Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы


«Мен өмірді жырлау үшін келгемін...» Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай



бет5/16
Дата11.04.2022
өлшемі56,27 Kb.
#138885
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ақиық АҚЫН Мұқағали

«Мен өмірді жырлау үшін келгемін...» Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай
Көркем шығарма шебері
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев — қазақтың əйгілі ақыны. Ол қазақ поэзия əлеміне шетсіз- шексіз кеңістік пен көз сүрінген биіктік əкелген ақын. Құдіретті қарапайымдылықпен «күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып, өзіне қайтарған» ақын. Кəусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұнған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағыныш сыйлаған ақын.
Бүгін менің туған күнім.
Ой, бəле-ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?!
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тəңірдің бір жарытпай-ақ қойғаны-ай, — деген («Арыз жазып кетейін» [1; 123,124]) мəрт мінезді, өр кеуделі, от жүректі ақын 1931 жылы ақпан айының 9-ы күні, Алматы облысы Нарынқол ауданының Қарасаз деген жерінде дүниеге келген. Жалғыз ұлы Сүлейменнен көрген алғашқы немересін əжесі Тиын бауырына салып, тəрбиелеп өсірген. Əкесі Сүйлемен ешкімнің ала жібін аттамаған момын кісі екен. Мінезімен ел-жұртына ұнап, шаруашылық басқарыпты. Ұлы Отан соғысы басталғанда, майданға аттанып, хабарсыз кетеді.
Мұқағалидың ақын болуына əжесі Тиын мен шешесі Нағиманың ықпалы тисе керек. Ақынның өзі айтуынша, екеуі де қазақтың ауыз əдебиетін — айтыс, дастан, аңыз-ертегіні көп білген көрінеді.
Мұқағали ауыл мектебін бітіргеннен кейін өмір қосын ерте тартады, ерте үйленіп, он тоғыз жасында əке болады [2].
Балалық бал дəурені соғыс жылдарының ауырлық-тауқыметімен тұспа-тұс келген жас жеткіншек еңбекке ерте араласып, жеті жылдық мектептің мұғалімі болады. Содан Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962–1963), «Мəдениет жəне тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963–1965), «Жұлдыз» (1965–1972) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972–1973) қызмет атқарады [3].
Жас ақынның алғашқы өлеңдері 1949 жылы аудандық газетте, 1951–1954 жылдары «Əдебиет жəне искусство» журналында жарияланды. Мұқағали араға он шақты жыл салып, В.И.Ленин өмірінен «Аппассионато» атты үлкен поэмамен 1962 жылы поэзия əлеміне қайта оралды. «Ильич» деп аталатын поэмалар жинағы — тұңғыш кітабы 1964 жылы жарық көрді.
Содан кейін Мұқағали мерзімді баспасөзде жиі көрініп, «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Мавр» (1970), «Дариға-жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет