Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы


жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Шолпан» жинағынан



бет13/16
Дата11.04.2022
өлшемі56,27 Kb.
#138885
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Ақиық АҚЫН Мұқағали

1984 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Шолпан» жинағынан
Мұқағали шығармаларының ішіндегі шоқтығы биіктерінің бірі — «Өмір сүрейік алмасып» [1; 245,246] атты ғұмыр дастаны. Бұл өлеңінде ақын жаны табиғатпен астасады:
Жапырақ — жүрек, жас қайың!
Жанымды айырбастайын.
Сен адам бола бастасаң.
Мен қайың бола бастайын,
Келісесің бе, жас қайың?
(Көрінер, үмкін, кімге ерсі)
Өміріңді маған бір берші!
Тілің жоқ, жанды қайың сен,
Айырмашылығым — Адаммын.
Мұқағали өмір сүрген уақыт ішкі қайшылықтары дендеген, адамдық қасиет Алланың атымен емес, адамдардың ара қатынасымен өлшеніп, бағаланар алмағайып дəуір еді. Сондықтан ақын басқаша, жаңаша өмір сүруді аңсады. Ол өзінің айтпақ ойларын табиғатпен тілдесе отырып жеткізді.
Ақын айтып отырған «дүрбелең дүние» жаңалық емес, дүние дүние болғалы жалғасып, өсіп- өніп, дамып, жетіліп келе жатқан дүрбелең. Əлсізді əлді соғар, ақылдыны ақымақ басқарар, арлыны арсыз аяққа таптар зауалды шақтардың бəріне куə, бəріне себепкер адам біткен сол дүрбелеңді өзгертер не тындырды? Алған асуы, шыққан белесінің биігіне қуану мен арандаған апаны, қырына алған қырсығына күйінуден өзге бөтен не істеді?
Құлап жатып сүрінгенге күлетін сұмырайлар, жалаңбұт отырып жыртыққа күлетін жыртықайлар əулетін бағып-қағып, басынан сипап, өсіріп отырғандар да адамдар емес пе? Осынау ежелгі шындықты ақын қайың көзімен көрсем деп армандайды [6].Өз өмірінің қиыншылықтары мен соққыларынан түңілген Мұқағали жараны жырмен жазды.
Ақын жыр соңында:
Жапырақ — жүрек жас қайың!
Жанымызды айырбастайық?
Адам боп жүрсең қасқайып,
Қайың боп тұрам қасқайып, — дейді.
Қысқаша айтқанда, бұл өлең адам жаны мен табиғаттың байланыстылығынан туып отыр.
Кемеңгер ақын өзінің жанын табиғаттың тамаша көркі жас қайың жанымен ұштастырғандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет