады. А4 форматта.
· Сол жағы 3 см, оң жағы – 1 см., төменгі және жоғары жағы – 2 см.
· Негізгі мәтін Word редакторында теріледі.
· Негізгі мәтіннің шрифтісі – Times New Roman. Мәтін 12 шрифтпен жазылады, интервал - 1 аралық. Стиль біркелкі болу үшін шрифтік бөлуді қолданбаңыз (курсив, сызу, т.б.). Азат жол – 1 см.
Әдебиет деректеріне жақша қойылады (Иванов, 1908: 12). Библиографиялық тізім 12 кегльмен мақаланың соңында алфавиттік тәртіппен, нөмірленбей беріледі.
Графиктер, суреттер және фотолар мәтінге жазылған жеріне қойылады.
Суреттің астына атауы жазылады (12 кегль, кәдімгі):
- иллюстрация астына, ортасына Сурет сөзінен кейін, реттік нөмірмен (12 кг, кәдімгі);
- кесте астына, оң жағына Кесте сөзінен кейін реттік нөмірмен (12 кг, кәдімгі). Мәтінде бір ғана сурет болса, нөмірленбейді.
Авторлар туралы мәлімет, мақала аты үш тілде беріледі. Бірлескен авторлар рет санымен номерленеді.
Мысалы: Ахметова Ж.Е.1, Султанова Д.А.2
1 Тарих ғылымдарының кандидаты, профессор. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Қазақстан, Алматы. E-mail: ahmetova08@gmail.com
2 Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент. Абай атындағы ҚазҰПУ. Қазақстан, Алматы. E-mail: sultanova@mail.ru
ЕСКЕРТУ! Үш тілде мәлімет осы үлгіде беріледі. Кафедра жазылмайды.
МАҚАЛА ҚҰРЫЛЫМЫ:
ҒТАХР және ӘОЖ шифры қойылу керек.
Мақала аты
Автордың аты-жөні, ғылыми атағы, ғылыми лауазымы, қызметі, ұйымның аты, өала, мемлекет, электронды почта.
Мақаланың аңдатпасы (800 баспа белгісіне дейін, бос орынды есептегенде) және кілт сөздер (10 сөзге дейін) (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде).
Мақала кіріспе, әдістеме, негізгі бөлім, қорытынды бөлімдерден тұру керек, соңында әдебиеттер тізімі жазылады.
Әдебиеттер номерленбей, алфавитпен беріледі. Қазақ, орыс, т.б. тілдердегі әдебиеттер латын қаріпіне ауыстырылып, тік жақша ішіне әдебиеттің ағылшын тіліндегі аудармасы беріледі. – , // деген белгілер қойылмайды. Басылымның шыққан жері толық жазылады. М., Л., А., А-А., СПб. деп қысқартылмайды.
Мысалы: Gokhberg L., Kuznetsova T. (2011) Strategiya-2020: novye kontury rossiiskoi innovatsionnoi politiki [Strategy-2020: New Outlines of Innovation Policy]. Foresight-Russia, vol. 5, no 4, pp. 8–30.
Yadrintsev N.M. (1981) Sibirskie inorodcy, ih byt i sovremennoe polozhenie [Siberian natives, their life and current situation]. Sankt-Peterburg: Ed. I. M. Sibiryakov. 310 p.
Мақала ішінде сілтеменің берілу үлгісі: (Залесский, 1991: 25). Бір автордың бір жылы шыққан екі кітабына сілтеме берілген кезде, жыл соңына «а», «б» деп белгіленеді: (Саду, 2001а: 15), (Саду, 2001б, 22).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет