Маған қазақтың маңдайына біткен батыр, жазушы Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасу бұйырыпты. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты 400 беттік кітабы мені Бауыржан атамызбен аралас-құралас етті



Дата11.05.2022
өлшемі16,72 Kb.
#142483
Байланысты:
Ақиқат пен аңыз


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің филология факультетінің 1- курс студенті Молдахан Еркежанның Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» шығармасына пікірі
Тарихты ақтарып отырып ұлы тұлғалар туралы білгенде сол кезде өмір сүрсем ғой дейсің, болмаса Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин сияқты Алаштың қалқып алар қаймақтары осыь жоғарғы оқу орнында дәріс жүргізген десе бір рет болсын сол тұлғаның аузынан сабағын естісем деп арман қыласың. Үнемі осы ой басымнан шықпайтын, бірақ Фредерик Бегбедердің «Кітап- енді ешқашан сөйлесе алмайтын тұлғалармен сұхбаттасудың тәсілі»,- деген сөзі көңіліме жұбаныш болды.
Маған қазақтың маңдайына біткен батыр, жазушы Бауыржан Момышұлымен сұхбаттасу бұйырыпты. Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты 400 беттік кітабы мені Бауыржан атамызбен аралас-құралас етті. «Ұшқан ұя» мен «Шуақты күндер» арқылы таныс болған Бауыржан Момышұлы бұл жолы да жаңа қырымен маған үлгі болды.
Кітаптың жазылу стилі де ерекше: диалог-роман. «Ұшқан ұядан» кейінгі Бауыржан атамызды орыс оқуын бастағаннан кейін жоғалтып алып едім, көп ұзамай қайта табыстым. Иә, кітап Бауыржан Момышұлының соғысқа дейінгі өмірінен басталып, қарт Бауыржанға дейін жазылған. Әрбір оқиғадан бүгіннің терминінде қолданылып жүрген «инсайдты» ала аласың. Соның бірнешеуін тізбектей өткенді жөн көрдім.
Ештеңе мәңгілік емес. Бұл өзді көп жерден естігігенімізбен кейде осы қарапайым нәрсені есімізден шығарамыз. Бұл ойдың тууына Бауыржан атамыздың әрең отырып тұруы, етсіз қалған саусақтары, ауыру басқан денесі себеп болды. Дәл осы ойды Әзілхан Нұршайықов «Өмір деген осы екен-ау. Бір кезде қанша биікте отырсаң да, қартайған соң жерге құлайды екенсің ғой»,-деп бір ауыз сөзбен жеткізді.
Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі дегеннің тағы бір дәлелі -Бауыржан Момышұлы. Соғыста жүріп 207 рет ұрыс даласына кіріп, 5 рет қоршауда қалып, екі рет ауыр жарақат алса да ажалдың найзасына ілінбеуі осының айғағы. Бұған дейін Ақтамберді жырау да қаншама қанды қырғынға қатыссам да төсекке таңылып өлгенім жанға батты деген. Кітапты оқып отырып Ұлы Отан соғысы кезіндегі батырлардың туған ел, туған жер үшін жанын беруге дайын болуы қазақ халқына біткен ержүректік қасиетінің дәнегі деп ойлаймын.
Бауыржан атамыз бір сөзінде «Заман- теңіз. Теңіздің түбінде шабақ та жүреді, шортан да жүзеді»,- дейді. Бұл сөздің мағынасын бір жағынан алып қарағанда ұсақ істің де, ірі істің де адамдары бар десек, екінші жағынан мен шабақты мейірімді адамдар, шортанды қатігездеу жандар ма деп ойлаймын. Екеуі үнемі қатар жүреді. Сірә, шортан болмаса шабақтың құны білінбей қалады дей ма екен? Кім білсін... Бұның кітапқа қандай қатысы бар десеңіз айтайын. Жақсы адамдар үнемі бар, сенің жолыңда олар көп көмегін тигізеді. Жетістікке өзім ғана жеттім деу астамшылық болар. Сол сияқты Бауыржанға Бауыржан болу үшін көмектескен қаншама жақсы адамдар: комондирлері, бастығы, адал досы, қарамағындағы солдаты бар. Олардың әрқайсы Бауыржанға үйрете отырып қол ұшын созған. Мысалы : Дүйсенғали Бурабаев ресми іс-қағаздар жайын, Николай Редин алғашқы әскердегі ұстазы ретінде әскери машықтарды, Панфилов адал әрі ақылды командир болуды үйреткен. Сол секілді біздің өмірімізде де көптеген жақсы адамдар кездеседі, олар бар. Біз де басқа жан үшін қайтарымсыз жақсылық жасауға асығайық.
Бүгінде адамдар арасында өте көп мәселелер бар. Үлкенді сыйламау, ата-анаға қарсы шығу, ажырасу, біреудің еңбегін бағаламау, жалқаулық, міне, осылардың қай-қайсы болмасын намыссыздықтан шығады. Намысы, ар-ұяты жоқ адам үшін бәрі маңызсыз. Намыстың не екенінде ұғына алмайтын жандар бар. Бауыржан атамыздың мына бір сөзі дәл осындайларға арналғандай: «Намыс-азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған бала да ғана намыс болады. Оларды ұялтпайын, сүйегіне таңба түсірмейін, өлсем өлейін, бірақ ата-анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын дейді».
Қазақ салтында кең тараған батаның құндылығына тағы бір көзім жетті. Ата-ананың, үлкеннің разылығынсыз қия баспаған халқымыз үшін ақ тілеулі батаның орны ерекше екен. Бауыржан атамыз да қайбір жұмысқа тұрса да, әскери қызметтерге шақырылса да, жолға шықпай тұрып қара шаңырақтағы әкесіне барып бата алған. Бұдан алар тәлім- қай істе болмасын үлкендермен кеңесіп, олардың ақ тілегін алсақ ісіміз де оңға баспақ.
Меніңше, көпшілік ер азаматтар Бауыржан атамыздан үлгі алу керек. Иә, батырлық пен көрегендігі бір бөлек-ау. Мен бұл жолы оны емес, әйел мәселесі жөніндегі пікіріне назар аудартқым келіп отыр. Әйел адамды бұзады деген сөзді шығарып жүргендерге Бауыржан Момышұлының: «Адамды бұзатын не? Тағы да сол атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп әйелдерді біз-еркектер бұзамыз»,-дегенін айтқым келеді. Әйелді ғана кінәлі ететін біздің қоғамда еркектерде өздеріне жауапкершілік артса дұрыс болар еді.
Жоғарыда жазылғандар менің түйген ойларым. Ендігі өз пікірімді білдірсем деймін. Иә, біреу маған Бауыржан Момышұлының істегенін істей алмай жатып не демексің деуі мүмкін. Бірақ, өткенге баға берер ұрпақ біз емеспіз бе? Меніңше, Бауыржан атамызда, жалпы сол дәуірдің шығармалары мен адамдарында Кеңес өкіметін жақсы көру шектен тыс тәрізді немесе біздің дәуірдің адамдарды Қазақстанымызды КСРО-ны жақсы көргендей дәрежеге жете алмаудамыз. Бауыржан атамыздан байқағаным, орыс халқын, билігін қатты жоғары қойған, қазақты қазақ еткен орыс ұлты, біз оларға қарыздармыз дейді. Сірә, бұл ой біздің халыққа істелген қиянатты көрмегеннен болар. Халықтың жаманы жоқ, жаман адамдар бар. Бірақ, бізге ашаршылық, репрессия, дін мен ділден, тілден айыру сынды нәубеттерін сыйлағандарға қарыздар болу қаншалықты лайықты? Кім кімге қарыздар? Жоқ, бұл ешқандай ұлтараздығы емес. Тек аға буын жақсы көрген Кеңес дәуірі оған қаншалықты лайық демекпін.
Ал, жастарға «біз неге бейбітшілік пен демократияның қадірін білмейміз, неге Отанымызды жақсы көре алмаймыз», деген сауал тастағым келеді. Ол кезде авторитарлы тәртіппен жақсы көргізді деуің мүмкін. Сонда, бізге қарапайым тәуелсіздіз Қазақстан, туған жерімізді жақсы көру үшін үркітіп-қорқыту керек па? Мүмкін, бізді сол ғасырдағы адамдар тәрбиелегендіктен бізде де тек бұйрық арқылы айтқанды орындау системасы бар шығар. Кітапты оқып отырып осы мәселе ойымнан шықпады. Жеңіс сыйлаған Отанға деген сүйіспенщілікті жастардың, жалпы қазақстандықтардың бойында қалай қалыптастырса болады? Бұл сұрақ елге жаны ашыған әрбір азаматты ойландыру керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет