Мұқағали жүрген сара жол. (әдеби шығармашылық кеш) Мақсаты



Дата01.01.2020
өлшемі29,84 Kb.
#55363
Мұқағали жүрген сара жол. (әдеби шығармашылық кеш)

Мақсаты: М. Мақатаевтің өмірі мен шығармашылық еңбегімен таныстыру.

Міндеттері:

Білімділік.Қазақ жырының қара бурасы атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.

Дамытушылық: Ақиық ақынның жырларымен таныстырып,оқушылардың поэзия туралы түсініктерін, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Оқушыларды өздігінен іздену арқылы деректермен жұмыс істеуге баулу



Тәрбиелік: оқушыларды поэзияны сүйе отырып, сұлулық пен махаббатты тануға, адамгершілік мен мейрімділік қасиеттерін,өнерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Мұқағалидың портреті, слайд,бейне баян,сабақтың эпиграфы.

Сабақтың әдісі: Ізденіс, сайыс.

Барысы:

Қайырлы күн қадірменді жыр сүйер қауым! 

Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларына арналған «Мұқағали жүрген сара жол» атты әдеби шығармашылық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
І. Оқушылар Мұқағалидың әндері тақырыбы бойынша 3 топқа бөлінген.

1-топ. «Жыл құстары»

2 – топ. «Сарыжайлау»

3 – топ. «Атамекен»

ІІ. Сайыс бөлімдерімен таныстыру:

1 бөлім «Поэзия – жүрек тілі» (өлеңдерін мәнерлеп оқу)

2 бөлім«Құлақтан кіріп бойды алар», (әндерін орындау) 

3 бөлім «Ұшқыр ой,жылдам жауап» (сұрақтарға жауап беру)

4-бөлім Жазылар естеліктер сіз туралы (ақын жайлы естеліктер)

Эпиграф:

Таудай едің, таудың алып тумасы

Нағыз қазақ едің сөздің турасы

Қыр басында нағып шөгіп жатырсың,

Ей, өлеңнің буырқанған бурасы.

(Жәркен Бөдешұлы)



Өмірбаяны.Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, Нарынкөл ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті..

1962 – 1972 жылдарда «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында бөлім меңгерушісі болып еңбек етті.

1972 – 1973 жылдары Қазақстан жазушылар одағында әдеби кеңесші қызметін атқарды.

1948 — 49 жылы филология факултетінде оқыған. Маркс атындағы кеңшарда ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды.

1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды.Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.

1948 жылы тұңғыш өлеңі Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды.

1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» ,

Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр.

Ақын өлеңдеріне 100 –ден астам әндер жазылды. Бұл әндер бүгінде барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне

айналды. Ол әндері «Есіме мен алғайсың» , «Күрең күз», «Сәби болғым келеді», «Құттықтаймын мама, туған күніңмен», «Тоқта балам! (атаң келеді артыңда)», «Саржайлау», «Фаризаға», «Дариға, домбыраңды бері маған», «Бала ғашық», «Жарығым-ай» ,«Көнеміз де» ,«Құмған алған» тағы басқа әндері бар.


1-бөлім бойынша Мұқағали Мақатаевтың өз дауысымен жазылған поэзиясын слайд арқылы көрсету.

1 бөлім «Поэзия – жүрек тілі» (өлеңдерін мәнерлеп оқу)

1-оқушы.

Қайран қара сазым –ай!
Тамаша еді жазғы орман
Құстар сайрап мәз болған
Көлшіктерде, суларда,
Үйрек ұшып, қаз қонған. 

Шыбын-шіркей қаға ма, 


Шоршып судан ақ шабақ?!
Таз тырна отыр жағада, 
Сыңар аяқ, ақ қабақ.

Елік ертіп лағын, 


Еңкейеді суатқа. 
Елеңдетіп құлағын, 
Тыншымайды бірақта. 

Көкқұтаңдар көлбеңдеп, 


Көтеріле алмайды.
Жалғыз-жалғыз ербеңдеп, 
Көк қояндар заулайды. 

Мұздай суын атқылап


Ақ бастаулар қайнаған. 
Тана торпақ шапқылап,
Оқыралап, ойнаған.

...Тамаша еді жазғы орман:


Тамашалап мәз болған, 
Қайран Қарасазым-ай!
Үйрек ұшып, қаз қонған!...

2- оқушы.
Қалқам, 
Мен
Лермонтов, Пушкинде емен, 
Есенеймін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі – құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген.

Жат жерді жастанғанда жазатайым, 


Қанымен жазды мүмкін ағатайым. 
...Қасиетіңнен, қара өлең айналайын, 
Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.

Түзу – түзу жыртылған аңыздайын


Аңызыма неге нәр тамызбайын.
Қара өлеңі қазақтың қаза болса, 
Қара көзден неге қан ағызбайын. 

Ақынмын деп мен қалай айта аламын


Халқымның өзі айтқанын қайталадым.


Күпі киген қазақтың қара өлеңін 
Шекпен жауып өзіне қайтарамын. 



3-оқушы:
Фариза 
Фариза,
Фаризажан, Фаризақыз
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз, 
Бірімізден-біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.

Сен мені білесің бе, білесің бе?


Жаралмаған жан екем күресуге. 
Жылай жүріп, өтірік күлесің де
Жүресің де қоясың, жүресің де. 
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып, 
Тастағысы келеді күресінге
Фаризажан сен соны білесің бе?

Жанарымды тұманмен тұмшаладым, 


Серіппесі үзіліп тұр садағым. 
Жігітінен қазақтың дос таба алмай
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын 
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым, 
Арсында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып аяқ басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.

Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,


Аттап өттіполардың қия белін
Енді міні қауқарсыз құр ашуды
Жия бергім келеді, жия бергім. 
Маңдайымнан сыйпаған бір жан болса, 
Енді қалған өмірді қияр едім. 

Білмеймін бұзықпын ба жындымын ба?!


Кеп тұрады тілегім мұңды мұңға. 
Енді қалған өмірдің құрдымында 
Өлтірсе де көнбеймін жырды құмға! 
Нөл болды деп айтам жалтармаймын,
Көбейтсеңде қаншама мыңды мыңға ...

Айналаға қарайтын анық барлап,


(Түн кеткесін күн шығып, жарық болмақ.)
Бағыштайық бәрінде халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фаризақыз
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та, 
Подвалдағы архивтен табылармыз..



4-оқушы:
Не сыйлайды, не береді келер күн?!.
Неде болса тірі тұрсам көрермін.
Желідегі құлынымын мен елдің, 
Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын, несін берсін ел маған?!


Тұрсақ екен елімде аман мен де аман.
Таулар менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым – ұланғайыр кең далам. 

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты 


Оларды іздеп өткізбеймін уақытты.
Мен бақытсыз бола қойман сірә да, 
Туған елім болса екен бақытты.



5-оқушы.
Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,
Арулардың ашпай кеткен сырларын 
Қорқытыңның қорқынышты мұң – зарын,
Қобызыңның шанағынан тыңдадым.

Құлазыған сенің құла түздерің, 


Не білмеген не көрмеген ізгі елім
Жазылмаған тарихымның жолдарын,
Ауызекі аңызыңнан іздедім



Сыр ашпайды сенің құла түздерің, 
Сыр ашпайды тау тастағы іздерің
Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,
Домбывраңның пернесінен іздедім.

Іздедім де сәттеріңде түңілген,


Тастап кеткен аңызыңа жүгінгем
Жүгінгем де, қайта туғам, тірілгем
Тарихыңды жазудамын бүгін мен,
Бабаларым сенің Ана тіліңмен
!
6-оқушы.
Жаңарып кетті, жасарып кетті жан-жағым,
Көрдіде мына көрікті жердің жандарын.
Көтеріп тұрған ырыстың мына тауларын,
Армаңдаршы, аруағым менің, арманым.

Құтты мекенге қанатын көктен жайған күн,


Осынау жерге кіндігіммен байландым
Байырғықазақ, бастарыңа кеп бақ қонғын. 
Мерекелеріңнен, берекелеріңнен айналдым!

Қарттарын сыйлап, жастарын баулвп түлеткен,


Қаласын сүйген, даласын сүйген жүрекпен.
Айналдым сенен, аяулы мекен, дарқан ел!
Туған елінің тасына дағы гул еккен 



2 бөлім«Құлақтан кіріп бойды алар», (әндерін орындау) 

1-топ. Әлиакбар Ұлдана «Сағындырған Саржайлау»

2-топ. Жасұланқызы Айдана «Бақыт деген»

3-топ. Әлиакбар Үміт «Есіңе мені алғайсың»


3 бөлім «Ұшқыр ой,жылдам жауап» (сұрақтарға жауап беру)

  1. Мұқағали нешінші жылы дүниеге келді?

  2. Мұқағалидің туған жері?

  3. Нешінші жылы орыс тілінен сабақ берді?

  4. Мұқағали қандай тілдерді білді?

  5. . Неше жасында жетім қалды?

  6. Анасының аты?

  7. Мұқағали Мақатаевтің поэмалары.

  8. Мұқағали Мақатаевтің сөзіне жазылған «Ана! Сен бақыттысың» өлеңін қандай топ орындайды?

  9. 1962-1972 жылдары қандай басылымдарда меңгеруші болып қызмет атқарды?

  10. Жалғыз –жалғыз ербеңдеп,

Көк қояндар заулайды. Қай өлеңінен алынған?

  1. Мұқағалидин қанша өлеңі, неше поэмасы, неше кітабы бар?

  2. Мұқағалидің тұңғыш өлеңі қай жылы, қандай газетте басылып шықты?


4-бөлім Жазылар естеліктер сіз туралы (ақын жайлы естеліктер айтады)
Олай болса, жас ұрпақтың «Мұқағали» есіміне арнаған лебізіне берейік.

М–Мұқағалидың

Ұ–ұрпаққа

Қ–қалдырған

А–аманатын

Ғ–ғасырлар

А–арнасына

Л–лайық деп

И–иіліп , бас иеміз. –барлығы бірге.

Рахмет!
Өзбек биі: Шаку Индира.



Әдеби кешті қорытындылау. Марапаттау.
Мұғалім. «Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған,

Сен айт менің ойымды, айта алмаған» - деп болашақ ұрпаққа жол сілтеген

Мақатаев жырлары, бүгінгі сабағымызда оқушыларға  шабыт беріп, өз бойларындағы таланттарын шыңдауына арқау болады деген сенімдемін.

IV. Бекіту: (Тесттік тапсырма).

1. Мұқағали нешінші жылы дүниеге келді?


А) 1932ж.

Ә) 1931ж.

Б) 1986ж.
2. Мұқағалидің туған жері?
А) Жамбыл обл.

Ә) Нарынқол ауданы

Б) Тараз
3. Мына өлеңді кім жазды? «Менің анкетам»
А) С.Мұқанов

Ә) М.Дулатов

Б) М. Мақатаев
4. Нешінші жылы орыс тілінен сабақ берді?
А) 1932ж.

Ә) 1950ж.

Б) 1952ж.
5. Мұқағали балаларға нелер жазды?
А) әнгімелер

Ә) романдар

Б) өлеңдер
6. Мына өлең жолын кімге арнады?

Әке, сенің жасынан асып барам,

Кезі-кезі келгенде тасып та алам.

Кезі-кезі келгенде жасып қалам,

Мына өмірге, бәрібір ғашық балан.
А) Анасына

Ә) Ағасына

Б) Әкесіне
7. Әкесі нешінші жылы соғысқа кетті?
А) 1940ж.

Ә) 1941ж.

Б) 1942ж.
8. Мұқағали қандай тілдерді білді?
А) Орыс, Неміс, Қазақ

Ә) Ағылшын, Неміс, Орыс

Б) Орыс, Парсы, Түрік
9. Неше жасында жетім қалды?
А) 9

Ә) 10


Б) 12
10. Анасының аты?
А) Күлпаш

Ә) Нағиман

Б) Гауһар
11. Мұқағалидің қай қызы 10 жасында қайтты.
А) Алмагүл

Ә) Майгүл

Б) Шолпан

12. Мұқағали Мақатаевтің әжесінің аты кім?


А) Нағиман

Ә) Лашын


Б) Фариза
13.Анасының аты кім?
А) Нағиман

Ә) Лашын


Б) Фариза
14.Мұқағали Мақатаевтің поэмасын тап
А) «Аңыз адам»

Ә) «Бақытсыз Жамал»

Б) «Аққулар ұйқтағанда»
15. Мұқағали Мақатаевтің сөзіне жазылған «Ана! Сен бақыттысың» өлеңін қандай топ орындайды?
А) «МУЗарт» тобы

Ә) «Меломен» тобы

Б) «Ринго» тобы
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,

Ер ақын,ерен ақын,ерекше ақын

Айтып өткен ақында арман бар ма?

Мұқағали өлеңдерін айта берсем бір күнде тауысу мүмкін емес.Мұқағали жырларын оқымайтын адам кемде-кем.

Уақыт өткен сайын Мұқағали ақынның тұлғасы дараланып,биіктеп бара жатқаны көрінеді...Оның поэзиясы-ұлттық байлық,қазақ халқының рухани сауаты.

М.Мақатаев көзі тірісінде көз майын тауысып,өмірінің ақырғы күндеріне дейін қадалып отырып жазған мейірімді жылуларын көре алмай кетті.Тағдырының тауқыметін басынан кешірген ақиық ақын.



V. Үйге тапсырма

Мұқағали Мақатаев өмірбаянын оқып «Мұқағали-ақиық ақын» тақырыбында шағын эссе жазып келу.



VI.Бағалау.Белсенді қатысқан оқушыларды, бағалаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет